Физикалық дене, зат, салмақ. Заттардың құрылымы және диффузия. Таза заттар мен қоспалар

Физикалық дене, зат, салмақ. Заттардың құрылымы және диффузия. Таза заттар мен қоспалар

Сабақтың тақырыбы: Физикалық дене, зат, салмақ. Заттардың құрылымы және диффузия. Таза заттар мен қоспалар.

Мақсаты:

  • Білімділік: Физикалық денеге, затқа түсінік беру, олардың құрамы және қасиеті. Физикалық денені өлшеудің әдісімен таныстыру. Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездесетінін айқындап, оларда кездесетін түрлі құбылыстардың сыр-сынығымен танысу.
  • Дамыту: Тәжірибелер жүргізе отыра таза заттар мен қоспалар арасындағы айырмашылықты айта отыра сабақты дамыту.
  • Тәрбиелік мәні: Кейбір тәжірибелік жұмыстарды жасағанда олардың қауіпсіздік ережелерін үйрету.

Сабақ көрнекілігі: шыны ыдыс, қасық, қант, су, бор, темір ұнтағы, күкірт, сия, иіс су, майшам және суреттер, карта, интерактив тақта.

Әдісі: сұрақ-жауап, тәжірибе жасау

Пәнаралық байланысы: химия, физика, география.

Физикалық дене, зат, салмақ. Заттардың құрылымы және диффузия. Таза заттар мен қоспалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, кезекшімен жұмыс

II. Үй тапсырмасын сұрау

1. Сәйкестендіру

  • Термосфера – метеорлар отқа айналады
  • Мезосфера – ең жоғарғы қабат
  • Стротосфера – бұлттар өте көп орналасқан қабат
  • Тропосфера – ұшақ ұшады

2. Кім жылдам

  1. Климаттың түрлерін жаз
  2. Климаттың негізгі түрлерін жаз
  3. Климат сөзінің мағынасы
  4. Экватор климатының басқа климаттан өзгешелігі
  5. Алғашқы метеорлогтар
  6. «Метеорология» деген 4 кітап авторы
  7. Ауа райының негізін не құрайды?
  8. Қазақстан климаттың қай түрінде орналасқан

3. Ең-ең

  • Ең суық климат түрі —
  • Ең ыстық климат түрі —
  • Ең суық жер —
  • Еқ құрғақ жер —
  • Қазақстандағы ең суық жер —
  • Ең ылғал мол түсетін жер —
  • Қазақстандағы ең құрғақ жер —
III. Жаңа сабақ

Физикалық дене — бізді қоршаған зат. Зат — физикалық дененің құрамдас бөлігі. Ал, кейбір заттар температураның әсеріне тәуелді.

Мысалы: 1 май шамды жағатын болсақ онда одан парафин еріп ағады және көлемін өзгертеді. Шыны ыдыстың ішіне су құйып мұздатқышқа қойсақ онда су қатты күйге енеді де, шыны шытынап сынады су көлемін ұлғайтады, оны қайта жылы жерге қойсақ ол сұйықтыққа айналып ауырлай түседі. Кейбір кішкене жәндіктер су бетіне батпай еркін жүреді. Мұнда сұйықтың қабығы бар деп ойлаймыз, мұны беттік керіліс деп атаймыз. Енді шыны ішіндегі суға кішкене ағашпен қағаз салсақ біраз уақыт өткенде қағаз батады да, ағаш тұра береді мұны беттік керіліс дейміз.

Егерде заттың газ күйін айқындайтын болсақ, суға шыны стаканды және басқа бір ыдысты төңкеріп батыратын болсақ, олардың көлемін су толық толтырмайды, себебі: бос орында бір зат бар, ол ауа дәлірек айтсақ ол әртүрлі газдар: азот, оттегі, судың буы т.б. Газ — тез сығылады дегенмен оның нақты пішіні болмайды.

Кез – келген заттың өзіндік салмағы бар. Салмақты негізінен таразымен өлшейді. Масса бірлігіне «кг» пайдаланылады.

Заттың құрылымы

Бізді қоршаған дүниенің барлығы кішкене атомнан тұрады. Бірнеше атомдар жинақталып молекула түзеді. Атом да молекула да үнемі қозғалыста болады, мұны қалай дәлелдеуге болады. Мысалы: мен мына иіс суды бөлмеге септімол ауаға тез ыдырап қозғалысқа еніп сіздердің мұрындарыңызға жетті. Суға сия құйсақ мұнда да суда сияның молекулалары ұдайы қозғалыста болып, тез араласып кетті және сол судың ішіндегі орындарды толтырды. Сонда бір заттың араларындағы бос орындарға таралуын диффузия деп атаймыз. Диффузия сөзі латынша жайылу, таралу дегенді білдіреді.

Таза заттар және қоспалар

Мысалы: Су — таза зат. Қант — таза зат. Енді қантты суға салып араластырсақ ол қоспаға айналады, мұны бір текті қоспа деп атаймыз. Себебі: ол көзге көрінбейді, тіпті микроскоп көмегімен де көре алмаймыз. Енді, су – таза зат және борды алдым. Суға борды салып араластырсақ, бор су ішінде бізге айқын көрініп тұр, мұны әртекті қоспа дейміз. Себебі: бор әртүрлі заттардың қосындысы ондағы кейбір заттар сумен қосылысқа түспейді және оны біз көзбен еркін көреміз. Мұнымен біз не айтамыз: Жер бетіндегі барлық затттар таза күйде болмайды, олардың барлығы қоспа күйінде болады. Қоспа дегеніміз — әртүрлі заттардың жиынтығы.

IV. Қорытынды
  • Физикалық денелерге нені жатқызамыз —
  • Заттың негізгі 3 күйі —
  • Заттың құрылымы неден тұрады —
  • Молекула дегеніміз не —
  • Атом дегеніміз не —
  • Диффузия —
  • Таза заттар дегеніміз не —
  • Қоспа дегеніміз не —
V. Үй тапсырмасы

Стаканға жылы су (+30, +50 градус Цельсия) құйыңдар. Шыны түтікше жәрдемімен су түбіне 1 тамшы күнбағыс және соя майын үргілеп түсіріңдер. Май тамшысының көтерілу процесін байқаңдар. Су ішінде ол қандай пішін қабылдады? Су бетіндегі тамшының пішіні қандай болады? Бақылаңдар.

Шарды алып үрлеп газдың қалай босатындығын маған айқындап келіңдер

VI. Бекіту

Сабаққа қатысқан балаларға мақтау айтып бағалау, сабаққа қатыспағандарға ескертулер беру

Сабақтың тақырыбы: Физикалық дене, зат, салмақ. Заттардың құрылымы және диффузия. Таза заттар мен қоспалар.

Добавить комментарий