Сабақтың тақырыбы: ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан жер аумағында өмір сүрген Ноғай Ордасының және Сібірді мекендеген түрік тайпаларының тарихымен, мәдениетімен таныстыру;
- XIII-XV ғасырлардағы Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі негізгі оқиғаларды көрсете отырып, оқушылардың өзіндік ойлау, пікір қорыту және тарихи танымдық қабілеттерін дамыту;
- Аталған мемлекеттердің ішінде қазақ тайпаларының басым болып, өз мемлекеттерінің қалыптасуын мақтан ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекілігі: карта, слайд
ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Әмір Темір кім? Темірдің мемлекеті қай жерде құрылды?
- Темір жорықтарының барлығы сәтті болды ма?
- Тоқтамыс неге Ұрұс ханға өшікті?
- Темір шапқыншылығының ең ауыр зардаптары неден көрінеді?.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары
- Ноғай Ордасы. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.
- Сарайшық қаласы.
- Қоғамдық құрылысы.
- Ноғай Ордасының саяси тарихы
- Ноғай Ордасының ыдырауы
- XIII-XV ғасырлардағы Солтұстік Қазақстан және Батыс Сібір
- Сібір хандығының ішкі және сыртқы саясаты.
Жаңа тақырып оқушыларға түсінікті болу үшiн сыныпты eкi топқа бөлiп тапсырма беруге болады.
1-шi топқа тапсырма: Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысын, саяси тарихын Ақ Ордамен салыстыру.
АқОрда:
- жер аумағы
- этникалық құрамы
- қоғамдық құрылысы
- саяси жағдайы
Ноғай Ордасы:
- жер аумағы
- этникалық құрамы
- қоғамдық құрылысы
- саяси жағдайы
2-шi топқа тапсырма: Батыс Сiбiрдi басқарған Шайбани әулетi билеушiлерiнiң iшкi және сыртқы саясатымен таныстыру.
- Хандық тарихындағы ірі оқиғалар
- Сібір хандығының жер аумағы
- Орталығы
- Хандары
Бұл өзiндiк жұмыс оқушылардың өткен тақырыптарды қайталап, еске түсipyiнe мүмкiндiк берiп, бiлiмiн жетiлдiре түседi.
Топ болып жұмыс жасау тиiмдi, себебi оқушылар өздерiне берiлген тапсырманы талдай отырып, сабақты толық игеруiне мүмкiндiк жасайды. Eкi топ бiрiн-бiрi толықтырып отырады.
Екі топтың жауабын тыңдап, өзім толықтырамын.
Сарайшық
Сарайшық қаласы туралы мәліметті өзім толық айтып өтемін. (Слайдпен)
Сарайшық — XI ғасырларда іргесі қаланған ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны.
Көне Сарайшық орнына соңғы ғасырда археологиялық қазба жүмыстары жүргізіле бастады. Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937, 1950 жылы Ә.Марғұлан жүргізген зерттеу. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Тұрғындар егін, балық шаруашылығымен айналысқан. Жаз кездерінде Алтын Орда хандары осы Сарайшықты саялаған. Үстірт пен Жайык бойындағы тоғайда саят қүрған. 1966 жылдан бері мұнда Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының Батыс Қазақстан экспедициясы түрақты қазба жұмыстарын жүргізуде. 1999 жылы қала орнынан қүрамына ескерткіш — пантеон (Ноғайлы, қазақ хандары жерленген), мешіт, мұражай кіретін Сарайшык мемориалдық кешені бой көтерді.
Пантеон
Пантеонның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерінде жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Құлыптастарға, қара мрамор орнатып, хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған.
- Мөңке темір 1266-1282 ж.ж.
- Тоқтағу (Тоқты) 1291-1312 ж.ж.
- Жәнібек 1343-1353 ж.ж.
- Әмір Оқас т. ж. б -1447 ж.ж.
- Қасым Хан 1511-1518 ж.ж.
- Ших Мамай 1549-1554 ж.ж.
- Жүсіп Хан 1549-1554 ж.ж.
ІV. Сабақтың бекіту
- «Ноғай» атауы кайдан шыққан және оның «Maңғыт елi» деп аталу себебi нелiктен?
- Ноғай Ордасының негiзiн қалаған Едiгенің басты жауы кiм болды?
- Ноғай Ордасының ыдырауының басты себебi неде?
- Сiбiр хандырының құрамында қандай қазақ тайпалары болды?
- Тайбұғалықтар деген кiмдер?
- Сiбiр хандырын қандай хандар биледi?
- Сiбiр xaндығын қазақ халкының қалыптасуына ықпaл еттi ме?
- Сарайшық қаласы туралы не білеміз?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма
Мынжасарова Гулсин Алмахановна
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қонаев ауылы
Төле би атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір