Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары

Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары

Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары

  • Биология
  • 9 сынып
  • Тест жинағы

I тарау

1. Молекулалық деңгей жер бетінде шамамен неше млрд жыл бұрын пайда болды?

  • а) 4 млрд
  • ә) 3 млрд
  • б) 3,5 млрд

2. Тіршіліктің организмнен жоғары құрылым деңгейі?

  • а) молекулалық
  • ә) популяциялық
  • б) биосфералық

3. Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті

  • а) өзгергіштік
  • ә) көбею
  • б) тыныс алу

4. Жарыққа байланысты қозғалыс

  • а) хемотаксис
  • ә) инфузория
  • б) фототаксис

5. Клетканың неше пайызы сутектен тұрады?

  • а) 90%
  • ә) 78%
  • б) 98 %

6. Жоғары молекулалы полимерлік қосылыс.

  • а) нәруыз
  • ә) су
  • б)  оттек

7. 1 г нәруыз толық ыдырағанда қанша кДж энергия бөлінеді?

  • а) 38,9 кДж
  • ә) 17,6 кДж
  • б) 20 кДж

8. Көмірсулардың формуласы

  • а) Сn (H2O)m
  • ә) Сn H2n-n
  • б) Cn H2n

9. Моносахаридтер

  • а) жай қанттар
  • ә) нәруыз
  • б) энергия

10. Нуклеин қышқылдарының неше түрі бар?

  • а) 2
  • ә) 3
  • б) 4

11. РНҚ неше тізбектен тұрады?

  • а) бір
  • ә) үш
  • б) екі

12. Шимпанзенің хромосома саны?

  • а) 48
  • ә) 46
  • б) 104

13. Адам хромосомаларының диплоидті жиынтығы?

  • а) 46
  • ә) 104
  • б) 48

14. Жасуша қабықшасының астындағы, ядроның сыртын қоршаған қоймалжың зат

  • а) ядро
  • ә) пластид
  • б) цитоплазма

15. Рибосомалар топталып, нелер түзеді?

  • а) полисомалар
  • ә) лизосомалар
  • б) пластидтер

16. Өсімдіктер жасушасына тән органоид.

  • а) пластидтер
  • ә) ядро
  • б) вакуоль

17. Жасушадағы хлоропластың саны орташа есеппен қанша болады?

  • а) 30
  • ә) 50
  • б) 20

18. Жасыл пигменттерде күн сәулесі энергиясының қатысымен бейорганикалық заттардан органикалық заттар тузілу құбылысы

  • а) фотосинтез
  • ә) сәуле шығару
  • б) гидролиз

19. Жылына Жер бетіндегі өсімдіктер фотосинтездің нәтижесінде неше млрд т қантты заттар түзеді.

  • а) 100 млрд
  • ә) 200 млрд
  • б) 400 млрд

20. Өсімдік жасушасындағы эндоплазмалық тордың кеңейген жері, протоплазманың маңызды бөлігі.

  • а) вакуоль
  • ә) ядро
  • б) рибосома

21. Митоза неше фазадан турады?

  • а) 4
  • ә) 5
  • б) 3

22. Ядроның мөлшері ұлғайып, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды фаза.

  • а) профаза
  • ә) анафаза
  • б) метафаза

23. Тіршілік әрекетіне байланысты жасушада үздіксіз биологиялық синтез жүру?

  • а) биосинтез
  • ә) биогеография
  • б) биотика

24. Бейорганикалық қосылыстардан органикалық қосылыс түзіп қоректенетіндер.

  • а) автотрофтар
  • ә) гетеротрофтар
  • б) хлорофилл

25. Фототрофтар үшін энергия көзі

  • а) күн сәулесі
  • ә) жану
  • б) хлорофилл

26. Гуморальдық реттелудің кемшілігі

  • а) биологиялық активті заттар организмге таралып, зиянды әсер етеді.
  • ә) өздігінен реттелмейді.
  • б) жүйке жүйесі реттелмейді.

II тарау

1. Бір жасушалы және көп жасушалы организмдердің жыныссыз көбеюінің тағы бір түрі?

  • а) жынысты
  • ә) бүршіктену
  • б) жыныссыз

2. Түйнектері арқылы көбейеді?

  • а) таңқурай
  • ә) шие
  • б) нарғызгүл

3. Жыныстық көбеюдің артықшылығы?

  • а) бірнеше кезең болады
  • ә) гамета
  • б) организмнің екі жыныс жасушасы қосылады.

4. Аталық жыныс жасушасы?

  • а) сперматозоидтер
  • ә) жұмыртқа жасушасы
  • б) овоциттер

5. Аналық жыныс жасушасы?

  • а) жұмыртқа жасушасы
  • ә) сперматозоидтер
  • б) овоциттер

6. Мейоздың бөлінудегі фазасы неше саты?

  • а) 4
  • ә) 3
  • б) 2

7. Тіршіліктің тарихи дамуы?

  • а) экология
  • ә) эволюция
  • б) популяция

8. Организмнің жеке дамуы?

  • а) онтоногенез
  • ә) овогенез
  • б) популяция

9. Жануарларда онтогенез неше кезеңнен тұрады?

  • а) 2
  • ә) 4
  • б) 3

10. Зиготадан туылғанға немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққанға дейінгі кезең.

  • а) эмбрионалды
  • ә) постэмбрионалды
  • б) бластула

11. Туылып немесе жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан тіршілігі тоқтағанға дейінгі кезең.

  • а) постэмбрионалды
  • ә) бластула
  • б) нейрула

ІІІ тарау

1. Бүкіл жануарлар дүниесі неше топқа жіктеледі?

  • а) 2
  • ә) 3
  • б) 4

2. Биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым?

  • а) Ч. Дарвин
  • ә) Ж. Б. Ламарк
  • б) И. Павлов

3. Өсімдік жеке жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының ұқсастығын анықтаған ғалымдар?

  • а) Бэр, Ламарк
  • ә) Иванн, Шлейден
  • б) Дарвин, Линней

4. Дарвин эволюциялық ілімінде тарихи дамуының қозғаушы күштері?

  • а) тұқым қуалайтын өзгергіштік,тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптау
  • ә) мақсатсыз сұрыпталу, зигота ажырау
  • б) тәуелсіз тұқым қуалау, біркелкілік

5. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік?

  • а) мутациялық
  • ә) модификациялық
  • б) сұрыптау

6. Тұқым қуалайтын өзгергіштік?

  • а) модификациялық
  • ә) мутациялық
  • б) сұрыптау

7. Бір түрге жататын даралар арасында жүреді?

  • а) тіршілік күрес
  • ә) түраралық күрес
  • б) қолайсыз жағдайлармен күрес

8. Әр түрге жататын даралар арасында жүреді?

  • а) түраралық күрес
  • ә) тіршілік күрес
  • б) қолайсыз жағдайлармен күрес

9. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер?

  • а) палеонтология
  • ә) эмбриология
  • б) аналогиялық мүшелер

10. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым?

  • а) эволюция
  • ә) популяция
  • б) палеонтология

11. Микроэволюция

  • а) түр түзілу
  • ә) класс түзілу
  • б) бөлім түзілу

12. Бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы құрылыстарының ұқсастығын сипаттайтын критерий?

  • а) биохимиялық
  • ә) морфологиялық
  • б) генетикалық

13. Бір түр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің ұқсастығын сипаттайтын критерий?

  • а) экологиялық
  • ә) географиялық
  • б) физиологиялық

14. Әр түрдің өзіне ғана тән хромосомалар жиынтығын және КНҚ-дағы нуклеотидтер құрамын сипаттайтын критерий?

  • а) генетикалық
  • ә) географиялық
  • б) физиологиялық

15. Түрдің тіршілік ету аумағын анықтайды?

  • а) экологиялық-географиялық
  • ә) географиялық
  • б) морфологиялық

16. Бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы?

  • а) популяция
  • ә) экология
  • б) эволюция

17. Популяциядағы гендердің толық жиынтығы?

  • а) генофонд
  • ә) аллель
  • б) критерий

18. Түр түзілудің негізгі жолдары

  • а) географиялық-экологиялық
  • ә) физикалық, химиялық
  • б) генетикалық,биохимиялық

19. Түрден жоғары тұратын жүйелік топ?

  • а) макроэволюция
  • ә) микроэволюция
  • б) популяция

20. Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы?

  • а) биологиялық прогресс
  • ә) биологиялық регресс
  • б) ароморфоз

21. Әр түрлі тіршілік жағдайларында пайда болып, организмнің құрылым деңгейін күрделендіретін өзгерістер?

  • а) ароморфоз
  • ә) прогресс
  • б) эволюция

22. Организмдердің нақты тіршілік ортасына сәйкес алуан түрлі бейімділіктерге ие болуы?

  • а) дегенерация
  • ә) идиоадаптация
  • б) популяция

Биология пәнінен 9 сыныпқа арналған тест сұрақтары

Добавить комментарий