Есепті әртүрлі тәсілмен шығару

Сабақтың тақырыбы: Есепті әртүрлі тәсілмен шығару. Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Түрлі ойындар ойнату арқылы өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.
  • Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін шыңдау.
  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Спортшы бейнесін елестету арқылы сабақ барысында спортшы бойындағы бар қасиеттерге жылдамдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, зеректікке ұмтылдыру.

Сынып: 3

Әдісі: ойын, сайыс, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс т.б.

Сабақтың түрі: қысқы ойындар

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дене тәрбиесі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта пайдалана отырып, слайд – суреттер көрсету, тапсырмалар, электрондық оқулық.

Жоспар:

  1. Топтың өзін таныстыруы.
  2. «Қар лақтыру» ойыны
  3. «Аққала соғу» ойыны.
  4. Шанамен сырғанау.
  5. Коньки тебу.
  6. Мұзайдында сырғанау.
  7. «Қас-қағым сәт» сайысы
  8. Хоккей ойыны.
  9. Тапқырлық сайысы

Есепті әртүрлі тәсілмен шығару

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Салеметсіздерме! Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Сабағымыздың ерекше қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесу ізеттіліктің белгісі
— Үлкенге де сіз!
— Кішіге де сіз.
— Сәлем бердік сіздерге.
— Құрметпен біз.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз

Математика — ғалымдар патшасы деген екен Абай атамыз. Яғни, математиканы білсек барлығын да біледі екенбіз. Математиканың адам өміріне өте маңызды.
Сабаққа деген көңіл күйіміз қалай? (Смайликпен көрсету)

Осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыздың ережесімен танысайық.

  • Сабаққа белсене қатысу
  • Ұйымшыл, тату болу
  • Бірігіп жұмыс жасау
  • Ойланып жауап беру
  • Бірін-бірі тыңдау
  • Басқа іспен айналыспау
  • Шапшаң жауап беру

Осы ережелерді естен шығармайық. Ендеше бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы:

Есепті әр түрлі тәсілмен шығаруды қайталау

Қайталау — оқу анасы
Мақалдың ішіндегі данасы
Білімді берік игерсең
Ешкімнің жоқ таласы.

Мақсаты: Түрлі ойындар ойнату арқылы өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.

Екі топ болып сайысқа түсеміз, өз білімімізді ортаға салайық.

Алдын ала дайындалған (үшбұрыш, төртбұрыш) болып 2 топқа бөлініп отырады. Топтар өздерін таныстырады.Тапсырмалар орындау арқылы ұлпа қармен бағаланады. Қай топтың оқушылары белсенділік танытып, қарды көп жинаса, сол топтың жеңіске жеткендігі «5» өте жақсы.

— Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Өз ара топ басшысын сайлау.

  • І топ «Үшбұрыш» тобы
  • ІІ топ «Төртбұрыш» тобы

І топ «Үшбұрыш» тобы

Ұраны:

Білікті бірді жығар
Білімді мыңды жығар

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш — деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. Тең қабырғалы үшбұрыш
  2. Тең бүйірлі үшбұрыш
  3. Әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. Тік бұрышты үшбұрыш
  2. Сүйір бұрышты үшбұрыш
  3. Доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ «Төртбұрыш» тобы

Ұраны:

Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Таныстыруы: Төртбұрыш — деп үш нүктесі бір түзудің бойында жатпайтын төрт нүктеден және оларды қосатын кесінділерден тұратын тұйық фигураны атайды. Төртбұрыштардың түрлері сан алуан, солардын ең көп зерттелетіні тіктөртбұрыш, параллелограмм және трапеция.

Тік төртбұрыштың Р периметрі Р =2(a+b)-ке ал, S ауданы S=a b-ға тең.
Тік төртбұрыш деп барлық бұрыштары тік (900 градусқа тең)

3-4 сандары туралы қандай ұғымдарды білесіңдер?

Қармен бағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№7, 33-34-бет. Ауызша тексеру.

Өтілген тақырыпты қайталау
  • Біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
    Есепті әртүрлі тәсілмен шығару
  • Есепті әртүрлі тәсілмен шығару үшін не істейміз?
    Көбейтудің қасиеттерін қолданамыз
  • Көбейтудің қандай қасиеттері бар?
  • Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не?
    «Терімділік» — Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Мысалы: (2*3)*5= 30 (2*5)*3=30
  • Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз не?
    «Үлестірімділік» — Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәндерін қосуға болады.
    Мысалы: (4+2)*5= 4*5+2*5 =30
  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?
    «Ауыстырымдылық» — Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Мысалы: 2*3=3*2=6

Дәптермен жұмыс

Қаламсап қолға аламыз,
Дәптерді қиғаш қоямыз.
Денемізді тік ұстап,
Әдемі етіп жазамыз.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз

ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе әңгіме

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс.
— Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады?
— Қыста қандай ойын түрлерін ойнағанды жақсы көресіңдер?
— Шанамен сырғанау, хоккей, шаңғы тебу т.б.
— Олай болса, балалар, бүгін біз қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз. Сабағымыз ойын түрінде өтеді.

— Балалар, біз сіздермен бірнеше қазақтың ұлттық ойын түрлері туралы білеміз. Қане еске түсіріп жіберейікші: ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т.б.
— Бұл ойындар жылдың қай мезгілінде ойналады? (Оқушылар жауабы)
— Ал қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады? (Оқушылар жауабы)
— Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы қысқы ойын түрлерін бізде сабақ үстінде ойнайтын боламыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар. Біз сол тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, ойынды ойнаған болып есептелеміз.

— Ал енді, балалар, сендердің жақсы көретін спорттық, қыста қызыға ойнайтын ойындарыңмен жақынырақ танысып білу үшін берілген тапсырмаларды орындаймыз.
Денемізді қыздырып «Қар лақтыру» ойынын ойнап жіберейік. Ауызша есептеу.

  • 5*9 =
  • 7*60 =
  • 720/72 =
  • 8*0 =
  • 7*6 =
  • 540/9 =
  • 7*7 =
  • 100/100 =
  • 4*9 =
  • 630/70 =
  • 500/2 =
  • 9*9 =
Негізгі бөлім
1. Аққала соғу

Жұмбақ жасыру

Шелек қалпақ басында
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туады,
Тауып көрші сен оны.
Ол не? (Аққала)

І топ «Ұшбұрыш» тобына

28 — бен х — тің бөліндісін тап. х=1, 2, 5, 7, 8

ІІ топ « Төртбұрыш» тобына

28 — бен х — тің бөліндісін тап. х=3, 4, 6, 9

— 28 санын қандай сандарға бөлгенде қалдық қалды?

2. Шанамен сырғанау

Жұмбақ жасыру

Мінсем, төменге зу етем,
Өрлесем, өзімді сүйретем. (Шана)

— Өте жақсы, балалар. Келесі ойынымыз шанамен сырғанап жарысамыз.

І топ «Ұшбұрыш» тобына

Үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектердің мәндерін тап:

  • (4+5)*5 =
  • (10+3)*3 =

ІІ топ «Төртбұрыш» тобына

  • (30+3)*3 =
  • (40+2)*2 =
3. Коньки тебу

Жұмбақ жасыру

Табанға темір байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки)

Теңдеулерді шеш

  1. с*4=280
  2. 280:а=40
  3. х:4=60
  4. 240:а=40
  5. с=280:4
  6. а=280:40
  7. х=60*4
  8. х=240:4

Жауаптар:

  • с=70 а=7 х=240 х=60
  • 70*4=280
  • 280:7=40
  • 240:4=60
  • 240:60=40
4. Мұзайдында сырғанау

Жұмбақ жасыру

Жап – жалтыр, жалпақ бір
Жатыр көк айна.
Жүгіріп, жығылып, сырғанап,
Сонда ойна, тек тайма. (Мұзайдын)

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтан №1 мысал

І топ «Ұшбұрыш» тобына

Ол үшін оқулықтағы 35 — беттегі №1 мысалды шығаруымыз керек.

Қызғылт – 3 метрден 7 жібек бау
Көкшіл – 3 метрден 3 жібек бау
Барлығы — ? метр жібек бау

Ш: (7*3)+(3*3)=30 (м)
(7+3) *3=30 (м)
Ж: Барлығы 30 метр жібек бау дайындады.

  • — Көбейтудің қандай қасиетін пайдаландық?
    — Үлестірімділік қасиеті
  • — Үлестірімділік қасиет дегеніміз не?

ІІ топ « Төртбұрыш» тобына

35 — беттегі №2 мысалды

Есеп шығару.

Болды – 70 литр май
Сатылды – 3 литрлік 9 банка және 5 банка
Қалды -?

Ш: 70-(3*9+5*3)=28 (л)
70-3*(9+5)=28 (л)
Ж: Бөшкеде 28 литр май қалды.

№4 35-бет

Ұзындығы -? ↑4 есе артық
Ені – 2 см←
Р — ?
S — ?
Ш: 2 см*4=8 (см)
Р = (2 см+8 см)*2 = 20 (см)
S = 2 см*8 см =16 см кв
Ж: Периметрі — 20 см, ауданы -16 см кв
Дене қимылы-дәрісіз ем, шыныға жүріп дертті жең.

Сергіту сәті

5. Шаңғы тебу

Жұмбақ жасыру

Байлаулы екі аяғым,
Қасымда екі таяғым.
Зырлаймын қардың үстімен
Озамын атты кісіден. (Шаңғы)

— Дұрыс, балалар. Ендеше, шаңғы тебуге барлығымыз шығамыз.

Шығармашылық тапсырма

(9 9) 9 9 9 = жазу керек
(9+9)-9+9/9=8 жазбау слайд

«Қас-қағым сәт» сайысы

(әр команда тез тұрып жауап беру арқылы қар жинайды)

  1. Бұрышты өлшейтін құрал. (Транспортир)
  2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (Сызғыш)
  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
  4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
  5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (Метр)
  6. Екі нүктенің арасындағы түзу. (Кесінді)
  7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (Шаршы)
  8. 5- тің квадраты? (25)

І топ «Ұшбұрыш» тобына

Тиімді тәсілмен шығар:

  • 5*3*10 =
  • 30*1*6 =

ІІ топ « Төртбұрыш» тобына

  • 3*4*10 =
  • 2*5*9 =
6. Хоккей ойыны

Жұмбақ жасыру

Өңкей батыр мұз үстінде.
Екі батыр топ та,
Бірде артқа, бірде алға
Таласып жүр бір допқа.
Ол қандай доп ? (Шайба)

Өздігінен жұмыс
35-бет №5

І топ «Ұшбұрыш» тобына

  • 138+9*8 =
  • (75+25):5+200:4 =
  • (100-44):8+48:6 =

ІІ топ «Төртбұрыш» тобына

  • 36:6*7+206 =
  • 72+(106-74):4 =
  • (65-9):(24:9) =

Тапқырлық сайысы

(әр топқа логикалық есептер беріледі)

І топ «Ұшбұрыш» тобына

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
  2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

ІІ топ « Төртбұрыш» тобына

  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 3 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
  3. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? (тең)

Кенеттен сұрау

Шешуін және жауабын жаз:

І топ «Ұшбұрыш» тобына

  1. Бір қорапқа 7 қарындаш сыяды. Осындай 8 қорапқа неше қарындаш сыяды?
  2. Мектеп асханасында 25 кг қант бар еді. Әрқайсысында 10 килограмнан тағы 5 қап қант әкелінді. Асханада енді неше килограмм қант болды?

ІІ топ «Төртбұрыш» тобына

  1. 18 кг жидектерден 10 л тосап дайындалды. 20 л тосап дайындау үшін неше килограмм жидек қажет?
  2. Азық-түлік дүкеніне 350 үлкен және 230 кішкентай қорапшалардағы сүзбелер әкелінді. Бірінші күні сүзбелердің 490 қорабы сатылды. Дүкенде неше қорап сүзбе қалды?
IV. Үйге тапсырма

Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.

Үйге №7, 36-бет

V. Сабақты қорытындылау:

— Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?

  • — Өткен тақырыптарды қайталадық.
  • — Ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
  • — Есептер шығардық.
  • — Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.

– Балалар, сендер есептеу, ойлау қабілеттерің ұшқыр, шапшаң, епті, білімді екендеріңді ойын барысында көрсеттіңдер

VІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Оқушылар

«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп алып,
Өсе берсін санамыз.

-Сендерге, рахмет болашақтарың жарқын болсын!
Мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан.

Добавить комментарий