Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық тест сұрақтары
1. Күйіс қайтармайтындар
- А) Арқар
- В) Бегемот
- С) Қой
- D) Сиыр
- Е) Елік
2. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар
- А) Домбай
- В) Тарпан, түзат
- С) Құлан
- D) Керқұлан
- Е) Жолат
3. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі
- А) Бура
- В) Бактриан
- С) Қаптағай
- D) Інген
- Е) Дромадер
4. Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде атауы
- А) Нар
- В) Мая
- С) Дромадер
- D) Аруана
- Е) Үлек
5. Қойдың жабайы арғы тегі
- А) Қаракөл қойы
- В) Муфлон, арқар
- С) Дегерес
- D) Гемпшир
- Е) Еділбай қойы
6. Үй қоянның арғы тегі
- А) Ақ қоян
- В) Мардер
- С) Жабайы інқоян
- D) Шынша
- Е) Ангор қоян
7. Шошканың арғы тегі
- А) Доңыз
- В) Қабан
- С) Ландрос
- D) Темврос
- Е) Беркшир
8. Сусар тұқымдасына жатады
- А) Қарсақ
- В) Сабаншы
- С) Аю
- D) Борсық
- Е) Тышқан
9. Ескекаяқтыларға отрядына жатады
- А) Күзен
- В) Қарсақ
- С) Борсық
- D) Түлен
- Е) Қоян
10. Кемірушілер отрядына жатады
- А) Кірпі
- В) Құндыз
- С) Доңыз
- D) Қоян
- Е) Арқар
11. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым
- А) Экология
- В) Генетика
- С) Цитология
- D) Микробиология
- Е) Селекция
12. Генетиканың негізін салушы
- А) К. Э. Коренс
- В) Г. Де Фриз
- С) Г. Мендель
- D) Э. Чермак
- Е) Т. Морган
13. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды
- А) К. Э. Коренс
- В) Г. Де Фриз
- С) Г. Мендель
- D) Э. Чермак
- Е) Т. Морган
14. Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырды
- А) К. Э. Коренс
- В) Г. Де Фриз
- С) Г. Мендель
- D) В. Иогансен
- Е) Т. Морган
15. Шешесі гомозиготалы ІІ топ, әкесі ІV топ. Ұрпақтарының қан топтары болады
- А) І, ІІ, ІІІ
- В) ІІ,ІІІ, ІV
- С) ІІІ,ІV
- D) ІІ,ІІІ
- Е) І, ІІ, ІІІ
16. Г. Мендельдің бірінші заңы
- А) Біркелкілік
- В) Белгінің ажырауы
- С) Тіркес тұқым қуалау
- D) Тәуелсіз таралу
- Е) Толымсыз доминанттылық
17. Г. Мендельдің екінші заңы
- А) Біркелкілік
- В) Белгінің ажырауы
- С) Тіркес тұқым қуалау
- D) Тәуелсіз таралу
- Е) Толымсыз доминанттылық
18. Г. Мендельдің үшінші заңы
- А) Біркелкілік
- В) Белгінің ажырауы
- С) Тіркес тұқым қуалау
- D) Тәуелсіз тұқым қуалау
- Е) Толымсыз доминанттылық
19. Бір-бірінен көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыру
- А) Моногибридті
- В) Дигибридті
- С) Тригибридті
- D) Полигибридті
- Е) Толымсыз
20. Адамның жеке дамуы барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғын анықтайтын әдіс
- А) Цитогенетикалық
- В) Егіздік
- С) Популяциялық
- D) Биохимиялық
- Е) Онтогенетикалық
21. Тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей
- А) Молекулалық-генетикалық
- В) Жасушалық
- С) Ұлпалық
- D) Мүшелік
- Е) Организмдік
22. Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған
- А) ) А. И. Опарин
- В) Ф. Энгельс
- С) А. Н. Северцов
- D) В. И. Вернадский
- Е) В. В. Докучаев
23. Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі
- А) Молекулалық-генетикалық
- В) Жасушалық
- С) Ұлпалық
- D) Мүшелік
- Е) Популяциялық-түрлік
24. Тіршіліктің ғаламдық деңгейі
- А) Молекулалық-генетикалық
- В) Жасушалық
- С) Ұлпалық
- D) Мүшелік
- Е) Биосфералық
25. Сыртында жұқа су қабықшасы бар жоғары молекулалы жиынтық
- А) Коацерваттар
- В) Протобионттар
- С) Прокариоттар
- D) Эукариоттар
- Е) Нәруыз
26. «Тіршілік» деген ұғымға алғаш рет анықтама берген ғалым
- А) А. И. Опарин
- В) Ф. Энгельс
- С) Д. Бернал
- D) В. И. Вернадский
- Е) В. В. Докучаев
27. Тіршіліктің жасушалар мен жасушааралық заттардан тұратын деңгейі
- А) Молекулалық-генетикалық
- В) Жасушалық
- С) Ұлпалық
- D) Мүшелік
- Е) Биосфералық
28. Алғашқы тұтас эволюциялық теория жасаған ең көрнекті трансформист
- А) К. Линней
- В) Ж. Б. Ламарк
- С) Ч. Дарвин
- D) Э. Геккель
- Е) А. Северцев
29. Қосарлы атаутізімді ғылымға енгізген ғалым
- А) К. Линней
- В) Ж. Б. Ламарк
- С) Ч. Дарвин
- D) Э. Геккель
- Е) А. Северцев
30. Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым
- А) К. Линней
- В) Ж. Б. Ламарк
- С) Ч. Дарвин
- D) Э. Геккель
- Е) А. Северцев
31. «Зоология философиясы» атты еңбек жазған ғалым
- А) К. Линней
- В) Ж. Б. Ламарк
- С) Ч. Дарвин
- D) Э. Геккель
- Е) А. Северцев
32. «Табиғи жүйе» және «Ботаника философиясы» еңбектерінің авторы
- А) К. Линней
- В) Ж. Б. Ламарк
- С) Ч. Дарвин
- D) Э. Геккель
- Е) А. Северцев
33. Бәрі кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, генетикалық жүйе құрап, бір түрге жататын даралар жиынтығы
- А) Микроэволюция
- В) Макроэволюция
- С) Популяция
- D) Түр
- Е) Ағза
34. Қолдан сұрыптау кезінде
- А) Тепе-теңдік сақталады
- В) Жаңа түрлер пайда болады
- С) Жаңа іріктемелер шығарылады
- D) Зияндысы жойылады
- Е) Бейімделе алмағандары тіршілігін жояды
35. Табиғи сұрыпталу кезінде
- А) Адамның араласуымен болады
- В) Пайдалы жақтарын алу үшін
- С) Жаңа іріктемелер шығарылады
- D) Жаңа қолтұқымдар шығарылады
- Е) Жаңа түрлер пайда болады
36. Бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес
- А) Түрішілік
- В) Түраралық
- С) Өлі табиғатпен
- D) Классаралық
- Е) Типаралық
37. Микроэволюцияның нәтижесі
- А) Тұқымдас түзілу
- В) Класс түзілу
- С) Түр түзілу
- D) Тип түзілу
- Е) Отряд түзілу
38. Ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажетті бейімделушілік
- А) Бүркеніш рең
- В) Сақтандырғыш рең
- С) Қызықтырушы рең
- D) Қауіп төндіруші рең
- Е) Еліктеуші рең
39. Жауыннан қорғану үшін айбар шегіп құтылу тәсілі
- А) Бүркеніш рең
- В) Сақтандырғыш рең
- С) Қызықтырушы рең
- D) Қауіп төндіруші рең
- Е) Еліктеуші рең
40. Әр түрдің нақты алып жатқан орнын анықтайтын критерий
- А) Физиологиялық
- В) Экологиялық
- С) Биохимиялық
- D) Географиялық
- Е) Этологиялық
41. Бір түрдің зат алмасу, көбею, тітіркену ұқсастығын сипаттайтын критерий
- А) Физиологиялық
- В) Экологиялық
- С) Биохимиялық
- D) Географиялық
- Е) Этологиялық
42. Бір түр мен екінші түр дараларының бір-бірімен шағылыспайтынын көрсететін критерий
- А) Морфологиялық
- В) Генетикалық
- С) Физиологиялық
- D) Биохимиялық
- Е) Географиялық
43. Тірі организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым
- А) Экология
- В) Антропология
- С) Палеонтология
- D) Микология
- Е) Зоология
44. Ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі
- А) Микроэволюция
- В) Макроэволюция
- С) Дивергенция
- D) Идиоадаптация
- Е) Дегенерация
45. Биогенетикалық заңның авторы
- А) А. Н. Северцов пен И. И. Шмальгаузен
- В) Ф. Мюллер мен Э. Геккель
- С) К. М. Бэр
- D) В. О. Ковалевский мен Ю. А. Филипченко
- Е) Ч. Дарвин
46. Тұяқты жануарлардың тарихын зерттеген ғалым
- А) В. О. Ковалевский
- В) Ф. Мюллер мен Э. Геккель
- С) К. М. Бэр
- D) В. О. Ковалевский мен Ю. А. Филипченко
- Е) Ч. Дарвин
47. Организімдердің жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру
- А) Ароморфоз
- В) Идиоадаптация
- С) Дегенерация
- D) Дивергенция
- Е) Конвергенция
48. Организмдердің жеке бейімделушілігің арттырады, бірақ организмнің құрылым деңгейінде ешқандай өзгеріс болмай сол қалпында сақталады
- А) Ароморфоз
- В) Идиоадаптация
- С) Дегенерация
- D) Дивергенция
- Е) Конвергенция
49. Даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, биологиялық регреске әкеледі
- А) Ароморфоз
- В) Идиоадаптация
- С) Дегенерация
- D) Дивергенерайия
- Е) Конвергенерация
50. Дегенерацияның нәтижесі
- А) Адамның шығуы
- В) Белсенді қозғалыстар жасау
- С) Жасушада ядро мен органоидтардың пайда болуы
- D) Құрттардың сезім мүшелері жойылуы
- Е) Ми қыртысының қарқынды дамуы
51. Аналогтық мүшелер
- А) Жарғанаттың қанаты мен тышқанның алдынғы аяғы
- В) Көбелек пен құстың қанаттары
- С) Үйректұмсық пен түрпінің жұмыртқа
- D) Кесіртке мен киттің алдыңғы аяғы
- Е) Итмұрынның тікенектері
52. Гомологиялық мүшелер
- А) Көбелек пен құстың қанаттары
- В) Үйректұмсықтың жұмыртқа салуы
- С) Балық пен өзеншаянының желбезектері
- D) Көртышқан мен бұзаубастың аяқтары
- Е) Жарғанаттың қанаты мен тышқанның алдынғы аяғы
53.Тірі табиғат, яғни тірі организмдер туралы көп салалы ғылым
- A) Ботаника
- B) Анатомия
- C) Экология
- D) Морфология
- E) Биология
54. Қазақстанда Мемлекеттік қорықтардың саны
- A) 15
- B) 13
- C) 9
- D) 7
- E) 10
55. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер
- A) Митохондрия
- B) Ядро
- C) Цитоплазма
- D) Пластидтер
- E) Рибосома
56. Іші шырынға толы, қабықшасы бар қуыс
- A) Цитоплазма
- B) Вакуоль
- C) Митохондрия
- D) Пластидтер
- E) Рибосома
57. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, қолайсыз жағдайдан сақтайтын ұлпа
- A) Негізгі
- B) Жабын
- C) Өткізгіш
- D) Түзуші
- E) Тірек
58. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы
- A) Мүше
- B) Ұлпа
- C) Мүшелер жүйесі
- D) Организм
- E) Популяция
59. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр
- A) Қосалқы
- B) Жанама
- C) Кіндік
- D) Шашақ
- E) Негізгі
60. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр
- A) Қосалқы
- B) Жанама
- C) Негізгі
- D) Шашақ
- E) Кіндік
61. Органикалық тыңайтқышқа жатпайды
- A) Қи
- B) Азот
- C) Шымтезек
- D) Қарашірік
- E) Құс саңғыры
62. Жемтамырға жатпайды
- A) Қызылша
- B) Сәбіз
- C) Шомыр
- D) Батат
- E) Қант қызылшасы
63. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ аталады
- A) Бүршік
- B) Өркен
- C) Буын
- D) Буынаралық
- E) Бұйыққан бүршік
64. Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен
- A) Гүл
- B) Жеміс
- C) Тамыр
- D) Аталық
- E) Аналық
65. Тұқым бүршігі болатын, аналықтың ең негізгі бөлігі
- A) Тозаң
- B) Аналық аузы
- C) Аналықтың мойны
- D) Жатын
- E) Тозаңқап
66. Өсімдіктің көбею мүшелеріне жатады
- A) Тамыр, сабақ
- B) Сабақ, жапырақ, гүл
- C) Тамыр, жеміс, тұқым
- D) Гүл, жеміс, тұқым
- E) Гүл, жеміс, жапырақ
67. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы
- A) Гүл серігі
- B) Гүл табан
- C) Гүлшоғыр
- D) Гүл сағағы
- E) Күлте
68. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер
- A) Шие
- B) Алма ағашы
- C) Асқабақ
- D) Алхоры
- E) Қайың
69. Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер
- A) Жүгері
- B) Қарабидай
- C) Қайың
- D) Құлмақ
- E) Алма ағашы
70. Тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі
- A) Жеміс
- B) Тұқым
- C) Гүл
- D) Ұрық
- E) Өркен
71. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдік аталады
- A) Екі үйлі
- B) Бір үйлі
- C) Қос жарнақты
- D) Дара жарнақты
- E) Қос гүлсерікті
72. Қос жарнақты өсімдіктерге жатады
- A) Жуа
- B) Бидай
- C) Пальма
- D) Күнбағыс
- E) Лалагүл
73. Дара жарнақты өсімдіктерге жатады
- A) Күнбағыс
- B) Қауын
- C) Үрмебұршақ
- D) Қияр
- E) Бидай
74. Тұқымның өнуіне қажет
- A) Су, жел, ауа
- B) Жылу, жаңбыр
- C) Су, жылу, ауа
- D) Жел, ауа, қорек
- E) Қорек, су, жылу
75. Толық түрленіп даму сатысы
- A) Жұмыртқа – дернәсіл – ересек жәндік
- B) Жұмыртқа – ересек жәндік
- C) Дернәсіл – жұмыртқа – ересек – жәндік
- D) Дернәсіл – жұмыртқа – қуыршақ – ересек жәндік
- E) Дернәсіл – қуыршақ – ересек жәндік
76. Шала түрленіп дамитын бунақдене
- A) Қоңыз
- B) Көбелек
- C) Ара
- D) Шыбын
- E) Шегіртке
76. Толық түрленіп дамитын бунақдене
- A) Шегіртке
- B) Инелік
- C) Тарақан
- D) Дәуіт
- E) Көбелек
77. Жыныс жасушасы аталады
- A) Спора
- B) Зооспора
- C) Зигота
- D) Гамета
- E) Хромосома
78. Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан
- A) Л. Пастер
- B) Р. Гук
- C) А. Левенгук
- D) Ч. Дарвин
- E) К. Линней
79. Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым
- A) Анатомия
- B) Микробиология
- C) Экология
- D) Энтомология
- E) Орнитология
80. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті бактерия
- A) Шіріту
- B) Түйнек
- C) Цианобактерия
- D) Топырақ
- E) Ауру туғызатын
81. Бактерия арқылы таралатын ауру
- A) Тұмау
- B) Қызылша
- C) Шешек
- D) Қызамық
- E) Ұшық
82. Вирус арқылы таралатын аурулар
- A) Құздама
- B) Қызамық
- C) Туберкулез
- D) Қызылша
- E) Сальмонелла
83. Алғаш рет вирусты ашқан
- A) Н.И. Вавилов
- B) К. Линней
- C) Л. Пастер
- D) Ж. Б. Ламарк
- E) Д. И. Ивановский
84. Жасушасы жоқ, өте ұсақ ағзалық зат
- A) Бактерия
- B) Спора
- C) Зигота
- D) Вирус
- E) Бактериофаг
85. Балықтарды зерттейтін ғылым
- A) Орнитология
- B) Маммология
- C) Ихтиология
- D) Энтомология
- E) Этология
86. Балықтың денесі тұрады
- A) Бас, мойын, тұлға, құйрық
- B) Бас, мойын, түлға
- C) Бас, тұлға, құйрық
- D) Баскөкірек, құрсақ
- E) Бас, көкірек, құрсақ
87. Балықтың тыныс алу мүшесі
- A) Өкпе
- B) Ылғалды тері
- C) Желбезек
- D) Кеңірдек
- E) Ауатамырлар
88. Шеміршекті балықтар
- A) Қортпа
- B) Шоқыр
- C) Акула
- D) Пілмай
- E) Бахтах
89. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым
- A) Орнитология
- B) Ихтиология
- C) Герпетология
- D) Маммология
- E) Энтомолоия
90. Күйіс қайратын жануарлардың қарны
- A) 2 бөлімді
- B) 3 бөлімді
- C) 4 бөлімді
- D) 5 бөлімді
- E) 1 бөлімді
91. Сүтқоректілердің жүрегі
- A) 2 қуысты
- B) 3 қуысты
- C) 5 қуысты
- D) 4 қуысты
- E) 6 қуысты
92. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер
- A) Түрпітек
- B) Құндыз
- C) Жұпартышқан
- D) Кәмшат
- E) Ондатра
93. Ұшатын сүтқоректілер
- A) Ақбауыр жарқанат
- B) Жұпартышқан
- C) Құлақты кірпі
- D) Түрпітек
- E) Түрпі
94. Кемірушілерге жатады
- A) Жұпартышқан
- B) Қара кірпі
- C) Қалқанқұлақ
- D) Ондатра
- E) Жертесер
95. Сусар тұқымдастарына жатады
- A) Қоян
- B) Бұлғын
- C) Түлкі
- D) Мысық
- E) Ит
96. Жұптұяқтыларға жатады
- A) Бегемот
- B) Жылқы
- C) Құлан
- D) Жолат (зебр)
- E) Тарпан
97. Көңтабандылар отрядына жатады
- A) Жылқы
- B) Сиыр
- C) Шошқа
- D) Бегемот
- E) Түйе
98. Айыр өркешті түйені ғылыми тілде
- A) Дромадер
- B) Бактриан
- C) Түйетек
- D) Түйебас
- E) Таутайлақ
99. Ата-ананың тұқым қуалайтын қасиеттерін ұрпаққа жеткізеді
- A) Лизосома
- B) Митохондрия
- C) Лейкоцит
- D) Хромосома
- E) Рибосома
100. Организм клеткаларындағы хромосомалар саны
- A) 43
- B) 44
- C) 45
- D) 46
- E) 42
101. Күрделі затты жай құрамға ыдырататын активті зат
- A) Нәруыз
- B) Гормон
- C) Фермент
- D) Нуклеин қышқылы
- E) Тироксин
102. Эпителий ұлпасының қызметі
- A) Оттегіні тасымалдау
- B) Қорғаныш
- C) Жиырылу
- D) Созылу
- E) Қозуды өткізу
103. Жүйке жасушасы аталады
- A) Нейрон
- B) Фермент
- C) Нейроглия
- D) Хромосома
- E) Лизосома
104. Шеткі жүйке жүйесіне жатады
- A) Ми
- B) Жұлын
- C) Жүйке
- D) Нейрон
- E) Жүйкелер, жүйке түйіндері
105. Жұлыннан таралатын аралас жүйкелер саны
- A) 12 жұп
- B) 32 жұп
- C) 10 жұп
- D) 11 жұп
- E) 31 жұп
106. Жұлынның негізгі қызметі
- A) Жиырылу, өткізу
- B) Көбею, өткізу
- C) Өсу, рефлекстік
- D) Өткізу, рефлекстік
- E) Созылу, рефлекстік
107. Мидың орташа салмағы
- A) 1000-1200 г
- B) 2000-2500 г
- C) 1800-2000 г
- D) 1300-1400 г
- E) 1200-1700 г
108. Ми қарыншаларындағы сұйықтық
- A) 130-140 мл
- B) 120-130 мл
- C) 100-110 мл
- D) 200-250 мл
- E) 200-210 мл
109. Ми сыңарларының бетінің көлемі
- A) 2000-3000 см3
- B) 2000-2500 см3
- C) 1500-1800 см3
- D) 1900-2000 см3
- E) 2000-2100 см3
110. Мидың торлы қабығының қабынуы
- A) Энцефалит
- B) Арахноидит
- C) Гепатит
- D) Гипертония
- E) Бас сақинасы
111. Мишықтың қызметі
- A) Ойлау
- B) Асқорыту
- C) Қимыл-әрекетті реттеу
- D) Тыныс алуды реттеу
- E) Көңіл-күйді реттеу
112. Ауырсыну сезімін қабылдап, хабар туғызатын рецептор
- A) Механорецептор
- B) Экстрарецептор
- C) Осморецептор
- D) Ноцицептор
- E) Рецептор
113. Көздің қарашығы орналасқан
- A) Қасаң қабықша
- B) Нұрлы қабықша
- C) Ақ қабықша
- D) Тамырлы қабықша
- E) Торлы қабықша
114. Құтышалар мен таяқшалар орналасады
- A) Ақ қабықта
- B) Қасаң қабықта
- C) Тамырлы қабықта
- D) Торлы қабықта
- E) Нұрлы қабықта
115. Адамның көзіндегі таяқшалар саны
- A) 100 млн
- B) 120 млн
- C) 200 млн
- D) 130 млн
- E) 7 млн
116. Адамның көзіндегі құтышалардың саны
- A) 4 млн
- B) 5 млн
- C) 3 млн
- D) 6 млн
- E) 7 млн
117. Көзге түрлі түс беретін бояу клеткалары орналасады
- A) Тамырлы қабықта
- B) Көздің қарашығында
- C) Нұрлы қабықта
- D) Торлы қабықта
- E) Қасаң қабықта
118. Адамда нәрсенің түсін айыра алмайтын ауру
- A) Бақшаңкөз
- B) Дальтонизм
- C) Кретинизм
- D) Ақшам соқыр
- E) Микседема
119. Құлық түзіледі
- A) Сыртқы құлақта
- B) Ішкі құлақта
- C) Ортаңғы құлақта
- D) Жарғақ қуысында
- E) Дабыл жарғағында
120. Вестибула мүшесі орналасқан
- A) Жарғақ қуысында
- B) Ортаңғы құлақта
- C) Ішкі құлақта
- D) Сыртқы дыбыс жолында
- E) Дабыл жарғағында
121. Тілдің ұшы сезеді
- A) Ащыны
- B) Қышқылды
- C) Тұздыны
- D) Тәттіні
- E) Тұзды, тәттіні
122. Тілдің түп жағы сезеді
- A) Қышқылды
- B) Тәттіні
- C) Тұзды
- D) Тәттіні, тұзды
- E) Ащыны
123. Қалқанша безінің гормоны
- A) Паратгормон
- B) Адреналин
- C) Вазопрессин
- D) Тироксин
- E) Окситоцин
124. Ішкі секреция бездерінің ауруларын зерттейтін ғылым
- A) Стоматология
- B) Кардиология
- C) Эндокринология
- D) Гематология
- E) Гельминтология
125. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі
- A) Биогеоценоздық
- B) Биосфералық
- C) Ағзалық
- D) Популяциялық, түрлік
- E) Жасушалық
126. Көмірсуға жатады
- A) Глицерин
- B) Альбумин
- C) Гемоглобин
- D) Миозин
- E) Глюкоза
127. Күрделі көмірсуға жатады
- A) Лактоза
- B) Фруктоза
- C) Рибоза
- D) Галактоза
- E) Крахмал
128. 1 грамм көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия
- A) 34,2 кДж
- B) 35,2 кДж
- C) 15,2 кДж
- D) 17,6 кДж
- E) 44 кДж
129. 1 грамм май ыдырағанда бөлінетін энергия
- A) 38,9 кДж
- B) 37,6 кДж
- C) 35,6 кДж
- D) 17,6 кДж
- E) 40 кДж
130. Нәруыздың мономерлері
- A) Нуклеотидтер
- B) Нуклеин қышқылы
- C) Амин қышқылы
- D) Глицерин
- E) Глюкоза
131. Өсімдік жасушаларында қорға жиналатын зат
- A) Гликоген
- B) Крахмал
- C) Май
- D) Нәруыз
- E) Липит
132. Көмірсудың негізгі қызметі
- A) Құрылымдық
- B) Ферментативтік
- C) Энергетикалық
- D) Реттеу
- E) Тасымалдау
133. ДНҚ құрамында жоқ нуклеотид
- A) Аденин
- B) Гуанин
- C) Тимин
- D) Цитозин
- E) Урацил
134. РНҚ құрамында жоқ нуклеотид
- A) Аденин
- B) Гуанин
- C) Урацил
- D) Тимин
- E) Цитозин
135. РНҚ молекуласының ДНҚ-дан айырмашылығы
- A) Бір желілі
- B) Екі желілі
- C) Үш желілі
- D) Төрт желілі
- E) Бес желілі
136. Нәруыз биосинтезі жүреді
- A) Цитоплазмада
- B) Эндоплазмалық торда
- C) Рибосомада
- D) Митохондрияда
- E) Ядрода
137. Фотосинтез үдерісі жүреді
- A) Саңырауқұлақта
- B) Бактерияда
- C) Вируста
- D) Өсімдікте
- E) Жануарда
138. Ғылым тарихына жүйелеу атасы ретінде енді
- A) А. Левенгук
- B) Ж. Б. Ламарк
- C) Р. Гук
- D) Л. Пастер
- E) К. Линней
139. Ағзалардың өз ата тектеріне ұқсау және кейбір белгілерін өз ұрпақтарына беру қасиеті
- A) Өзгергіштік
- B) Тұқымқуалаушылық
- C) Тіршілік үшін күрес
- D) Табиғи сұрыпталу
- E) Қолдан сұрыптау
140. Түрлер мен түршелердің пайда болу үдерісі
- A) Макроэволюция
- B) Микроэволюция
- C) Дивергенция
- D) Ароморфоз
- E) Дегенерация
141. Түрден кіші жүйелік санат
- A) Түрше
- B) Ағза
- C) Популяция
- D) Эволюция
- E) Дивергенция
142. Морфологиялық – физиологиялық кері кету
- A) Идиоадаптация
- B) Ароморфоз
- C) Дегенерация
- D) Макроэволюция
- E) Микроэволюция
143. Морфологиялық – физиологиялық үдеріс
- A) Макроэволюция
- B) Дегенерация
- C) Ароморфоз
- D) Идиоадаптация
- E) Микроэволюция
144. Осы заман типіндегі адамдар
- A) Питекантроп
- B) Синантроп
- C) Австролопитек
- D) Неандерталдық
- E) Кроманьондық
145. Құстарды зерттейтін ғылым
- A) Маммология
- B) Ихтиология
- C) Герпетология
- D) Орнитология
- E) Гельминтология
146. Құстардың жүрегі
- A) Екі қуысты
- B) Үш қуысты
- C) Төрт қуысты
- D) Бес қуысты
- E) Бір қуысты
147. Ұшуға бейімделуіне байланысты құстарда болмайды
- A) Өкпе
- B) Бүйрек
- C) Бауыр
- D) Қуық
- E) Қарын
148. Төс сүйегінде қыры болмайтын құс
- A) Тырна
- B) Жапалақ
- C) Аққу
- D) Түйеқұс
- E) Тауық
149. Балапаны қызылшақа
- A) Тауық
- B) Үйрек
- C) Қаз
- D) Аққу
- E) Торғай
150. Балапаны ширақ
- A) Торғай
- B) Сауысқан
- C) Көгершін
- D) Тоқылдақ
- E) Қаз
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің «ЖББ №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Карибаева Перизат Сериковна
Биология пәнінен ҰБТ-ға дайындық тест сұрақтары