Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер

Алгебра: 8 сынып

Мақсаты:

  1. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу, толықтыру.
  2. Оқушылардың танымдық ізденістерін логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндіқ жасау.
  3. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, дәлдікке, шапшандыққа және өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау-толықтыру.

Әдісі: Қайталау, деңгейлеп саралап оқыту.

Көрнекілігі: Карточкалар, интерактивті тақта, слайд.

Квадрат теңдеулер

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.

II. Біліктілік бөлімі

«Ой қозғау»

Тарау бойынша теориялық сұрақтар.

  • Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды?
  • Толымсыз квадрат теңдеудің анықтамасы.
  • Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
  • Квадрат теңдеудің канша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
  • Квадрат теңдеуінің түбірлерінің формуласы.
  • Виет теоремасы қалай айтылады?

Ауызша жаттығу. Слайд

  1. х2+2х+2=0
  2. 11х2 — 49=0
  3. 2х –х2=0.
  4. 5+3х+х2=0
  5. 3х2=0
  6. х-6+2х2=0
  • Мына теңдеулердің ішінен келтірілген квадрат теңдеуді ата.
  • 2-ші коэффициенті 2-ге тең болатын теңдеуді ата.
  • Толымсыз квадрат теңдеуді ата.
  • 6-ші теңдеуді келтірілген квадрат теңдеуге келтір.
III. Қызығушылықты ояту
  • 2 топқа да карточка таратылады.
  • Жеке оқушымен жұмыс (нашар оқушылар).

Слайд

Теңдеуді ах2+вх+с=0 теңдеуіне келтіріп, а, в, с-ның мәндерін анықтаңдар:

  • 1-топ. (х+4)2-6х2=х(х-7)
  • 2-топ. 25-(2х+3)2=х(4-5х)

X-тің қандай мәндерінде 2х2+4х-1 және 2-3х-4х2 көпмүшелерінің мәндері тең болады?

(13+25х-х2 және 4х2+2х+3)

Теңдеудің түбірлері х1 және х2 болатын квадрат теңдеуді қүрыңдар:

  • 1-топ. Х1=-7х2=2,5
  • 2- топ. Х1=-8х2=1,3.
IV. Біліміңді сынап көр

Деңгейлік тапсырмалар. Слайд

I-деңгей

Теңдеуді шешіңдер:

  • 1-топ. х-7/х =6
  • 2-топ. х-3= 18/х.

II-деңгей

Жаңа айнымалы еңгізу әдісін қолданып, теңдеуді шешіңдер:

  • 1-топ.(2х-7)2 – 11(2х -7) + 30 =0
  • 2- топ. (6х+1)2+2(6х+1)-24 =0

III-деңгей

п-нің қандай мәндерінде

  • 1-топ. х2+пх+6=0
  • 2-топ. х2+пх+11=0

теңдеуінің бір ғана түбірі болады?

V. Шығармашылық жұмыс

Топ басшыларымен жұмыс.
Квадрат теңдеудің шешудің кейбір тиімді қасиеттері.

  1. Квадрат теңдеудің коэффициентінің қасиеттері
  2. Коэффициенттердің қасиеттерін 3-ші, 4-ші дәрежелі теңдеуге қолдану тәсілі
  3. «Асыра лақтыру әдісі»
  4. Тарихи мағлұматтар.
VI. Қортындылау

Тапсырма тақтада тұрады, «Асtiv ben» (қалам) арқылы теңдеулерге белгі қояды.

Түбірлерінің таңбалары

  • а) бірдей;
  • ә)қарама-қарсы болатын теңдеуді көрсет

х2+5х+4=0, 2х2+5х+2=0 бірдей; 5х2-х-4=0 қарама-қарсы.

VII. Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы.

Үйге тапсырма беру.

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бауыржан Бегалиев мектебі
Математика пән мұғалімі
Казиева Танзиля Аққайырқызы

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер

Добавить комментарий