8 Наурыз тақпақтары

8 Наурыз тақпақтары

8 Наурыз тақпақтары

Халықаралық әйелдер күніне арналған қазақша тақпақтар. Аналарға, әжелерге, ұстаздарға арналған қазақ тілінде құттықтау тақпақтар

  1. Ана туралы тақпақтар
  2. Әже туралы тақпақтар
  3. Қыздарға арналған тақпақтар
  4. Ұстаздар туралы тақпақтар
Ана туралы 8 Наурыз тақпақтары

***

Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан

***

Мен үшін не керек — бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

***

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

***

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

***

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

***

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

***

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

***

Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

***

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

***

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

***

Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды.
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелдім,
Анам, саған!

***

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.

***

Бізге қарап елжіреп,
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.

***

Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.
Өссек егер ертерек

***

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай.
Оқытушы боламын.

***

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

***

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген аналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

***

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен бірге берекеміз.
Ақ сүтіңді, ақтап өту, асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

***

Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.

***

Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы өмірдің.
Анам деген әр бір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өмірдің.

***

Сәл ғана көрмесең,
Сағынып қаласың,
Қамқоршысың анашым.
Мен үшін керек пе,
Бәрінде табасың.
Мейірің ерекше
Өзгеден анашым.
Теңеймін күнге мен,
Көзіңнің қарасын
Өзіңмен бірге мен жайнаймын анашым.

***

Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге шашыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.

***

Өмірге ана — бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер, ана ғана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отаны да.

***

Ардақты анам асылым,
Теңдігіңді жырлаймын.
Жырымның ең асылын,
Мерекеңе сыйлаймын.

***

Әже туралы 8 Наурыз тақпақтары

***

Әже деген көп шығар,
Әжемдейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.

***

«Айналайын» дегені
Жанға рақат береді.
Көңіліңді табады
Әнді қалай салады.

***

Ертекке ол сенеді —
Күнде айтып береді.
Ертек қандай көп еді
Таусылмай-ақ келеді.

***

Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді.
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.

***

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

***

Қайрымды, қасиетті ең ардақты ақ әжем,
Әрбір сөзі өсиетті, баға жетпес ақ әжем,
Аман – есен жүріңізші бар тілегім сол әжем.

***

Қыздар туралы 8 Наурыз тақпақтары

***

Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы болып қалмақ бұлар.
Арулар – тірішілікке күре тамыр,
Өмірді бір – бірімен жалғап тұрар.

Добавить комментарий