Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау
Қазақ тілі: 7 сынып
Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Салыстыру, Сәйкестендіру, Тест, Топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, кесте, сурет, техникалық құралдар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Ән, Бейнелеу өнері
Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын пысықтау
Кіріспе: Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп, білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.
«Біліміңді байқап көр»
- Етістіктің шақтары дегеніміз не?
- Шақтың қандай түрлері бар?
- Осы шақ дегеніміз не?
- Нақ осы шақ қалай жасалады?
- Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
- Ауыспалы өткен шақ пен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?
- Келер шақ деген не?
- Келер шақтың қандай түрі бар?
- Келер шақ қалай жасалады?
- Өткен шақтың қандай түрлері бар?
Тақтамен жұмыс
Мәтінді оқу. Мәтінге ат қою «Партизан достарым» Шақтарды тауып түріне қарай ажырату
- Бардым — жедел өткен шақ
- Бердім — жедел өткен шақ
- Кетеді — ауыспалы өткен шақ
- Қалыппын — ауыспалы өткен шақ
- Тыңдайсың — ауыспалы осы шақ
- Елестейді — ауыспалы осы шақ
«Кім жылдам?»
Берілген етістіктерді жекеше-көпше жіктеу
- Алып келді
- Келе жатыр
- Оқытты
- Күледі
- Жылайды
- Тыңдайсың
Оқулықпен жұмыс
159-жаттығу. Мәтінді оқып мазмұндау
Шығармашылық тапсырма
Берілген сурет бойынша өлең немесе әңгіме құрау
… ойнайды
… тоймайды
… алмады
Болмасаң да ұқсап бақ
Кез келген затты немесе жан-жануарды, табиғат құбылыстарын қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеу керек. Бейнеленген іс-әрекет қай шақта тұрғанын айт.
Мақал-мәтел
Мақал-мәтелдің жалғасын табу
- Ақыл көпке жеткізер —
- Анаға қарап қыз төсер —
- Үй артына жар —
Семантикалық кесте
№ |
Етістіктер | осы шақ | өткен шақ | келер шақ |
1 |
Асан мен Үсен ескі жұртта қалды | + | ||
2 |
Асан мен Үсен далада ойнады
|
+ | ||
3 |
Балалар сабақ оқып отыр | + | ||
4 |
Асан далада қалғанына жылады | + | ||
5 |
Оқушылар кеше сабаққа келмеді | + | ||
6 |
Арай қалаға бармақшы | + | ||
7 |
Олар ертең қалаға кетеді | + | ||
8 |
Үсен Асанды жұбатып отыр | + | ||
9 |
Бәрінде ұмытып қалыппын | + | ||
10 |
Алыстан сағым елестейді | + |
3. Бағалау
4. Үйге тапсырма
«Кім болам?» «Мектептес достар» шығарма жазу
Қарабұтақ орта мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Мырзағалиева Г. Ж.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау