Сабақтың тақырыбы: Ақмола бекінісінің салынуы
Мақсаты:
- Білімділік: оқушыларды Ақмола округінің ашылу тарихымен таныстыру, даму тарихы жайлы мәлімет беру;
- Дамытушылық: оқулықпен, тарихи деректермен жұмысты дамыту;
- Тәрбиелік: Патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, қосымша деректер, ватман.
Ақмола бекінісінің салынуы
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып 2 топқа бөлінген.
- 1 топ: Алғырлар
- 2 топ: Тапқырлар
1822,1824 жж Қазақстан тарихында қандай оқиғалар болған? Қазақтар өміріне қалай әсер етті? Қандай округтар құрылды?
2. Үй жұмысын тексеру
Кесте толтыру «Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы:
- кемшіліктері
- жақсы жерлері
- бұл мәселеге менің ойым.
Әр топ өз жұмысын қорғайды.
3. Қорытындылау
Реформа жүргізуінің негізгі салдарының бірі – Қазақстан территориясында округтардың салынуы. Соның бірі 1830 ж. Ақмола округтік приказының ашылуы.
4. Жаңа тақырып
Жоспар
- Жаңа округ ашуға әзірлік
- Ақмола округтік приказының ашылуы
1824 жылы екі округтық приказ – Көкшетау және Қарқаралы ашылды. Қаржы тапшылығынан өзге округтардың ашылуын кейінге қалдырды. Жергілікті ақсүйектердің бірі сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы патша үкіметіне қайта қайта өтініш жасап, 1830 жылы Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Шубин 200 казак отрядымен болашақ бекініс жеріне аттанды. Құрылыс салуға Ақмола шатқалы таңдалды.
Оқулықпен жұмыс
121 бет, оқу.
Ватманға екі топ бекіністің Ақмола жеріне салуныдың себептерін жазады. Ортаға шығып қорғайды.
Ақмола округтік приказының ашылуы. Ақмола – аймақтағы ірі сауда орталығы. Хронологиялық кесте толтыру.
1 топ
Ақмола округтік приказының ашылуы.
Хронологиялық кесте толтыру.
- Жыл
- Тарихи оқиға
- 1832 ж. 9 қаңтар
- 1832 ж. 22 тамыз
- 1838 ж.
- 1838 тамыз
- 1845 ж
2 топ
Ақмола – аймақтағы ірі сауда орталығы.
Хронологиялық кесте толтыру.
- Жыл
- Тарихи оқиға
- 19 ғ. 40 жж
- 1852 ж 21 мамыр – 10 маусым
- 1852 ж 26 қазан – 10 қараша
- 1865 ж
- 19 ғ соңы
Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі
Мұғалім негізгі оқиғаларымен балаларды таныстырады. Одан кейін оқушылар сол кездегі Ақмола тұрғындарына хат жазады: өз пікірлерін, ойларын, тілектерін жолдайды. Хатты бір біріне оқиды. Ең жақсы хат ортада оқылады. (авторлық орындық)
Мұғалім оқушыларға тақтадағы қазіргі Астананың суреттерін көрсетеді.
5. Сабақты бекіту
- Ақмола бекінісі қай жылы салынды?
- Округтік приказдың ашылуы қалай өтті?
- Ақмоланың орыс өлкедегі ірі сауда орталығы ретінде қалай қалыптасқандығы туралы не айта аласындар?
6. Қорытынды
Ақмола бекінісі мал өнімдерін фабрика зауыт бұйымдарына айырбас жасаудың дәстүрлеріне айналды.19 ғ. 40 жж. Ақмола елді мекені көшпелі қазақтардың назарын сырттан әкелінетін тауарлар рыногы ретінде өзіне аударды. Қаланың қызу қарқынмен дамуы 1862 ж. 26 қыркүйекте Ақмоланы ресми түрде округтік қала деп жариялануына жеткізді.
7. Үйге тапсырма беру
- «Астана келешекте қандай болар екен?» эссе жазып келу.
- Негізгі хронологияны жаттау
Облыс: Қарағанды
Қаласы: Шахтинск
Мектебі: Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
Пәні: Қазақстан тарихы
Мұғалімі: Аспандиярова Гаухар Балтабаевна
Сабақтың тақырыбы: Ақмола бекінісінің салынуы