Қарахан мемлекеті

Қарахан мемлекеті

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Қазақстан территориясын мекендеген Қарахан мемлекетінің пайда болуы туралы, олардың шаруашылығы мен мәдениеті туралы түсінік беру.
  2. Өз ойларын ашық жеткізе білуге үйрету.
  3. Оқушыларды Қарахан мемлекетінің шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы, діні, өнері жөнінде түсінігін қалыптастыру, елін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнектілігі: Сызбанұсқа, оқулық

Қарахан мемлекеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын және сыныптың
дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

Жылдар тапсырмасы:

  1. Түрік қағанаты қай жылы Батыс және Шығыс түрік қағанаты болып бөлінді? (603 ж)
  2. Түркеш қанаты қай жылдар аралығында өмір сүрді? (704-756 жылдар)
  3. Түрік қағанаты туралы алғаш қай жылы қытай деректерінде кездеседі? (542 ж)
  4. Қарлұқ қағанатының өмір сүрген уақыты (756-940 жылдар)

Оқиғалар тапсырмасы:

  1. Түрік қағандығы қашан құрылды және бөлінуіне не себеп әсер етті? Батыс түрік қағанатының мәдениеті қалай дамыды?
  2. Түркештердің шаруашылығы туралы не білесің? Түркештердің ішкі-сыртқы жағдайы қандай болды?
  3. Қарлұқ қағандығының құрамында қандай түркі тілдес тайпалар болды? Қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуын не себеп болды?
  4. Оғыз мемлекеті неліктен ыдырады?

Есімдер тапсырмасы:

  1. Бумын қаған – Түрік қағанатының негізін қалаушы
  2. Томсон — Орхон-Енисей жазуын тұңғыш рет оқыған дат ғалымы
  3. Үш-Елік қаған – түркеш қағанатының негізін қалаушы
  4. Білге құл Қадыр хан – қарлұқ мемлекетінің қағаны

Терминдер тапсырмасы:

  1. Халықтың негізгі бұқарасы “қара будун”
  2. Халықтың негізгі бұқарасы “тат”
  3. Оғыздардағы Әскер басы — сюбашы
  4. Қарлұқ мемлекетінің басшысы — ябғу

Астаналар тапсырмасы:

  1. Батыс түрік қағанатының астанасы Шу бойындағы — Суяб қаласы болды.
  2. Түркештердің астанасы Шу бойындағы — Суяб қаласы, ал кіші астанасы — Қойлық қаласы болды.
  3. Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталды
  4. Қимақ мемлекетінің астанасы — Ертіс бойындағы Қимақия қаласы болды.
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау
  1. Мемлекет құрылуы
  2. Шаруашылығы мен мәдениеті
  3. Ыдырауы

Білге Құл Қадыр ханның балалары — Базар Арслан хан, Оғұлшақ хан — Баласағұн билеушісі, Тараз билеушісі.

Қарахан мемлекетінің саяси тарихы:

Қарахан әулетінің негізін қалаушы — Сатұқ Боғра хан. Ислам дінін қабылдады. Саманилермен бірігіп, Баласағұн билеушісін құлатты. 942 жыл сатұқ Боғра хан өзін хақан деп жариялады. 1130 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шахпен шайқаста жеңіліп, Қарахан мемлекеті жойылады.

Мемлекеттің құрылымы:
  • Мемлекет басшысының титулы — хақан (хан)
  • Ұсақ аймақтардың басшылары- илақ, тегін
  • Мемлекет басшысының көмекшісі- уәзір
  • Елшілер- Ялавашылар
  • Қаржы-салық мекемелерінің басшылары-Мұстауфалар
  • Сот ісімен айналысушылар- Бектер
  • Мемлекеттік іс-қағаздарды жүргізушілер- Сахиб-барида
Х-ХІІ ғасырларда дамыған сәулет өнері
  • Бабаджа хатун
  • Айша бибі
  • Қарахан
  • Алаша хан
  • Сырлытам
  • Тараз моншасы
Ғалымдар

Жүсіп Баласағұни — 1021-1075 ж.ж. «Құтты білік» — билеушінің де, халықтың да аман-есен бақытты болуының қайнар көзі-білім. Мемлекетті сауатты адамдар басқару керек

Махмұд Қашқари — 1030-1090 ж.ж. «Диуани лұғат-ат-түрік» — түркі халықтарының тілі, мекен-жайлары, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жөніндегі энциклопедия.

ІV. Сабақты бекіту

1 тапсырма: Сәйкестендіру

  • Қарахан мемлекетінің негізін салушы — Хақан
  • Қарахан мемлекетінің басшысының титулы — Селжұқтар
  • Мемлекеттік дін — Сатұқ Боғра хан
  • Қарахандарды жойған мемлекет — Салық түрі
  • Иқта — Ислам

2 тапсырма: Семантикалық карта

Жылдар

  • 840
  • 942
  • 960
  • 1130

Оқиғалар

  1. Мұсаның таққа отыруы
  2. Қарлұқтардың ыдырап, Қарахан мемлекетінің қалыптасуы
  3. Сатұқ Боғра ханның Қарахан мемлекетін құрып, өзін қаған деп жариялауы
  4. Қарахан мемлекетінің жойылуы

3-тапсырма: Тест жұмысы

  1. Сатұқ Боғра хан кім?
    А) Қараханның негізін қалаушы
    В) Қарлұқтың соңғы қағаны
    С) Білге құл Қадыр ханның баласы
  2. Иқта деген не?
    А) мемлекет атауы
    В) салық түрі
    С) жер үлесі
  3. Мемлекет басшысы қалай аталды?
    А) Қаған
    В) Ябғу
    С) Хақан
  4. Қарахандар қашан жойылды?
    А) 1156 жыл
    В) 1130 жыл
    С) 942 жыл
  5. Хақанның ең жақын көмекшісі:
    А) бектер
    В) дінбасылар
    С) Уәзірлер
V. Үйге тапсырма беру

Айша бибі, Бабаджа хатун, Алаша хан, Сырлытам кесенелері туралы материал жинау.

VІ. Оқушыларды бағалау

Атырау облысы, Мақат ауданы
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі
Байтубетова Қарлығаш Каримжанқызы
тарих пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті

Добавить комментарий