Сабақтың тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
Мақсаты: Ішкі Ордада орын алған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс барысын, басты шайқастарын оқып үйрену
Күтілетін нәтижелер:
- Көтеріліс барысымен танысады
- Көтерілістің шығу себептерін анықтайды
- Көтерілістің басты шайқастарына талдау жасайды.
Керекті жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, жеке, топтық жұмыс.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
Сабақ кезеңдері:
I. Кіріспе
Оқушылармен амандасу
Психологиялық дайындық (Шаттық шеңбері)
Оқушылар топқа бөлінеді — Бөкей хан, Жәңгір хан
Үй тапсырмасына қатысты жылдармен, атауларға байланысты 2 топқа бөлінеді
- «Бөкей» тобы: 1799 жылы, І Павел, 70 мың шақырым, 5 мыңға жуық отбасы, 1812 жылы, 207 мың, 1815 жылы, Орынбор шекара комиссиясы
- «Жәңгір» тобы: Андреевский, 14 жас, «орыс, араб, парсы», 6 құнды қолжазба, 1824 жылы, Хан ордасы, «тархандық жүйе», билер соты
Үй тапсырмасын тексеру
«Жәшіктегі сұрақтар»
(В,С деңгейіндегі оқушыларға қойылады)
1. Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
- Мал жайылымдарынан тапшылық көрді;
- Қазақтар өздерінің ата қонысына қайтып баруға тырысты;
- С. Датұлы көтерілісінен кейін қуғын-сүргін жиелеп кетті;
- Патша үкіметі С. Датұлы мен Е. Пугачев көтерілісінен кейін Кіші жүзді әлсіретуге тырысты.
2. Ішкі Орданың шекаралық шектесуін атап, картадан көрсет
Батысында Астрахань, солтүстік мен шығысында Саратов, Орынбор губернияларымен, оңтүстік және оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекарасымен шектеседі.
3. Жәңгір хан енгізген жаңалықтарды ата
- Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды және шығарған үкімге шағым жасауға рұқсат етілмеді.
- Ішкі Ордада жер учаскесін жеке меншікке беру кеңінен орын алды.
- Жерді жалға берді.
- Жаппай отырықшы салтына көшу күшейді.
- Сауда саттық дамыды. Жәрмеңке ұйымдастырылды
А деңгейіндегі оқушыларға тапсырма
- Жәңгір ханның сүйікті ісі. (аң аулау)
- Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға қолданылған жаза қандай? (25 рет дүре соғу)
- Жәңгір хан қашан қайтыс болды? (1845 жыл)
- Ішкі Орда қашан Астрахан губерниясының құрамына берілді? (1872 жылы)
- Жәңгір хан қандай іске көп көңіл бөлді? (ағаш отырғызу ісіне)
II. Тұсау — кесер
Өлең жолдары
Хан емессің – қасқырсың.
Қара албасты басқырсың.
Достарын келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің – жылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің – аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!
Атаулар бойынша 3 сұрақ
- Бұл кімнің өлең жолдары? Кімге арналған?
- Өлеңнің мағынасын қалай түсінесің?
- Жәңгір хан Махамбетті өзінің ұлы Зұлқарнайынмен бірге оқытты. Қамқорлық танытты. Алайда Махамбет хан Жәңгірді барлық сұлтандардың көзінше осылай әшкерелеуіне не себеп?
III. Негізгі бөлім
Бағытталған оқу
Ұзақ күйші Жиделі ауылына келіп, бір үйге ат басын тіреді. Өзінің бірде – бір қозғалысын қалт жібермей, аңдып отырған жас балаға Ұзақтың назары ауып, домбыра ұсынды.
Сұрақ: Ұзақтың әр қимылын қалт жібермей қарап отырған жас бала кім?
Құрманғазы күйшінің орындаған күйін алып, қалт жібермей орындайды. Содан ол Ұзақ күйшіге еріп, ел аралап, талабын ұштап, шеберлігін шыңдайды. Осындай дарынды жасқа 30 жылдың соңында Бөкей Ордасында орын алған Исатай мен Махамбет көтерілісі қатты әсер етіп, «Кішкентай» атты тұңғыш күйін шығарған еді.
Сұрақ: Құрманғазы неліктен күйін «Кішкентай» деп атады?
Алғаш күйін шығарған Құрманғазы 17 жаста болатын. «Кішкентай інісінен ағасы Исатайға арнауы» деп есептеген. Сондықтан күйдің атын осылай атаған.
Күй тыңдату. Құрманғазы «Кішкентай»
1 – тапсырма
1-топ. Жылдармен жұмыс
- 1808 жылы –
- 1836 жылғы ақпанда –
- 1836 жылы көктемде –
- 1836 жылдың күзінде –
- 1837 жылдың бас кезінде –
- 1837 жылдың жазы мен күзінде –
- 1837 жылдың қазан айының соңында –
- 1837 жылы 15 қараша –
- 1837 жылғы 13 желтоқсанда –
- 1838 жылғы 12 шілде –
2-топ. Сәйкестендіру кестесі
- 20 мыңға жуық отбасы
- Юсупов пен Безбородко
- Жайық әскери кеңесі өз пайдасына басып алды
- 21 жасында Жайық атасына старшын болды
- И. Тайманұлының өмір сүрген жылдары
- М. Өтемісұлының өмір сүрген жылдары
- В. И. Дальмен, Г. С. Карелинмен жақсы таныс болды
- Ханға табыс етілген талап – петицияға
- Көтерілісшілерден 80 – ге жуық адам қаза тапты
- Басына 500 сом ақша, қолға түсіргенге 1000 сом тігілді
- А. 1791- 1838 жылдары
- Ә. Исатай Тайманұлы
- Б. 300 рубасы мен старшин және батырлар қол қойған
- В. Исатай Тайманұлы
- Г. 1804 – 1846 жылдары
- Ғ. Ақбұлақ шайқасы
- Д. Жер тапшылығынан зардап шекті
- Е. Үлкен және Кіші өзен бойын, Қамыс –Самар көлдерінің төңірегін
- Ж. Каспий теңізі жағасында орасан жер телімдері болды
- З. Махамбет Өтемісұлы
2 – тапсырма
А деңгейіндегі оқушыларға арналған. (Тақтада орындайды)
Тірек-сызбаны толтыру.
- Көтеріліс болған жыл: _____
- Көтеріліс қамтылған аумақ: _____
- Көтерілістің басшылары: _____
- Көтерілістің шығу себебі: _____
- Көтерілістің қозғаушы күші: _____
- Көтерілістегі басты шайқастар: _____
IV. Қорытынды
- 1-топ Махамбеттің тұлғалық қасиетін сипаттау.
- 2-топ Исатайдың тұлғалық қасиетін сипаттау.
V. Бағалау
Смайлик арқылы, блок ағашы арқылы
«3-минуттық үзіліс» стратегиясы
- Мен ……………….. туралы көзқарасым өзгерді…..
- Мен………. ……….жайлы хабардар болдым……
- Менің ………. жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы……
- Мені……………… таң қалдырғаны…….
VI. Үйге тапсырма
- Исатай мен Махамбет туралы қосымша деректер жинау
- «Кейіпкерге хат». (Жәңгір хан, Исатай, Махамбет)