Қазақтың бір туар ұлдарының бірі — Ә. Бөкейханов

Қазақтың бір туар ұлдарының бірі — Ә. Бөкейханов

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың бір туар ұлдарының бірі — Ә. Бөкейханов

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс — бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –
С.Торайғыров

«Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды»
Ә.Бөкейханов

Мақсаттар:

  • Білімділігі: XX ғасыр басында Қазақстанда болған Алаш қозғалысының Алашорда үкіметін құруы, олардың қызыл империяға қарсы күресі және Алаш қозғалысысының жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың өмірі, еңбек жолы, тәуелсіздік жолындағы қайраткерлігі мен репрессияға ұшырауы туралы түсінік беру.
  • Тәрбиелігі: Тақырыптың тәрбиелік мазмұнына тоқталып оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бойына патриоттық сезім ұялату.
  • Дамыту: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т.б. туралы өз бетінше ізденіп ғылыми жұмыстар қорғау, интернет материалдарын пайдалану. Оқушылардың өз ойын анық жеткізе білуге, өз беттерінше қорытынды жасап, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Оқыту нәтижесі: оқушылар тәуелсіздіктің оңай келмегендігін, ел үшін қазақтың зиялы қауымдарының тер мен қан төкендігін біле отырып, өз еліне деген, сүйіспеншілік, патриоттық сезімді сезінеді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының отан алдындағы міндетін біледі.

Cабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, СТО-топтастыру, Венн диаграммасы, ой-толғау, АКТ-шығармашылық таныстырылым, дарынды баламен және көшбасшылықпен және топпен жұмыс, диалог арқылы оқыту

Көрнекілігі: Мультимедиалық проектор, түрлі размердегі ақ қағаздар, түрлі
түсті маркерлер, «Қуан қазақ!» бейне баяны, түсті стикерлер

Қазақтың бір туар ұлдарының бірі — Ә. Бөкейханов

I. Сабаққа психологиялық дайындық

«Тәуелсіздік! Ол…»

  1. «Қуан қазақ!»бейне баяны көрсетіледі (оқушылар толғанады)
  2. Әр оқушы өз өмірін Тәуелсіздікпен байланыстыра метафоралы
    сипаттамамен беріп, сыныптасының бүгінгі сабақта нәтижеге
    жетуіне тілектестік білдіреді
  3. Үлестірілген суретті кеспелер бойынша топқа бөлінеді
II. Ақпарат блогы
  • Топпен жұмыс ерекшелігі: ереже, топ басшысы, жұмыс бөлісу.
  • Сабақтың жүріс барысымен таныстыру: жол картасын ұсыну, түсіндіру
III. Жаңа білімді меңгерту

Сабақты жоспарлауда мына 3 кезең басшылыққа алынды:

  1. 1-кезең: оқушыларды қызықтыратын жұмыстар беру арқылы жеке басының білімін байқау, жаңа білімді ашуға көмектесу.
  2. 2-кезең: оқушының жаңа ой, жаңалықпен яғни тақырыппен, маңыздылығымен танысуы, мәтінмен жұмыс кезінде сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, түрлі стратегиялармен жұмыс жасауы.
  3. 3-кезең: оқушылардың жаңа мағлұмат алуға, соған қарай ойларын тұжырымдауына, жеке қабілетін, белсенділігін дамытуға, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай әрекет етуіне көңіл бөлу, іздену, пікір айту, ұсыныс жасау, салыстыру, бағалау т.б.

Блум таксономиясы бойынша жаңа тақырыпты меңгерту

  • Ойлау деңгейі
  • Орындалатын жұмыстар мазмұны
  • Білу
  1. Ә. Бөкейханов туралы не білетіндігін топтастыру бойынша дәлелдеу
  2. Ә. Бөкейхановтың атқарған қызметтері жайында ойлану, іздестіру, жауап беру
  3. Билік, мемлекеттін түрлері (унитарлы, автономиялы) туралы білетіндерін ортаға салу

Түсіну

  1. Зиялы қауым. Проблемалық сұрақ бойынша ой қозғау
  2. Зиялы қауымның мемлекет үшін атқарған істері. (мұғалім түсінігі диалог арқылы)

Қолдану

Топтық жұмыс

Әр топтың жұмыстарын. Постер. Қорғауы:

3 топқа қосымша материалдарды пайдаланып, деректер көздерін жинап келу тапсырылды.

  1. Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны /I топ/
  2. Қоғамдық-саяси әрекеттері /II топ/
  3. Ғылыми әрекеттері /III топ/

Сергіту сәті

«Түс айыра білесің бе?»

Талдау

1. Қазақ даласының тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің ой-толғамының бір арнада тоғысуын, үндес екенін іздестіреді.

ВЕНН диаграммасы бойынша
Ә. Бөкейханов пен К. Қасымұлы

2. Ә. Бөкейхановтың атқарған қызметтерін атап көрсету
(СТО-топтастыру бойынша)

3. Тіке жауап:

  1. Ә. Бөкейханов дүниеге келген облыс, уезд, болыстық?
  2. Ә. Бөкейхановтың арғы атасы сұлтан кім және Шыңғыс ханның қай ұлының ұрпағы?
  3. Ә. Бөкейханов 1906-1908 жылдары қандай басылымдарда қызмет атқарды
  4. Қай қалаларда қамауда болды?

4. Сәйкестендіру

  1. 1879-1886
  2. 1909-1917
  3. 1886-1890
  4. 1890-1894
  5. 1905
  6. 1916
  • Омбыдағы техникалық училище
  • Қарқаралыдаға қазақ балаларына арналған мектеп
  • Санкт-Петербургтегі орман технологиясы институты
  • «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді
  • Алашорда төрағысы болды
  • Қарқаралыдағы қозғалысты ұйымдастырды

Жинақтау

«Ой-толғау» стратегиясы бойынша ой қорытындылайды:

  1. Алаш бағдарламасы
  2. Дарынды оқушылар «Ислам. Мәңгілік ел. Елбасы» тақырыбында толғанады,
    жазбаша ойларын қағазға түсіреді, өз шығармашылығымен оқушылар алдына шығады, ойын баяндайды
IV. Бағалау
  1. Пирамидалық эссе «Бабалар аманаты»
    (қолданылатын тірек сөздер: Әлихан Бөкейханов, өнегелі өмірі,
    Қазақстан-2050, Елбасы, Мәңгілік ел)
  2. Мұғалім оқушылардың, топ мүшелерінің және дарынды оқушының қатыстары мен орындаушылық қабілеттеріне мадақ арқылы бағалап, ынталандырады және өз тілегін жеткізеді.
  3. Топтар бірін-бірі пікір арқылы бағалайды және сабақ барысы туралы рефлексия береді
  4. Оқушылардың сабаққа қатысына ризашылық ретінде саздық сыйлық ұсынылады

 

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
«Ұлы Дала елі — Ұлт тағдыры»
Мулдагалиева Бибигул Беибитовна

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың бір туар ұлдарының бірі — Ә. Бөкейханов

Добавить комментарий