Сабақтың тақырыбы: Батыс Түрік қағанаты 603-704 ж.
Сабақтың мақсаты:
- Батыс Tүpiк қағанатының жер аумағын, қоғамдық саяси тарихын түсiндiре отырып шаруашылық түрлерi мен сауданың дамуындағы Жiбек жолының рөлiн көрсету;
- Оқушыларға Қазақстан жерiнде өмip сүрген ортағасырлық мемлекет туралы, оның саяси-экономикалық құрылымы туралы тарихи бiлiм беру;
- Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысындағы ерекшелiктер туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға, өз көзқарастарын бiлдiруге дағдыландыру;
- Оқушыларды отаншылдык, адамгершiлiк қасиеттерге тәрбиелеу, қазақ даласын мекендеген халықтардың тарихымен таныстыру.
Түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: карта, сызба
Батыс Түрік қағанаты 603-704 ж.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Түріктер туралы алғашқы мәлімет қай мемлекеттердің құжаттарында кездеседі?
- Түрік халықтарының азаттық күресіне не себептер болды?
- Түрік қағанаты қашан құрылды?
- Түрік қағанаты құрылғаннан кейін Бумен қаған ұрпақтарының басты мақсаты не болды?
- Түрік халқы мен қазақ халқының шаруашылық және мәдени өмірінде қандай ұқсастықтар бар?
- Түрік халқының этникалық құрамын кімдер құрады?
- Түрік қағанатының ыдырауы басты себептері неде?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары
- Батыс Tүpiк қағанаты. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.
- Қaғaнaттың мемлекеттiк құрылымы.
- Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы және қағанаттың әлсiреуi.
- Батыс Tүpiк қағанатының шаруашылығы.
Сондай бір таласта 634 жылы нушиби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс билікті өз қолына алды. Ол елді басқаруды қайта құрып, «он тайпа»-«он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болды. «Бұдун» сөзі ел, халық деген ұғымды білдіреді.
Қағанаттық әлеуметтік құрылымы
- Қаған
- Қаған сайлаған ұлықтар
- Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан
- Бектер
- Қара бұдындар
ІV. Сабақты бекіту
- Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?
- Батыс және Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?
- Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?
- Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?
- Қағанаттың мемлекеттiк құрылымының ерекшілігі қандай?
- Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?
- Он-оқ бұдун жүйесi дегенiмiз не?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
2- параграфты оқу, карта мен жұмыс, №1 кестені толтыру.
Қосымша тарихи деректердi пайдаланып, қағанаттың шаруашылығы мен сауданың дамуына қатысты шағын әңгiме жазып келу (Н.Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы», 113-б.)
Сабақтың тақырыбы: Батыс Түрік қағанаты 603-704 ж.