Сыңғырла, күміс қоңырау! – 1 қыркүйек – Білім күніне арналған сценарий
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, ұстаздар, шақырылған қонақтар
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар!
1-жүргізуші: Ардақты ата-аналар!
2-жүргізуші: Және күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
1-жүргізуші:
Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Барабан үнімен ҚР-ның Мемлекеттік Туы енгізіледі
Әнұран орындалады
2-жүргізуші:
Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік — адамзаттың бақыты, елдігі мен ерлігі, Тәуелсіздік – мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін зор маңызды мейрам.
1-жүргізуші:
Осы айтулы мерекемен қатар келіп жеткен жаңа 2024-2025 оқу жылы баршамызға құтты болсын, ағайын!
2-жүргізуші:
Еліміз дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға қадам басқан күндерек беттерінде ел сыйлаған ағалар мен апаларымыз бүгінгі жиынымыздың қадірлі қонақтары.
1-жүргізуші:
Шарықтасын шат көңілдің алабы,
Шат жүрекке ақ тілектер қонады.
Дархандай кең біз қонақжай халықпыз
Әрқашанда төрде отырар қонағы
2-жүргізуші:
Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік.
Қонақтар таныстырылады
- ______________________________
- ______________________________
- ______________________________
- ______________________________
1-жүргізуші:
Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп-лицей директоры Әбдірәсілов Қазбек Жәкенұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,
Күн сайын өркендерміз, өсерміз.
Бүгінгі салтанатты жиналыста
Құрметпен өзіңізге сөз береміз.
2-жүргізуші:
Ендеше, сөз кезегі сіздерде, құрметті қонақтар!
Құттықтау сөз беріледі
1-жүргізуші:
Келесі сөз кезегі директордың орынбасары Даулетбекова Гүлжан Тоғанқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Мектеп жанынан құрылған республикалық және қалалық өнер байқауларының жеңімпаздары «Алтынай» би тобының орындауында биді қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
«Мен мектепке барамын» әнін 2-сынып оқушысы Петров Кириллдің орындауында қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Еліміздің келешегі бүгінгі ұрпақ екені баршамызға мәлім. Алтын ордамыздың табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен арамызда.
1-жүргізуші:
Мектеп ана күліп тұр тағы,
Шақырады қыркүйектің нұр таңы.
Асығуда әліппені алуға
Еліміздің тағы бір жас ұрпағы!
2-жүргізуші:
Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына беріледі.
1-оқушы:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
2-оқушы
Здравствуйте! Здравствуйте!
Мы вместе снова!
И школа к учебному году готова!
Сегодня все стали взрослее и старше,
Здесь папы и мамы волнуются наши.
А школа встречает счастливый народ
Сегодня учебный начинается год!
3-оқушы:
Алты жасқа келгенім
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.
4-оқушы:
Посмотрите вы на нас –
Перед вами первый класс!
Первый класс — начало тропки
В жизнь большущего пути,
Я не буду в школе робким,
Учиться я хочу идти!
5-оқушы:
Здравствуй, школа, первый класс
Принимай сегодня нас.
Поскорее подари
Нам цветные буквари!
6-оқушы:
Начинаем мы учиться,
Обещаем не лениться.
В школу вовремя ходить,
С собой шпаргалки не носить
Знайкой быть не поленюсь
В этом я клянусь!
7-оқушы:
Алдыңа кеп ұстазым,
Тұңғышқалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімің сезілген.
8-оқушы:
Быть всегда среди друзей!
Уважать учителей.
Дружбою не поскуплюсь
В этом я клянусь!
1-сынып оқушыларының құттықтауы
1-жүргізуші:
Құтты болсын қарағым,
Білімге қадам басқаның.
Сөмке артып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.
2-жүргізуші:
Айналайын, дарын бол,
Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
1-жүргізуші:
Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын!
2-жүргізуші:
Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер.
1-жүргізуші:
5 сынып оқушылары Томирис пен Айымның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
«Алтынай» би тобының орындауындағы тамаша биді қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына!
Биылғы жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгіге» үміткер 11 сынып оқушысы Құлмағанбетов Аманқос пен 1 сынып оқушысы Казкеева Айданаға беріледі.
Қоңырау соғылады
2-жүргізуші:
Қағылды алғашқы қоңырау, күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп жез қоңырау үніменен
Қазақтың даласына жаңа леп –
1, 2-жүргізушілер: Білімді ұрпақтар тобы келді!
1-жүргізуші: Жаңа 2024-2025 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
2-жүргізуші: Жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін!
1-жүргізуші: Осымен бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Құрметті халайық! 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты мерекемізді аяқтаймыз!
2-жүргізуші: Амандықпен жүздескенше, ағайын!