Сабақтың тақырыбы: Қарақытай мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
- Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударудың, қоғамдық құрылысын түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін көрсету;
- Оқушылардың Қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізу, ойларын жинақты қортындылау дағдыларын жетілдіру;
- Оқушыларды қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекеттір тарихымен таныстыра отырып, өз Отанынын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы, этникалық құрамы, қоғамдық-саяси құрылысы, алым-салық жүйесі, сыртқы жағдайы.
Көрнекі құралдыр: Карта, кесте, электрондық оқулық.
Қарақытай мемлекеті
Сабақтың барысы:
Сыныпты 3 топқа бөлу:
- 1 топ — наймандар
- 2 топ — керейіттер
- 3 топ — қарахандар
1 сұрақ барлығына жалпы:
Найман, керейіт, жалайырлар қай жерді мекендеді?
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Наймандар:
8-ғасырда жазба деректерде 8 тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген. Монғолша «Найман» «Сегіз» дегенді білдіреді. Монғолдар оларды «Найман» деп атап кеткен, ал кейбір деректерде Монғолияда Секиз деген өзен бар, сол өзен бойында тұратын тайпаларды монғолдар «найман» деп атады ма деген де ой айтылады.
Білгенің ұлдары — Бұйрақ хан, Даян.
1201 жылы құрылтай жиналысы болды. Соғақ суаты жерде Шыңғыс хан мен Ван хан әскерлері шайқасып жеңілді.
Керейіттер:
Керлин (керулен) өзенінің бойында орналасықан керілер деп аталды. Орталығы Улан-Батордың жанындағы Хан тәңірі тауының шығысында Битөбе тайпалары Хандары Торы хан,10-11 ғасырларда дамыды. Маркус пен оның баласы Құршақұз хандар кезінде. Ол кезде орталығы Қарақоқым болды.
Жалайыр таңбасы тарақ. Негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы.
Тест сұрақтары
- Керейлердің батыс жағындағы көршілер
А) жалайырлар В) наймандар С) қарахандар Д) түріктер - Найман, керей, жалайырлардың негізгі мекендеген жерлер
А) Монғолияның орта және батыс аудандары
В) Монғолияның оңтүстік және солтүстік аудандары
С) Монғолияның шығыс, солтүстік аудандары
Д) Монғолияның оңтүстік, батыс аудандары - Керейіт мемлекетінің орталығы
А) Қарақорым В) Суяб С) Битөбе Д) Балықты - «Монғол жеріндегі 9-13 ғғ өмір сүрген керейлер күшті дамыған ел»- деп айтқан тарихшы
А) Страбон В) Герадот С) Қашқари Д) Рашид ад-Дин - Шыңғыс ханның ең жақын досы, бір де ең қас жауы
А) Әбілқазы В) жалайыр Жамұқа С) Ван хан Д) Даян - Ұлыстардың ішкі істерін кім жүргізді
А) түменбасы В) хан С) мынбасы Д) шерби - Найман мемлекетінің орталығы
А) Балықты В) Үзкент С) Қарақорым Д) Баласағұн - Монғолша «найман» сөзінің мағынасы
А) тоғыз В) жеті С) сегіз Д) он екі - Найман мемлекетіне қарсы одақтасқан елдер
А) монғолдар, керейлер В) қарақытай, жалайырлар С) қарахандар, керейлер Д) жалайыр, керейлер - Шыңғысханның ең жақын адамы, жалайырдан шыққан, ақын, шешен, батыр
А) Жамұқа В) Мұқылай С) Әбілқазы Д) Мұқан
Үй тапсырмасын сұрау арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударып
ІІІ. Жаңа сабаққа көшу. Жаңа сабақтың оқыту жоспарымен таныстыру
- Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы.
- Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым-салық жүйесі.
- Мемлекеттің сыртқы жағдайы
ІV. Электрондық оқулық бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аудару себептері:
- 1. Орталық Азиядан батысқа қарай жылжыған түрік тілдес тайпалардың Қарақытайлар жерін жаулап алуы. Содан қарақытайлар Алтай асып, Жетісу жеріне келе бастады.
- 2. Бұл аймақтың қожасы болған Қарахан мемлекетінің әлсіреуі. Сондықтан Қарахан ханы қарақытайларға шығыстағы шекарасын қорғау қызметін тапсырды. Олар қызметтері үшін тиісті ақыларын, сыйлықтарын және үлесті жер алып отырды.
924-1125 жж қидандардың ЛЯО мемлекеті құрылды. Елюй Даши 40000 түтін қидандар Жетісу жеріне қоныстанды.
Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы.
Әлсіреу себептері: Найман ханы Күшіліктің қысымы. Хорезм шахының шапқыншылығы.
Алым-салық түрлері:
- Әрбір үйден бір динардан ақша жиналған
- Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салықты арнайы адамдар арқылы жинаған.
- Үлест жерлерді иеленушілердің қолдарында аранулы грамоталары болған. Ол Гурханның қамқорлығында екенін көрсететін белгі болды. Ірі қалалар әкімі Гурханға жыл сайын жер салығы харадж төлеп отырған.
Қарақытайлардың сартқы жағдайлары
- 1137 жыл — Ходжент жанында Қарахан соққы берді
- 1141 жыл — Қарахандықтар селжұқтармен бірігіп Самарқан қаласына жақын Катуан даласында қарақытайлардан женіледі. Қарақытайлардың Орта Азияда ықпалы күшейеді.
- 1171-1172 жыл — Қарақытайлар Хорезмге қайта жорыққа шығады. Хорезм шахы 3 мың алтын динар салық төлеуге міндетті.
- 1169 жыл — Ялуй Чжилугу тұсында әр аймақ билеушілері тәуелсіз саясат жүргізді.
- 1198-1204 жыл — Ауғаныстан жеріндегі Гурид тайпалары соғысты.
- 1208 жыл — Қарақытайлар шығыста наймандардан жеңілді.
V. Сабақты бекіту
Оқушылардың «Қарақытайлар» тақырыбынан алған білімін бекіту, жүйеге елтіру, бағалау мақсатындағы тапсырмалар:
1-тапсырма
Қарақыталардың Жетісуға қоныс аударуының негізгі себептері
- Бірінші —
- Екінші —
2-тапсырма
Қарақытайлардың алым-салық жүйесіне сипаттама бер.
Алым-салық түрлері:
- ____
- ____
- ____
3-тапсырма
Хронологиялық тапсырма
- 1137 ж —
- 1141 ж —
- 1171-1172 жж —
- 1169 ж —
- 1198-1204 жж —
- 1208 ж —
4-тапсырма.
Венн диаграмасы бойынша мемлекеттерді салыстыру.
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма
§13. Оқушылардың өз беттерінше тест құрап келу.
Қарағанды облысы, Шет ауданы
Ақжал негізгі мектебінің
жоғарғы санатты тарих пәнінің мұғалімі
Жумаханова Г.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Қарақытай мемлекеті