Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуге есептер шығару

Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуге есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуге есептер шығару

Пәні: Алгебра

Сынып: 8 сыныбы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Квадрат теңсіздіктер және бөлшек рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді жетілдіру.
  2. Дамытушылық: Жас ұрпаққа тәрбие беруде жаңа технологияларды пайдалану және білім, білік дағдыларын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды бір – бірін сыйлауға, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: топтық сабақ

Сабақтың типі: практикалық

Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау әдісі, екі жұлдыз бір тілек әдісі

Көрнекілігі: слайдтар, интер.тақта, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, сәйкестендіру кестесі, тірек-сызба, топтастыру әдісі

Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешуге есептер шығару

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлығын тексеру.
Сынып тазалығын тексеру.

Оқушыларды 2 топқа бөлу:

  • І топ «Үшбұрыш»
  • ІІ топ «Квадрат»

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін — өзі тану:

Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез — келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

  • Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
  • Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік ұйымдастырушы шығады
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№305

ІІІ. Өтілген материалды еске түсіру

«Ой қозғау» әдісі арқылы «Бізден — сұрақ, сізден — жауап» 2 топ бір-біріне сұрақтар қояды.

1. Теңсіздік дегеніміз не? Өрнектің сол және оң жағы теңсіздік белгісімен байланысса онда бұндай өрнекті теңсіздік деп атаймыз.

2. Теңсіздік белгілері қалай белгіленеді? >, 0, ax2 +bx+c0 (1;5]
1≤x≤3 (9;+∞)
19 [1;3)
x<9 [1;3]
1≤x3 (2;5]
2≤x≤5 (3;+∞)
28 [2;7)
x0

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Сабақта екі ұнаған сәтті және бір ұсыныс жазады.

IV. Оқушыларды бағалау

Бас бармақ бағалауы арқылы бағаланады.

V. Үйге тапсырма беру

№306 (3,4), №307 (3,4)

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы №109 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұржанова Әлима Жұмабекқызы

Добавить комментарий