Білім сайысы: Үздік тарихшы
Сыныбы: 5
Пәні: Қазақстан тарихы
І кезең: «Сұрақ деп осыны айт…»
Сұрақ-жауап
(Дұрыс жауап 5 ұпай)
- 1-оқушы:
Тарихты жазудың құндылығын жекелеген елдерде алғаш рет кімдер түсінді? (патша, хандар) - 2-оқушы:
Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? (4) - 3-оқушы:
Ежелгі грек ақыны Гомер жырлаған «Илиаданың» мазмұнына сүйене отырып неміс археологы Генрих Шлиман 1873 жылы атақты қай қаланың орнын тапты? (Троя) - 4-оқушы:
1938 жылы академик А.П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ежелгі қандай адамның сүйегін тапты? (неандерталь бала) - 5-оқушы:
Тасқа салынған суреттер қалай аталады? (петроглифтер) - 6-оқушы:
Қытайлар қай тайпаны «хунну» деп атаған? (ғұндар) - 7-оқушы:
«Қазақ» этнонимі қандай мағына береді? (еркін адам, ерікті қоғам) - 8-оқушы:
Алғашқы қазақ тіліндегі «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
ІІ кезең: Атаулар
(Дұрыс жауап 10 ұпай)
1-оқушы:
- Абай Құнанбаев
- Ұлттық киім
- Сәулет ескерткіші
- Айша бибі
- Шекпен
- Ахмед Риза медресесі
2-оқушы:
- Синантроп
- Ә. Х. Марғұлан
- Ғұн
- Академик
- Аттила
- Қытай адамы
3-оқушы:
- Он оқ будун
- Ақиқат сыйы
- Алшын
- Ахмет Йүгнеки
- Түркілер
- Кіші жүз
4-оқушы:
- Жошы
- Чжоу-коу-дянь
- «Ақтабан шұбырынды»
- 1927
- 1723
- 1227
5-оқушы:
- Бөгенбай батыр
- Қабанбай батыр
- Наурызбай батыр
- Шапырашты
- Қанжығалы
- Қаракерей
6-оқушы:
- Ы. Дүкенұлы
- Құрманғазы
- Тәттімбет
- «Жалғыз аяқ»
- «Ақбай»
- «Қосбасар»
7-оқушы:
- Ақша тарихы
- Елтаңба тану ғылымы
- Адам қаңқасы
- Антропология
- Геральдика
- Нумизматика
8-оқушы:
- «Құт негізі-білік»
- «Түрік тілдерінің сөздігі»
- «Даналық кітабы»
- М. Қашқари
- Ж. Баласағұни
- А. Йассауи
Ұпайы аз 2 оқушы шығады
ІІІ кезең: «Қате шықты…»
Берілген үзіндіден қателерді тауып, дұрысын айтыңдар.
(Дұрыс жауап 15 ұпай)
1-оқушы:
Сен – алтын да, мен – күміс, (Сен-темір де, мен-көмір)
Еріткелі келгенмін!
Бір еліктің баласын, (екі)
Теліткелі келгенмін!
2-оқушы:
Сонау ежелгі дүниеде тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды әңгіме (шежіре) айтушылар немесе шежірешілер деп атаған.
3-оқушы:
«Он атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер, (жеті)
Он атасын білмеген-жетімдіктің белгісі» (жеті)
4-оқушы:
Жер бетінде ең алғашқы адамға ұқсас тіршілік иелері Солтүстік мұзды мұхит пен Антариктидада өмір сүрген. (Африка мен Азияда)
5-оқушы:
Тас дәуіріндегі адамдар еңбек құралдарын жетілдіре отырып, пласмасса мен әйнектен жасауды үйренді. (тастан)
6-оқушы:
Қазақ жеріндегі сәулет өнерінің тарихы қола дәуірінде жасалған (Беғазы-Дәндібай, Түгіскен) Домбауыл, Көккесене қоныстары мен қорымдарынан басталады.
(ұпайы аз 2 оқушы шығады)
ІV кезең: Жалғастыр
(Дұрыс жауап 20 ұпай)
1-оқушы:
Епті адам- ……………….-………………- саналы адам (тік жүретін адам, неандерталь)
2-оқушы:
Австралопитек — ………………..-………………….- ………………..- кроманьон (питекантроп, синантроп, неандерталь)
3-оқушы:
«Қасым ханның қасқа жолы» — ……………………….. — …………………… (Есім ханның ескі жолы, «Жеті Жарғы»)
4-оқушы:
Ақ Орда, Хан Орда — ………….-………………-…………….-………………..- жолым үй
(Ақ Орда, Хан Орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұраңқай, жолым үй)
(Ұпайы аз 2 оқушы шығады)
V кезең: Жалғастыр
(Дұрыс жауап 25 ұпай)
Тақырып: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы мәліметтер беріңдер.
Кім көп мәлімет айтса сол Үздік тарихшы болады.