«Ұлттық мереке — Наурыз» тәрбие сағаты

«Ұлттық мереке - Наурыз» тәрбие сағаты

«Ұлттық мереке — Наурыз» тәрбие сағаты

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық мереке – Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап,сергіту сәті,жұмбақ шешу,

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, 4 кезең бойынша салынған
плакат, криптограмма

Құрал-жабдықтар: қарындаш, альбом, А3, қалам, гуашь т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әзірлеу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, түрімен таныстыру

Олай болса оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз «Ұлттық мереке – Наурыз» жайлы өтеміз. Наурыз мерекесі жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, Наурыз мерекесіне композиция орындаймыз.

«Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны Нау-жаңа, Рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз — жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні — жыл басы.

Қазақ халқының жаңа жылы

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады, ол тіршілік арқауы — тамақ, малының қыстан аман шығуы, оның өсіп — өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам — жаңа жыл болып саналған. Наурыз мейрамы қазақтың — төл мейрамы, яғни қазақтың жаңа жылы. Мұнда бүкіл қазақ халқы Наурыз мейрамын ерекше атап өтеді.

Наурызда әрбір үйде наурыз-көже істелініп, дастархан толы түрлі дәмді тағамдармен толтырылады. Салт-дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын.

Наурыз-көже

Наурыз көженің дайындау түрі мұнда жеті түрлі тағаммен әзірленеді. Оған қосылатын тағамдар: бидай, кеспе, күріш, айран, тұз, су, т.б. Бұл өте дәмді болып шығады.

Ұлттық ойындар

Наурызда ұлттық ойындар ойналады, мысалы: алтыбақан, көкпар, бала күрес, алтын сақа, хан талапай т.б. ойын түрлері ойналады. Наурызда қазақтың ұл-қыздары әдемі қазақша киімдерді киіп, алтыбақан тебуге шығады. Ауылдың ақсақалдары наурыз-көжеден дәм татып, батасын беріп, көпшілікті разы қылады.

Осылайша адамдар наурызды ерекше көңіл-күймен қарсы алады екен. Олай болса оқушылар «Ұлттық мереке-Наурыз» атты ашық сабағымызды бастаймыз. Мына менің қолымда тұрған дорбаның ішінде асықтар бар, сол асықтарда сандар жазылған сол сандар арқылы мен сіздерге сұрақтар қоямын.

ІІІ. Сұрақ-жауап
  1. Аталарыңнан қалған «үш арсыз» деген сөз бар. Соны кім айтып береді? (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
  2. Бұқа тартыс дегеніміз қандай ойын түрі? (жекпе жек күш сынасатын ойын түрі)
  3. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма? (пейзаж)
  4. Ағаш аяқ дегеніміз не? (қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі)
  5. Аударыспақ ұлттық ойынның қай түріне жатады? (қазақтың кәдімгі ұлттық спорт ойыны)
  6. Наурыз көже неше түрлі дәмнен жасалады? (7 немесе 9)
  7. Әз жүруі деген қандай ұғымды білдіреді? (Наурыздың 20-22-де әз кіреді деген ұғымды білдіреді)
  8. Жеті атаны ата? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшік, немене)
  9. Хан талапайды кімдер ойнайды? (қыздар)

Ой жарайсыңдар оқушыларым! «Атаның сөзі-ақылдың көзі» деген. Көне көздерден қалған ұлағатты сөздерді біледі екенсіңдер.

ІV. Қызығушылығын ояту

Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.

Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.

Күн: Сәулесі мол Күнмін

Түн: Жұлдызы көп Түнмін

Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.

Түн: Ал ертең, күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.

Олай болса оқушылар біз күн мен түн жайында білдік, жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.

V. Сергіту сәті

Салдық, салдық өзіміз,
Талып қалды қолымыз.
Аз ғана демаламыз,
Көркем етіп саламыз.

Ал балалар Ұлыстың ұлы күні «Наурыз жыры» айтылатынын өздеріңіз жақсы білесіздер, ал қанекей оқушылар «Наурыз жырын» айтайық, қанекей кім дайын?

Нұрсауле:

Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.

Меруерт:

«Сақтай гөр», — деп терістен,
«Кел, таза бақ, кел!» — десіп.
«Ием, тілек бер!» — десіп,
Аталар бата беріскен.

Толғанай:

Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күліндер.
Күлімдер дүние, ойнарсың,
Күрен тайың ат болып.
Бәйгеге қоссаң, келерсің,
Жұрттан жеке тақ болып.

Мұғалім: Ой жарайсыңдар оқушылар, талаптарыңа нұр жаусын!

VІ. Ой-қозғау

Ал енді осы сабаққа байланысты мен сіздерге жұмбақ жасырайын.

Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы
Желкілдейді шудасы.
(түтін)

Боп-боп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ.
Қызыл тақта үш бұтақ.
Үш бұтақта қара тақ.
Қара тақта жайдақ тақ,
Жайдақ тақта бес тармақ.
(қақпақты ұстаған адамның бес саусағы)

Жер астында жездемнін қамшысы жатыр
(жылан)

Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды.
(киіз үй, кереге, уық, шаңырақ)

Талға таяқ сүйедім
(шашбау)

Жабық астында жарты күлше
(ай)

Екеуі елеңдесіп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.
(аттың екі құлағы мен төрт аяғы)

Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол — Наурыз айтыс, ал ендеше соны тыңдайық.

(Ортаға оқушылар шығады)

VІІ. Қорытындылау

Оқушылардың жұмыстарын қарап салыстырмалы түрде бағалау.
Криптограмма

(Қазақ алфавитінің 42 әріпінен сөйлем құрау)

28 16 37 24
20 19
3 20 16 24 37 18

17 20 16
3 20 16 24 37 18

1 15

3 1 23 24 1 15

25 1 13 7 1
10 20 16

3 20 16 24 37 18

28 16 37 24
1 15 27 37
3 20 16 24 37 18

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс ақты болсын!

Добавить комментарий