Шуағын шашқан — аялы алақан. 8 наурыз тәрбие сағаты

Шуағын шашқан - аялы алақан. 8 наурыз тәрбие сағаты

Шуағын шашқан — аялы алақан. 8 наурыз тәрбие сағаты

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі дей отыра бүгінгі

«Шуағын шашқан — аялы алақан» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,

— деп абзал аналарымызға арналған оқушылардың орындауында ән:

Ана

Ойын:

Тосын сый ата — аналарға арналған. (ойын)

2 шарт орындалады.

  1. Ата — аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
  2. 5 ата — ананы шығарып 5 шарды жарып ішіндегі сұраққа жауап береді.
Оқушылардың тақпақтары:

Нарым

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір — бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Асылай

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.

Бауыржан

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

Елнар

Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Төлеген

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Мерхат

Аппақ мамам, ақ мама
«Ақ мамам!» — деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.

Арнагүл

Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.

Олжас

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

Нұрсая

Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.

Замзагүл

Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс

Рахман

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Гүлім

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Ойын: Сегіз қадам

Ән: «Қошақаным» оқушылардың орындауында

Оқушылардың аналарын құттықтап ашық хат таратуы

Тәрбиеші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Анам деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен тәрбие сағатын аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Шуағын шашқан — аялы алақан» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Добавить комментарий