Қош келдің Жаңа жыл балабақша сценарийі

Қош келдің Жаңа жыл балабақша сценарийі

Қош келдің Жаңа жыл балабақша сценарийі — Жаңа жыл мерекесі

Ертенгіліктің мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.

  • Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
  • Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.

Көрнекілігі: Сиқырлы таяқшалар, әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.

Кейіпкерлер:

  1. Аяз ата — Айжан апай
  2. Ақшақар — Нәзира апай
  3. Қоян — Индира апай
  4. Сыйқыршы — Болат апай
  5. Алдар көсе — Айсұлу апай
  6. Аққала — Жанна апай
  7. Жалмауыз әже — Дана апай
  8. Ескі ұлу жылы — Айнұр апай
  9. Жаңа жылан жылы — Асел апай
  10. Жүргізуші — Айгерім апай
  11. Көмекшілері — Жазира, Нұргүл апайлар
  12. Жүргізілген топ — «Күншуақ» тобы

Қош келдің Жаңа жыл балабақша сценарийі

Ертенгіліктің барысы

Музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

Жүргізуші — «Күншуақ» елінің «Жаңа жыл» мерекесінің құрметті қонақтарын қарсы алыңыздар

— «Күншуақ» — елінің сыйқыршы балаларын қарсы алыңыздар

— Сыйқыршылар елінен — сыйқыршы мырза

— Орман әлемінен — қоян батыр

— Ескі жылымыз — Ұлу ханым — қош келдіңіздер!

Жалмауыз:

— Ах, мені мерекелеріне шақырмайын деген екенсіңдер! Мен, мен жалмауыз әже әдемі көйлегімді киіп келсем сендер мені қонақ қылдырмайсыңдар! Мә, саған! – деді де бәрін қатырып тастайды.

Алдар көсе:

Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Дабыл соғып қағыңыздар
Шашу шаттық себеді-

деп әндетіп келе жатқан кезінде шыршаның артына жалмауыздан қорқып тығылып қалған қоян жылап шығады

Қоян:

— Алдар көке, жаңа жыл болмас енді жалмауыз әже бәрін қатырып тастады. Енді не қыламыз?

Алдар көсе:

— Уайымдамандар, біз бұның есебін табамыз біздің балапандарымыз сыйқырланбаған ғой, қазір біз олардың көмегімен сыйқырды жоямыз. Енді менімен бірге:

Ақ моншақ болып шашылсын
Жасыл шырша жағылсын

— 3-рет сонда ғана сыйқыр жойылады.

Балалар Алдар көсенің айтқаның жасады жасыл шырша жағылып қонақтар сыйқырдан босатылды. Мәз мейрам болып «Жаңа жыл» мерекесі басталды.

Қоян:

— Мен ақ қоянмын, сендерге менің сыйлығым бар. Мен «Жасыл шыршаға» арнап әсем ән алып келдім бірге орындайық.

«Жасыл шырша жанында» әні
Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев
Әнін жазған: Л. Хамиди

Сыйқыршы:

— Құрметті қонақтар менің сіздерге арналған сыйқырым бар, көрсетуге рұқсат етіңіздер! (Сыйқыршы сыйқырын көрсетеді)

Жүргізуші:

— Сыйқыршы мырза, біздің де сізге деген сыйлығымыз бар бізде балалар да сыйқыр көрсете алады. Айым мен Диляраның сыйқырына назар аударыңыздар!

(Қыздар бір-бірлерінің мойындарынан қызыл лента сыйқырлы сөз айтып шығарады)

Жүргізуші:

— Сыйқырды көрдік, қонақтарды қарсы алдық енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?

— Аяз ата мен Ақшақар!

— Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы:

Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!

(Ортаға Аяз ата мен Ақша қар кіреді)

Аяз ата:

Армысыңдар, қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!

1 thought on “Қош келдің Жаңа жыл балабақша сценарийі”

Добавить комментарий