Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері

Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері

Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері.

Мақсаты:

  • Білімділік: Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау керек
  • Дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру. Тақырыпқа сәйкес формулаларды қолдана есептер шығарту арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту, оқушылардың өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту;
  • Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын, өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу;
  • Кәсіби: Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу, кәсіптік бағдар беру, дидактикалық шеберліктерінің артуына ықпал ету, ақпараттық сауаттылығын арттыру;

Типі: Жаңа білімді жинақтау

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру

Оқыту технологиясы: ДОТ, КОТ, АКТ

Оқыту әдістері: проблемалық жағдай туғызу, баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, ой тұжырымдау, рефлексия, тесттік бағалау әдісі.

Қолданылатын көрнекіліктер: Физика пәні бойынша электронды оқулық, интерактив тақта, видеоролик, кесте, оқулықтар, тест, құрал-жабдықтар.

Пайдаланылған әдебиеттері:

  1. Р. Башарұлы, Г. Байжасарова, У. Тоқбергенова «Физика» 10 сынып 2010 ж. Алматы «Мектеп»
  2. А.С. Ждомов «Физика» М Наука 1984ж.
  3. А. Ақаиқарова. А. Дайшыбаева. «Физика есептер мен тест сұрақтары»
  4. Большая энциклопедия эрудита 2004ж.
  5. Рымкевич. Сборник задач по физике 1989 ж.

Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.

Сұрақ -жауап әңгімелесу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы: Идеал газ. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі

  1. Тест тапсырмалары
  2. Кесте толықтыру
  3. Кітаппен немесе дәптермен жұмыс түсіндіру, еске түсіру, талдау.
1) Тест тапсырмалары

1. Универсал газ тұрақтысын көрсет.

  1. R=83,1 Дж/(моль*К);
  2. R=1,38 Дж/(моль*К);
  3. R=8,31*1023 Дж/(моль*К);
  4. R=8,31 Дж/(моль*К);

2. Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделлев – Клапейрон теңдеуі.

  1. p= RT;
  2. pV= RT;
  3. V= RT;
  4. pV= kT;

3. Температура тұрақты болғанда жүретін процесс … деп аталады.

  1. Адиабаталық;
  2. Изобаралық;
  3. Изотермиялық;
  4. Изохоралық.

4. Қысым тұрақты болғанда жүретін процесс … деп аталады.

  1. Адиабаталық;
  2. Изобаралық;
  3. Изотермиялық;
  4. Изохоралық.

5. Көлем тұрақты болғанда жүретін процесс … деп аталады.

  1. Адиабаталық;
  2. Изобаралық;
  3. Изотермиялық;
  4. Изохоралық.

6. Газдардың молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін өрнектейтін формуланы көрсет.

  1. p= ;
  2. ;
  3. p= ;
  4. p= .

7. Газ қысымының молекулалар шоғырына және температураға тәуелділігі.

  1. p=NkT;
  2. p=nRT;
  3. p=nkT;
  4. p=mkT.
2) Кестені толтыр
  1. Изопроцестер атауы
  2. Заңды кім, қашан ашты?
  3. Орындалу шарты
  4. Математикалық өрнегі
  • Изотермиялық
  • Изобаралық
  • Изохоралық

 

  • Бойль-Мариотт
  • Гей-Люссак
  • Шарль

 

  • T=const pv=const
  • p=const = const
  • v=const = const
ІІІ. Жаңа білім беру
Мотивация

Жұмбақ
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (Күн)

Ішкі энергияға байланысты видеоролик
Теориялық білім
  • Термодинамика;
  • Термодинамикалық жүйе;
  • Термодинамикалық процестер;
  • Жылу мен жұмыстың эквиваленттік принципі;
  • Ішкі энергия;
  • Идеал газдың ішкі энергиясы;
  • Жылу алмасу;
  • Жылу мөлшері;
  • Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері;
  • Жылу өткізгіштік;
  • Конвекция;
  • Сәуле шығару.
Эксперименттік жұмыс
  1. Ішкі энергияны демонстрациалап көрсету (штатиф, серіппе, жүк)
  2. Жылуөткізгіштікке демонстрациалық құрал арқылы көрсету (құрал, май шам)
  3. Конвекция демонстрациалап көрсету — (Сосуды сообщающиеся, май шам, калий перманганаті)
  4. Сәуле шығару – слайд арқылы көрсету.
IV. Жаңа білімді жинақтау
Мотивация

Физика — табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.

Күнделікті тұрмыста физика күші қажет-ақ,
Сағаттар да, телефон, пульттің өзі жүрмеуі хақ.
Егер дағы батарейдің оң- терісі ауысса,
Оқу керек физиканы ынта қойып қызыға.

Оқушыларға оқылған өлеңнің батарей сөзінің бүгінгі тақырыпқа сәйкестеп терминдерді жинақтау

  • Ішкі энергия
  • Жылу мөлшері
  • Жылу өткізгіштік
  • Конвекция
  • Сәуле шығару
  • Жылу сыйымдылық
Полиглот

Жинақталған терминдер бойынша «Полиглот» ойынын ойнату

  • Ішкі энергия – Внутренняя энергия – The internal energy
  • Жылу мөлшері – Тепло размеры – Heat sizes
  • Жылу өткізгіштік – Теплопроводность – Thermal conductivity
  • Конвекция – Конвекция — Convection
  • Сәуле шығару – Излучение – Radiation
  • Жылу сыйымдылық – Теплоемкость – Heat capacity
Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді сәйкестендіру
  • t с Уақыт
  • Q Дж Жылу мөлшері
  • V м3 Көлем
  • m кг Масса
  • c Дж/кг0С Меншікті жылу сыйымдылығы
  • U Дж Ішкі энергия
Есептер шығару

(А. П. Рымкевич «Есептер жинағы» №615, 616, 617)

  • №615. 10 моль бір атомды газдың 270С-дегі ішкі энергиясы қандай?
  • №616. Температурасы 200С- ге артқанда 200 г гелийдің ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?
  • №617. Температурасы бірдей болғанда, массалары бірдей аргон мен гелийдің ішкі энергиясынсалыстырыңдар.

Тақтамен, оқулықпен дәптермен жұмыс баяндау, проблемалық жағдай туғызу, ой тұжырымдау, рефлексия

V. Жаңа білімді бекіту
  • Тест тапсырмалар
  • Таратпа қағаздар
  • Ой қорыту
1) Тест сұрақтары

1. Денені құрайтын бөлшектердің өздік әсерлесуінің потенциалдық энергиясының және олардың бейберекет жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысынан тұратын шаманы … деп атайды.

  • a) Сыртқы энергия;
  • b) Меншікті энергия;
  • c) Меншіксіз энергия;
  • d) Ішкі энергия.

2. Дененің ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?

  • a) Механикалық жұмыс істеу және жылу алмасу арқылы;
  • b) Сәулелендіру арқылы;
  • c) Қайнату арқылы;
  • d) Жүйені тұйықтау арқылы.

3. Денеге жылу алмасу жолымен берілетін энергияны …. деп атайды.

  • a) Жылу сыйымдылық;
  • b) Жылу мөлшері;
  • c) Ішкі энергия;
  • d) Жұмыс.

4. Дененің температурасын бір градусқа өзгерту үшін қажетті жылу
мөлшеріне сан жағынан тең шаманы …. деп атайды.

  • a) Жылу сыйымдылық;
  • b) Ішкі энергия;
  • c) Жұмыс;
  • d) Жылу мөлшері.

5. Бірлік массалы біртекті жылу сыйымдылығын ….. деп атайды.

  • a) Жылу мөлшері.
  • b) Ішкі энергия;
  • c) Меншікті жылу сыйымдылық;
  • d) Жұмыс;

6. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын анықтайтын формула

  • a) ΔU=A+Q
  • b) U=RT
  • c)
  • d)

7. Термодинамика ғылымы нені зерттейді?

  • a) Жұмыс атқармай энергияның бір денеден екінші денеге берілу процессі
  • b) Жылу құбылыстарына арналған энергияның сақталу заңы
  • c) Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмейтін жылулық процестер теориясы
  • d) Электр құбылыстарына арналған энергияның сақталу заңы
VI. Білім бағалау

Сабақта белсенділік танытып, есеп, тест сұрақтарына жауап берген оқушыларды бағалау. Тесттік бағалау әдісі.

VII. Үйге тапсырма
  1. §33-34. Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері;
  2. Джеймс Прескотт Джоуль өміріне шығармашылық ізденіс;
  3. В.В. Рымкевич «Есептер жинағы» №620-621

 

Қызылорда қаласы,
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің
Физика пәні оқытушысы Боранбаева Жұлдыз Бекахметқызы

Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері. Жылу мөлшері.

Добавить комментарий