Сабақ тақырыбы: Организмдердің көбеюі және жеке дамуы тарауын қорытындылау
Сынып: 9
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік. Оқушылардың организмдердің көбеюі тарауы бойынша ашық алған білімдерін жүйелеп, саралау. Митоз, мейоз, қосарынан ұрықтану процесстерінің мәнін толық түсіну.
- Дамытушылығы. Организмдер көбеюінің маңызын біле отырып алған білімдерін одан әрі кеңейту.
- Тәрбиелілік. Оқушыларды табиғатты аялауға, көркейтуге, әсемдікке, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу
Әдісі: жеке, топтық, топтастыру, сауалнама, венн диаграммасы
Түрі: қорытындылау, қайталау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабақ
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы тарауын қорытындылау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқушыларды стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлемін.
Сабақтың жоспары:
- ”Сұрақтар жәшігі” — оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар беру.
- ”Еркін талқылау” топтық жұмыс
- Тест сұрақтары. 10 сұрақ
- Сәйкестігін тап
- Венн диаграммасы
- «8 бұрыш ішінде»
- Қорытынды
І. ”Сұрақтар жәшігі”
- Тіршілік циклі дегеніміз не?
- Митоздың фазаларын атаңыз?
- Митоздың боліну кезеңі неше сағатқа созылады?
- Көбею дегеніміз не?
- Организмдердің көбею жолдары қандай?
- Бір жасушалы және көп жасушалы организмдердің кобею түрі?
- Сперматогенез дегеніміз не?
II. “Еркін талқылау” әдісі
- 1 топ. Зерделеу. Митоздық бөлінудің жасушаларда жүзеге асуы.
- 2 топ. Анықтау. Мейоздың фазалары
- 3 топ. Зерттеу. Гүлді өсімдіктердің көбею ерекшеліктері
III. Тест
1. Ядро қабықшасы еріп кететін митоз фазасы?
- а) профаза
- ә) метофаза
- б) анафаза
2. Жұмыртқа жасушаның түзілуі қалай аталады?
- а) сперматогенез
- ә) овогенез
- б) гаметогенез
3. Ұрықтанған жұмыртқа жасуша қалай аталады?
- а) гамета
- ә) зигота
- б) жасуша
4. Гүлді өсімдіктердегі қосарынан ұрықтануды ашқан ғалым?
- а) Навашин
- ә) Мендель
- б) Дарвин
5. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау?
- а) ішкі орта
- ә) ұлпалық деңгей
- б) гоместаз
6. Организмнің ересек түріне ұқсамай дамуы?
- а) тікелей даму
- ә) түрленіп даму
- б) өздігінен даму
7. Жүйке жүйесі, сезім мүшелері тері эпителиі түзілетін ұрық қабаты?
- а) эктодерма
- ә) энтодерма
- б) мезодерма
8. Бір өсімдік бүршігін 2-ші өсімдік денесіне ұластыру?
- а) бүршіктену
- ә) жынысты көбею
- б) телу
9. К. Бэр қандай заңды ашты?
- а) тұқымқуалаушылық
- ә) ұрықтардың ұқсастығы
- б) ажырыу заңы
10. Мейоздық көбеюдің ерекшелігі неде?
- а) хромосома саны 2 есе көбейеді
- ә) хромосома саны 2 есе азаяды
- б) хромосома саны қалыпты
Жауаптары:
- 1. а
- 2. ә
- 3. ә
- 4. а
- 5. б
- 6. ә
- 7. а
- 8. б
- 9. ә
- 10. ә
IV. Сергіту сәті
Профаза | Метафаза | Анафаза | Телофаза | ||||||||
- Көзге айқын көрінбейді
- Әрбір хромосоманың центромерасы болады
- Ядроның мөлшері ұлғаяды
- Хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді
- Полюстердің арасында бөліну ұршығының жіпшелері түзіледі
- Қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды
- Хроматидалар хромосомаларға айналады
- Олар қайтадан хроматинге айналады
- Ядро қабықшасы түзіледі
- Цитоплазмада ретсіз орналасады
- Екі хроматидадан тұрады
- Диплоидті жиынтық қалыптасады
Профаза | Метафаза | Профаза | Телофаза | ||||||||
3 | 10 | 5 | 4 | 11 | 6 | 2 | 12 | 7 | 1 | 9 | 8 |
V. Венн диаграммасы
Митоз бен мейозды салыстыру
VI. «8 бұрыш ішінде»
әдісі арқылы ойлаудың сегіз жолына жеке, жұптық жұмыс.
(Кілт сөздерге сай келетін деректер табуға беру)
- Интерфаза …………………
- Коньюгация ………………
- Кроссинговер …………………..
- Сперматозоид ……………..
- Гаструла ………………………
- Мезодерма …………………
- Тікелей даму ……………………
- Бластула ………………………
VII. Қорытынды
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.