Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Қорқыт ата туралы толық мәлімет беру. Оқушыларды жаңа білім беру талабына сай сусындатуға күш салу. Халқымыздың көне тарихын, өнегелі тағылымын ұғындыру. Көне мұраларымызды құрметтеуге үйрету.
- Дамытушылық. Оқушылардың танымдық қасиетін арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау, ой-өрісін, тілдік қорын дамыту.
- Тәрбиелік. Даналық сөздердің мәнін ұғындыру. Адалдыққа, саналылыққа, парасаттылыққа, өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қорқыт атаның портреті, плакатта жазылған нақыл сөздер, бүктемелер, аңыз-деректер.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақ әдебиеті энциклопедиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, оқулық хрестоматия, суреттер.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: Сахналық көрініс сабағы.
Қорқыт ата кітабы
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй жұмысын тексеру. «Күлтегін жырының ерекшелігі.
- Жаңа тақырып. Қорқыт ата кітабы
Қорқыт атаға қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық кесте) - Сахналық көрініс. «Қам Бура-Бекұлы Бамсы әңгімесінің баяны»
- Теориялық білімнің игерілуі.
- Оқушылардың өз пайымдаулары.
- ВЕНН диаграммасы.
- Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Оқушылардың білімдерін бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.
Сабақтың эпиграфы: «Атадан тағлым алмаған ұл жаман, Анадан өнеге алмаған қыз жаман» (Қорқыт ата кітабынан).
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сұхбат жүргіземін.
Үй жұмысын тексеру
«Күлтегін» жырының ерекшелігі жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Қосымша пысықтау сұрақтары беріледі:
- Ежелгі дәуір әдебиеті жайлы не түсіндің?
- Күлтегін жырлары қай жерден табылған?
- Ежелгі дәуір әдебиетіндегі ғалымдарымыз кімдер екен?
- Ежелгі әдебиетке қатысты қандай тарихи шежіре-дастандарды білесіңдер?
- Күлтегін, Білге қаған, Тонықұқ ескерткіштері жайлы не айтар едіңдер?
Жаңа тақырып. Қорқыт ата кітабы
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіремін.
Кіріспе сөз.
VIII ғасырда туған аңыздар жинағы. Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын, Ватиканда 6 жырдан тұратын қолжазбасы сақталған. Қорқыт ата кітабы – оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. 1986 жылы Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып шықты. Қорқыт ата жайлы зерттеген ғалымдарымыз: Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұланның Мырзатай Жолдасбеков.
Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде атылып өтілді. 1999 жылы «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинағы басылып шықты. Қорқыт ата оғыз елінің батыры, ақылшысы, данасы, жырауы, ақыны, күйшісі, мәңгі өлмейтін өмір іздеушісі.
«Қорқыт» сөзі түркілердің «хұр-кісі», «хыт-құт» сөзінен шыққан. Құт әкелуші кісі деген мағынаны білдіреді.
«Қорқыт ата кітабы» мынадай жырлардан тұрады: «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр»; «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр), «Оғыз қаған жыры» т.б. (Оқушылардың әдебиет дәптерлеріне жаздыру).
Қорқыт атаға қатысты оқиғалар шежіресі
(хронологиялық кесте)
- 1815 — неміс ғалымы Х.Ф. Диц Дрезден кітапханасынан «Қорқыт ата кітабының 12 жырдан тұратын нұсқасын тапты.
- 1868 — Ресей археология экспедиция мүшесі М.Приорев Қорқыт бейітін алғаш рет суретке түсірді.
- 1980 — Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Қорқыт ескерткіш-кешені тұрғызылды.
- 1986 — Ә. Қоңыратбаев пен М. Байұлдаевтың аударуымен «Қорқыт ата кітабы» тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді.
- 1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университеті болып қайта құрылды.
- 2003 жылы – Түркі елдерінің театр фестивалінде ақын Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» атты әпсанасы қойылды. Қорқыт рөлінде: Балтабай Сейітмамытұлы ойнады.
- 2010 — «Қорқыт» атты деректі фильм түсірілді. Режиссері: Берік Барысбеков.
Сахналық көрініс
Жаңа тақырып: «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр». Қысқаша мазмұнын түсіндіру. Тәрбиелік мәніне тоқталу, жырда түркі халықтарының анаға деген құрметі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата-ана мен бала арасындағы парыз баяндалады.
Оқушылардың білімдерін бағалау
Үй тапсырмасын беру
105-108 бет сызба-кестені толтыру.
Исина Гүлдариға Есланбекқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
№1 Қосшы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиеті