Наурыз – жыл басы!

Наурыз – жыл басы!

Наурыз – жыл басы!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының «Бата беру» «Жеті ата» ғұрпын және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Мұғалім:

Армысыздар, ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық.
Тойға шашу шашайық!

Шашу шашылады

Мұғалім:

Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Жыр шашуын шашайық.

Ән: «Ән шашу»

Мұғалім:

Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, бестік баға мол болсын.
Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып .
Шатырында үйлердің наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып

Армысыңдар Ару көктем, Наурыз айы, Күн мен Түн. Төрлетіндер, біз сендерді асыға күтудеміз. Елімізге құт болып кіріп, балаларға шаттық сыйлаңыздар.

Наурыз айы:

Армысыңдар, балалар
Тағы келдім сендерге
Наурыз тойын тойлайтын
Келіп жеттім елдерге
Наурыз айы көктеммін
Жарқырайды көкте күн.
Сәбилерді қуантып
Былтыр келіп кеткенмін
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы мен болам.

Мұғалім:

Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір төрлет
Ел болып көрсетіп жатыр
Сый құрмет!
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала қарлы шың.
Келді наурыз жар салып
Би билейік ән салып
Жылда келсін Ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып.

Мұғалім: Оқушыларымыздың Наурыз туралы тақпақтарын тыңдыңыздар

(Күн мен түн киінген екі қыз шығады)

Күн:

Сәлем саған жас Наурыз!
Аспаннан төгіп күн нұрын,
Жарыққа кеңелтем жердің жүзің
Қызу еңбек қайнатам,
Асыр салып баланы да ойнатам.
Адамдардың атқаратын қызметін,
Қадағалап отыру менің міндетім!
Әр күніміз сәтті болсын демекпін!
Қыдыр ата қолдасын
Жақсылыққа табыстарға жолдасын

Түн:

Жұлдызды көп Түнмің
Ал енді мен қысқарам
Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап
Гүлмен жерді жайнатып
Гүлдей, Наурыз, сен енді
Көктем қандай шуақты.
Көктем жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді.
Наурыз тойым! Наурыз тойым!
Құтты болсын халайы!
Кәне достар, кәне достар!
Шырқап әнге салайық

Ән: «Тұлпарым»

Ортаға Наурыз шығып оқушыларға мынындай сұрақтар қояды

Наурыз:

  1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім? — Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Жаңбыр жаумаса жер жетім. Басшы болмаса ел жетім
  2. Қандай ырыммен тыйым сөздер білесіңдер?
  3. Сүттен жасалатын тағамды ата. — Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ
  4. Ұлттық ойындарды ата. — Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге ілу, ақсүйек, тоғызқұмалақ
  5. Наурыз көже қалай жасалады? — Жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады
  6. Жеті қазынаны ата. — Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, берен мылтық

Ән: «Мама»

Балалар, қазақтың әдеп-ғұрыптарының бірі «Жеті ата»

«Жеті атасын білген ұл — жеті жұрттың қамын жер» демекші әр адам өзінің жеті атасын білуі — көрегенділікпен білімділігін, ата көргендігін танытады. Білмесе, «Жеті атасын білмеген — жетесіз» деп сөккен.

Жеті атаға — Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Би: «Батырлар биі»

Біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан біз өз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.

Дәстүр – халықтың атадан-балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи, әлеуметтік, мәдени тұрмыстық, әдет-ғұрып, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі. Қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай.

Солардың бірі, «Бата, бата беру , бата алу» балалар сендер өте ұқыптылықпен тыңдап алыңдар.

Біздің данагөй бабаларымыз «Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деп айтып кеткен. Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан қазақтар ежелден қадірлі қариялардан, атақта батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Бүгінгі бізге қонаққа келген Зұлқия апамыз бізге бата және оның түрлері жайлы айтып береді. Бәріміз тыңдап алайық.

Би: Қамажай

Қымбатты қонақтар, Ұлыстың ұлы күні наурыз тойы құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, келгендеріңізге көп рахмет! Мерекелік дастарханға шақырамыз!

Добавить комментарий