Қош келдің, әз Наурыз! — қазақша сценарий

Қош келдің, әз Наурыз! - қазақша сценарий

Қош келдің, әз Наурыз! — қазақша сценарий

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Наурыз — 2024» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Қош келдің, әз Наурыз!

Мұғалім:

Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1 — жүргізуші:

Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.

2 — жүргізуші:

Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.

1 — жүргізуші:

Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.

2 — жүргізуші:

Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 — жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Айя:

Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Жазира:

Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Айжан:

Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім:

Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 — жүргізуші:

Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 — жүргізуші:

Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

  1. 1 – жұп: Дильназ бен Арсен
  2. 2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
  3. 3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 — жүргізуші:

Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.

  1. 1 — бөлім: «Кел, танысайық»
  2. 2 — бөлім: «Ағаш көркі жапырық»
  3. 3 — бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»
  4. 4 — бөлім: «Мені жалғастыр»
  5. 5 — бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

2 — жүргізуші:

Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? — деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос:

Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Назгүл:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 — жүргізуші:

Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 — жүргізуші:

Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.

  1. Сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
  2. Сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10 см)
  3. Сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай… (ауа, тағам, жылу, жарық, су)
  4. Сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
  5. Сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
  6. 6 – сұрақ: Жұмбақ
    Ағаштардың көсемі
    Мәңгі жасыл бұтағы.
    Мекен ғып тау өлкені,
    Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина:

Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет:

Наурызым — тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!

Ән: «Аққуым менің»

(Орындайтын Оразбаева Айя)

1 — жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді)

Ақмерей:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен:

Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет:

Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан — мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 — жүргізуші:

Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.

1) Әдепті бала – арлы бала,
………………………………………

Өлеңді жалғастыр
…………….. тоңбаймын,
……………… қорғаймын.
Ойынға бір. ………………
Секеңдеуді . ………………..

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
……………………………………………
Өлеңді жалғастыр.
………………… сайрайды,
………………… жайнайды.
…………………. құлпырып,
………………….. сыйлайды.

3) Бір тал кессең -. …………………….
Өлеңді жалғастыр.
…………….. атпаймыз,
…………….. сатпаймыз.
……………… қорғаймыз,
…………….. ақтаймыз.

1 — жүргізуші:

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, — дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 — жүргізуші:

Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 — жүргізуші:

Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 — жүргізуші:

Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!

1 — жүргізуші:

Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 — жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу — салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

Добавить комментарий