Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірдің анықтамасы. Квадрат түбірдің жуық мәні
Сынып: 8
Пән: алгебра
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларды санның квадрат түбірін таба білуге үйрету, жуық
мән ұғымымен таныстыру. - Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру. - Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа материалды меңгеру.
Түрі: лекция
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Жаңа материалды игеруге дайындық
III. Жаңа материалды түсіндіру
Анықтама: Теріс емес а санының квадрат түбірі деп, квадраты а-ға тең в
санын айтады.
Мысалы: 49 санының түбірі 7 және -7. Өйткені 72=49 (-7)2=49
Түбірдің оң мәні арифметикалық квадрат түбір деп аталады.
Анықтама: Квадраты а-ға тең кез келген теріс емес в саны теріс емес а санының арифметикалық квадрат түбірі деп аталады.
Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасынан өрнегінің мағынасы болатын кез келген үшін теңдігі орындалады.
Теңдеуді шешейік.
Енді, квадрат түбірдің жуық мәндерін қарастыру квадрат түбірінің ондық жуықтауларын жазайық. Осы процесті жалғастырып, -нің кез келген дәлдікпен
алынған мәнін табуға болады.
Демек, иррационал саны өзінің кемімен алынған ондық жуықтауынан үлкен, бірақ өзінің артығымен алынған ондық жуықтауынан кіші.
IV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру
Сыныпта: №21, №20, №22, №23,
V. Қорытынды
- Квадрат түбір деген не?
- Арифметикалық квадрат түбір деген не?
- Екеуінің қандай айырмашылығы бар?
VI. Үй жұмысы
№24ж, ереже жаттау