Қош келдің, Жаңа жыл! — балабақша сценарий — бұл Қазақстандағы балабақшаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі. 2025-2026 Жаңа жыл балабақша сценарий.
Сценарий мақсаты:
- Балаларды Жаңа жылмен құттықтау және сыйлықтар беру. Балаларға бір-бірін құттықтау және тілек айтуды үйрету.
- Балаларды Аяз атамен және ертегілер кейіпкерлерімен таныстыру.
- Спектакльдер мен көріністерге қатысу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өлеңдер мен әндер арқылы есте сақтау қабілетін және шығармашылық ойлауын дамыту.
Қатысушылар: жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, сайқымазақтар, балабақша балалары.
I. Кіріспе
Зал әдемі безендірілген, шырша жанып тұр. Әуен ойнап тұрады. Тәрбиеші балаларды ортаға шақырады.
Тәрбиеші:
Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз сіздермен бірге ең ғажайып мерекені — Жаңа жылды қарсы аламыз! Балаларымыздың өнеріне қош келдіңіздер!
Балалар, қане, бәріміз жаңа жылды шаттықпен қарсы алайық!
Жүргізуші:
Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
II. Ертегілер еліне саяхат
Тәрбиеші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші:
Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1-Сайқымазақ: Армысыздар, халайық!
2-Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1-Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2-Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Ән: «Жаңа жыл»
(кез келген балабақша репертуарындағы жеңіл ән)
Балалар шыршаны айналып, ән айтады.
1-Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, ойын ойнап, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
III. Жаңа жылдық ойындар
Жүргізуші:
Бүгінгі бірінші ойынымыз — Қар түйіршіктері. Қане, балалар, келіндер
Балалар екі командаға бөлініп, мақтадан жасалған «қарды» шелекке жинайды. Музыка қосылады.
Жеңімпаздарға кішкентай жұлдызшалар беріледі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Барлық қарды жинап алдыңдар!
Жүргізуші: Балалар, сендерге ойын ойнаған ұнады ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Тағы біраз ойнайық! Екінші ойынымыз — Мұз қатып қалдық.
Музыка ойнағанда балалар билейді. Музыка тоқтағанда бәрі «мұз» болып қатып қалады. Қозғалып қойған бала келесі айналымға көрермен болады.
IV. Аяз Ата мен Ақшақар
Жүргізуші:
Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші:
Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2-Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата Ақшақарымен бірге кіріп келеді)
Аяз Ата:
Аяулы ата — аналар, ардақты ұл — қыздарға, бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады)
Ақшақар:
Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар:
Аяз ата, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан», «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық.
(Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады)
Аяз ата:
Бәрекелді, балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Би
(билеп жатқанда ескі жыл шығады)
V. Ескі жыл мен Жаңа жыл
Ескі жыл: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2025 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын жылқыға берем
(Сахнаға жылқы шығады)
Жылқы: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ескі жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Ескі жыл, қош бол!
Ақшақар: Қош келдің, Жаңа жыл!
Аяз Ата: Ал, айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән: «Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді)
Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Жаңа жыл: Құрметтеріңізге рахмет. Шың көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аяз ата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жаңа жылдық би
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу
VI. Жаңа жылдық тақпақтар
Жүргізуші: Қане, балалар, Аяз атамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей, балалар, біріміздің артымызға тұрып алып Аяз атаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
(Аяз ата ортада отырып балалардың тақпақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)
1-бала:
Жаңа жылым келіпті,
Шырша күні жаныпты.
Ақ қар болып жауады,
Қуантады бәрін де
2-бала:
Аяз ата ақ сақал,
Балаларға дос қонақ.
Сыйлық толы қоржыны,
Бәрімізді қуантпақ
3-бала:
Аққала тұр аулада,
Қолында бар сыпырғыш.
Көздері де көмірден,
Қарап тұр ол жылылық
4-бала:
Қар жауып тұр баяулап,
Жер бетінде ақ мамық.
Жаңа жылдық мерекем,
Келші бізге, қонақ боп
5-бала:
Біздің үйге жетіпті
Жылдың жаңа қонағы.
Жаңа жылда бар болсын
Бақыт, қуаныш, мол әні!
Аяз Ата: Сендер өте кереметсіңдер! Мені де, қонақтарымызды да тақпақтарыңызбен қуанттыңыздар!
VII. Қорытынды
Аяз ата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым. Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар
1-Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2-Сайқымазақ:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын!
Соңы
Қош келдің, Жаңа жыл! — балабақша сценарий