Сабақтың тақырыбы: Одағайға байланысты қойылатын үтір
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: одағай сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, одағайдың басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту.
- Дамытушылығы: үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлану қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелілігі: арнайы тапсырмалар арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тыныс белгілерді орынды қолдануға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді беру сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, іздендіру
Көрнекілігі: электрондық оқулық, кестелер, слайд, семантикалық кесте, «Инсерт» кестесі
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген 178-жаттығуды тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту.
Берілген ұғымды есепке алу
Пунктуация дегеніміз не?
Тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтіндегі ойды дұрыс оқу, түсіну мүмкін бе?
Ой жеткізудегі бет-жүз құбылысын, қол қимылдары мен дауыс ырғағын қағазға түсіре аламыз ба? Бұларды қандай белгілер алмастыра алады?
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді ата.
Үтір қайда қойылады?
Семантикалық кестені толтыру
Мысалдар | Қаратпа сөздер | Оңашаланған айқындауыш сөздер |
Қыстырма сөздер
|
Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің.
|
+ | ||
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
|
+ | ||
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
|
+ | ||
Ойбай, білсем Құдай ұрсын! |
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Өз заманында А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал-тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік.
Біз бүгін одағай сөздер қатысқан сөйлемдерде үтір қалай қойылатынын меңгереміз.
Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін.
Кітаппен жұмыс. 180-жаттығу (ауызша).
Уа, бәрекелді, ойбай-ау, әй, ой.
Интерактивті тапсырмалар
Электронды оқулықтан 51, 52-тапсырмаларды орындату.
- 51-тапсырма. Берілген одағайларды қатыстырып, сөйлем құрау.
- 52-тапсырма. Көп нүктенің орнына одағайдың тиістісін қойып, тыныс белгісіне көңіл бөлу.
Әттеген-ай, ей, пай-пай, қап, бәлі, япырай, бәсе, тәйірі, шіркін.
Тақтамен жұмыс
179- жаттығуды орындату( жазбаша)
IV. Сабақты қорыту
Электронды оқулықтағы 54-тапсырманы орындату.
Дұрыс бұрыс, бұрыс, дұрыс, дұрыс, бұрыс, дұрыс
V. Үйге тапсырма
«Өзіңді тексер» тапсырмасын орындау
VІ. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Одағайға байланысты қойылатын үтір