Желбірейді Жеңіс туы! — Ұлы Жеңіс күніне арналған ертеңгілік сценарийі

Желбірейді Жеңіс туы! - Ұлы Жеңіс күніне арналған ертеңгілік сценарийі

Тақырыбы: Желбірейді Жеңіс туы!

Ұлы Жеңіс күніне арналған балабақша ертеңгіліктің сценарийі

Мақсаты:

  • Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
  • Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан шайқасқа түскен аға-апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге – қызмет етуге адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Балалардың ақыл – ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: Мәңгілік алаудың макеті, слайд, ерлік жайында суреттер, мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ — бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің  бұлағы.

Құрметті қонақтар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.

Биыл міне, сол жеңіске де 79 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес!

Жүргізуші: Балалар, сендер елімізді жаудан азат еткен батырларымызды білесіңдерме?

Балалар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтарұлы батырларымыз бар.

Жүргізуші: Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір біздің «Балдырған» ортаңғы тобының балаларының Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Көрініс: Солдат киімді мылтық асынған жауынгерлер өтеді, шығарып салып тұрған анасымен.

Бала:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Деп үнінен сезілді ызғар

Алтайр:

Тыңдап еді ызаланар
Соғыс деген суық хабар
Жүрегіне мұз қатқандай
Тұла бойы түршіккендей
Қуат қойып санасына
Құстай ұшты анасына.

Анасы: Көз жанарым қарашығым

Баян:

Қуанышы ең, анашыңның
Сүйдім сені маңдайыңнан
Ақ жол ботам, ақ жол!
Елге аман-есен жеңіспен оралыңдар!

Тәрбиеші:

Деп құшағын ашты анасы
Аяласып аз тілдесіп,
Шеру тартқан қыз маршқа
Кетті түсіп қозғалысқа.

Ән: «Майданға» (Ясмина, Альтайр, Алтынай, Ерасыл)

Тосын сәт: Соғыс ардагері, Ақылбек ата қоннаққа келеді.

Ақылбек ата: Амансыңдарма, балаларым. Мені сыйлап мерекелеріңе шақырғандарыңа көп-көп рахмет.

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Ақылбек ата, төрлетіңіз, балалардың өнерін көріп тамашалаңыз.

Тақпақтарға кезек берейік.

Әзірет:

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.

Гүлсезім:

Жерден, көлден, аспаннан
Соқты жауды ел күнде
Отан үшін от кешіп
Жақындай түсті Берлинге!

Би: «Катюша» (Расул, Рамазан)

Нұрзат:

Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн-түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.

Айгерім:

Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.

Жүргізуші:

Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымыз өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап-жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншік 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін Отан үшін қиды.

Балалар мәңгілік алау макетіне гүл шоқтарын қояды

Ақнұр:

Алия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн.

Алдияр:

Пулеметті сөйлетіп.
Қорғады алтын бесігін,
Ұмытпаймыз өрлетіп.
Мәншүк апа есімін

Айлара:

Бүгін ғажап күн,
Тарқамайтын базары
Қош көңілді қазақтың
Қайта кірді ажары.

Азамат:

Туыс біз бәріміз
Біз отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.

Медина:

Жер бетінде тыныштық.
Баянды бақыт адамға
Орнатуға далаға
Сәбилік таза көңілмен
Ант етеміз!

Жүргізуші: Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер-азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні-түні еңбек даласында аянбай еңбек етті. Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, ауылымызда аналар жетерлік. Ендеше құрметті де аяулы аналар сіздерді де Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

Аналар осылайша жүзге жеткін,
Ұл-қызың енді өзіңді еркелетсін.
Әрқашан шаттықтардан орын алып,
Уайымның не екенін білмей өткін!

Ән: «Ақ мамам» (хор)

Слайд арқылы Ұлы жеңіс мерекесі туралы көрініс көрсету

Жүргізуші: Балалар, жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлікпен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.

Би: «Солдаттар» (Рамиль, Асланбек, Диас)

Динара:

Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.

Ерасыл:

Жеңіс, алақай, жеңіс!

Ақниет:

Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын!

Айша:

Арылтып жаудан жерімізді.
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен жеңіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.

Есімхан:

Атыңды аңыз ән қылып
Жырлайды алыс, жақының
Ұмытпайды мәңгілік.
Халық нағыз батырың

Ясмина:

Гүлдей жайнап, күндей жайнап
Мен ер жетіп толамын
Әжем аитқан дәу жігіт боп
Ағалардай боламын.

Расул:

Адал жарық жұлдызың
Жанбаса да төсіңде
Қастерлейді ұл-қызың
Болады елдңің есінде.

Ерасыл:

Шынығамын таңертең
Ағалардай отанға
Солдат болам мен ертең

Асланбек:

Тыныштық! Жасасын тыныштық.
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Керкейе берсін ырыс құт.

Жүргізуші:

Талай тарих кезеңдерін өткізіп.
Сырын, жырын заманына шерткізіп,
79 жыл өтті міне еліміз.
Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп.

Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз»

Алтынай:

Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Балалар болады аман
Аналар болады аман
Бейбітшілік болса!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші: Балалар, ендігі жерде соғыстың өзі түгілі аты аталмасын, жер бетінде, бүкіл әлемде тек бейбітшілік, бейбіт өмір болсын, әрқашан күн сөнбесін!

Добавить комментарий