Сабақтың тақырыбы: Кіші Жүздің Ресейге қосылуы
Сынып: 8 сынып
Мақсаты: Қазақ хандығының XVIII ғ 30-жж саяси жағдайымен және патшалық Ресейге қосылуының басталуы туралы үйренеді
Оқу нәтижелері: XVIII ғ Қазақ хандығының күрделі саяси жағдайымен танысады.
Кіші Жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың барысы:
1. Орыстар қазақтарды қырғыздардан ажырату үшін қалай атаған?
- Қырғыз-қайсақтар
- бұратаналар
- буруттар
2. 1716 ж Ресейге елші жіберген
- Сәмеке хан
- Қайып хан
- Болат хан
3. И. Бухгольц басқарған экспедиция қай жерде әскери бекініс салуға жіберілді?
- Тобылдан Жайыққа дейін
- Тобылдан Жетісуге дейін
- Тобылдан Ертіске дейін
4. Бухгольц эксп. 1715 ж негізін қалаған бекініс
- Жәмішев
- Семей
- Өскемен
5. «Жайық өзені қашан сарқылғанша, қазақтар оның бойынан кетпейді» деген отаршылдық саясатқа қарсы айтылған сөз қай Жүздегі жағдайды көрсетеді?
- Ұлы Жүз
- Кіші Жүз
- Орта Жүз
6. Қазақстанның патшалық Ресей үшін қандай маңызы болды?
- Ресей өнімін өткізетін рынок
- Алым-салық көзі Орта Азияға
- Үндістанға өтетін жол
І. Қызығушылығын ояту
«Ой қозғау»
«Отарлық» деген сөз қандай ассоциация туғызады? 1-2 минутта бастарыңа қандай сөздер келеді, жеке жазасыңдар. Жұппен ой бөлісіп, топта ортаға саламыз
ІІ. Мағынаны тану
«Ой шақыру»
«Әбілқайыр хан Ресей империясына қазақ халқының бір бөлігін қосушы ретінде тарихта қалған. Неліктен ол ондай шешімге барды деп ойлайсыңдар?»
«Жұптасып оқу» стратегиясы
Мәтінді үлкен 4 бөлімге бөлемін. Әр бөлімді 2 бөлікке, әр бөлікті 2 бөлікшеге бөлемін. Оқушыларды 1,2,3,4 деп нөмірлейміз. 1 нөмір 2-ге өз бөлігін даустап оқиды. 1 өз түсінігін айтады, сосын кері қайталанады. Сосын А бөлігіндегілер алдындағы Б-ға түсіндіреді немесе сұрайды.
ІІІ. Ой-толғау
«Әбілқайыр ханға хат» эссе
IV. Бағалау
Оқушылардың өзара бағалауы. Қорытынды бағалау