Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары
- Биология
- 9 сынып
- Тест жинағы
I тарау
1. Молекулалық деңгей жер бетінде шамамен неше млрд жыл бұрын пайда болды?
- а) 4 млрд
- ә) 3 млрд
- б) 3,5 млрд
2. Тіршіліктің организмнен жоғары құрылым деңгейі?
- а) молекулалық
- ә) популяциялық
- б) биосфералық
3. Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті
- а) өзгергіштік
- ә) көбею
- б) тыныс алу
4. Жарыққа байланысты қозғалыс
- а) хемотаксис
- ә) инфузория
- б) фототаксис
5. Клетканың неше пайызы сутектен тұрады?
- а) 90%
- ә) 78%
- б) 98 %
6. Жоғары молекулалы полимерлік қосылыс.
- а) нәруыз
- ә) су
- б) оттек
7. 1 г нәруыз толық ыдырағанда қанша кДж энергия бөлінеді?
- а) 38,9 кДж
- ә) 17,6 кДж
- б) 20 кДж
8. Көмірсулардың формуласы
- а) Сn (H2O)m
- ә) Сn H2n-n
- б) Cn H2n
9. Моносахаридтер
- а) жай қанттар
- ә) нәруыз
- б) энергия
10. Нуклеин қышқылдарының неше түрі бар?
- а) 2
- ә) 3
- б) 4
11. РНҚ неше тізбектен тұрады?
- а) бір
- ә) үш
- б) екі
12. Шимпанзенің хромосома саны?
- а) 48
- ә) 46
- б) 104
13. Адам хромосомаларының диплоидті жиынтығы?
- а) 46
- ә) 104
- б) 48
14. Жасуша қабықшасының астындағы, ядроның сыртын қоршаған қоймалжың зат
- а) ядро
- ә) пластид
- б) цитоплазма
15. Рибосомалар топталып, нелер түзеді?
- а) полисомалар
- ә) лизосомалар
- б) пластидтер
16. Өсімдіктер жасушасына тән органоид.
- а) пластидтер
- ә) ядро
- б) вакуоль
17. Жасушадағы хлоропластың саны орташа есеппен қанша болады?
- а) 30
- ә) 50
- б) 20
18. Жасыл пигменттерде күн сәулесі энергиясының қатысымен бейорганикалық заттардан органикалық заттар тузілу құбылысы
- а) фотосинтез
- ә) сәуле шығару
- б) гидролиз
19. Жылына Жер бетіндегі өсімдіктер фотосинтездің нәтижесінде неше млрд т қантты заттар түзеді.
- а) 100 млрд
- ә) 200 млрд
- б) 400 млрд
20. Өсімдік жасушасындағы эндоплазмалық тордың кеңейген жері, протоплазманың маңызды бөлігі.
- а) вакуоль
- ә) ядро
- б) рибосома
21. Митоза неше фазадан турады?
- а) 4
- ә) 5
- б) 3
22. Ядроның мөлшері ұлғайып, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды фаза.
- а) профаза
- ә) анафаза
- б) метафаза
23. Тіршілік әрекетіне байланысты жасушада үздіксіз биологиялық синтез жүру?
- а) биосинтез
- ә) биогеография
- б) биотика
24. Бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыс түзіп қоректенетіндер.
- а) автотрофтар
- ә) гетеротрофтар
- б) хлорофилл
25. Фототрофтар үшін энергия көзі
- а) күн сәулесі
- ә) жану
- б) хлорофилл
26. Гуморальдық реттелудің кемшілігі
- а) биологиялық активті заттар организмге таралып, зиянды әсер етеді.
- ә) өздігінен реттелмейді.
- б) жүйке жүйесі реттелмейді.
II тарау
1. Бір жасушалы және көп жасушалы организмдердің жыныссыз көбеюінің тағы бір түрі?
- а) жынысты
- ә) бүршіктену
- б) жыныссыз
2. Түйнектері арқылы көбейеді?
- а) таңқурай
- ә) шие
- б) нарғызгүл
3. Жыныстық көбеюдің артықшылығы?
- а) бірнеше кезең болады
- ә) гамета
- б) организмнің екі жыныс жасушасы қосылады.
4. Аталық жыныс жасушасы?
- а) сперматозоидтер
- ә) жұмыртқа жасушасы
- б) овоциттер
5. Аналық жыныс жасушасы?
- а) жұмыртқа жасушасы
- ә) сперматозоидтер
- б) овоциттер
6. Мейоздың бөлінудегі фазасы неше саты?
- а) 4
- ә) 3
- б) 2
7. Тіршіліктің тарихи дамуы?
- а) экология
- ә) эволюция
- б) популяция
8. Организмнің жеке дамуы?
- а) онтоногенез
- ә) овогенез
- б) популяция
9. Жануарларда онтогенез неше кезеңнен тұрады?
- а) 2
- ә) 4
- б) 3
10. Зиготадан туылғанға немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққанға дейінгі кезең.
- а) эмбрионалды
- ә) постэмбрионалды
- б) бластула
11. Туылып немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезең.
- а) постэмбрионалды
- ә) бластула
- б) нейрула
ІІІ тарау
1. Бүкіл жануарлар дүниесі неше топқа жіктеледі?
- а) 2
- ә) 3
- б) 4
2. Биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым?
- а) Ч. Дарвин
- ә) Ж. Б. Ламарк
- б) И. Павлов
3. Өсімдік жеке жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының ұқсастығын анықтаған ғалымдар?
- а) Бэр, Ламарк
- ә) Иванн, Шлейден
- б) Дарвин, Линней
4. Дарвин эволюциялық ілімінде тарихи дамуының қозғаушы күштері?
- а) тұқым қуалайтын өзгергіштік,тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптау
- ә) мақсатсыз сұрыпталу, зигота ажырау
- б) тәуелсіз тұқым қуалау, біркелкілік
5. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік?
- а) мутациялық
- ә) модификациялық
- б) сұрыптау
6. Тұқым қуалайтын өзгергіштік?
- а) модификациялық
- ә) мутациялық
- б) сұрыптау
7. Бір түрге жататын даралар арасында жүреді?
- а) тіршілік күрес
- ә) түраралық күрес
- б) қолайсыз жағдайлармен күрес
8. Әр түрге жататын даралар арасында жүреді?
- а) түраралық күрес
- ә) тіршілік күрес
- б) қолайсыз жағдайлармен күрес
9. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер?
- а) палеонтология
- ә) эмбриология
- б) аналогиялық мүшелер
10. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым?
- а) эволюция
- ә) популяция
- б) палеонтология
11. Микроэволюция
- а) түр түзілу
- ә) класс түзілу
- б) бөлім түзілу
12. Бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы құрылыстарының ұқсастығын сипаттайтын критерий?
- а) биохимиялық
- ә) морфологиялық
- б) генетикалық
13. Бір түр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің ұқсастығын сипаттайтын критерий?
- а) экологиялық
- ә) географиялық
- б) физиологиялық
14. Әр түрдің өзіне ғана тән хромосомалар жиынтығын және КНҚ-дағы нуклеотидтер құрамын сипаттайтын критерий?
- а) генетикалық
- ә) географиялық
- б) физиологиялық
15. Түрдің тіршілік ету аумағын анықтайды?
- а) экологиялық-географиялық
- ә) географиялық
- б) морфологиялық
16. Бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы?
- а) популяция
- ә) экология
- б) эволюция
17. Популяциядағы гендердің толық жиынтығы?
- а) генофонд
- ә) аллель
- б) критерий
18. Түр түзілудің негізгі жолдары
- а) географиялық-экологиялық
- ә) физикалық, химиялық
- б) генетикалық,биохимиялық
19. Түрден жоғары тұратын жүйелік топ?
- а) макроэволюция
- ә) микроэволюция
- б) популяция
20. Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы?
- а) биологиялық прогресс
- ә) биологиялық регресс
- б) ароморфоз
21. Әр түрлі тіршілік жағдайларында пайда болып, организмнің құрылым деңгейін күрделендіретін өзгерістер?
- а) ароморфоз
- ә) прогресс
- б) эволюция
22. Организмдердің нақты тіршілік ортасына сәйкес алуан түрлі бейімділіктерге ие болуы?
- а) дегенерация
- ә) идиоадаптация
- б) популяция
Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары