Қош келдің, Жаңа жыл — тәрбие сынып сағаты

Қош келдің, Жаңа жыл - тәрбие сынып сағаты

Қош келдің, Жаңа жыл — тәрбие сынып сағаты — бұл Жаңа жылға арналған мерекелік тәрбие сынып сағатының сценарийі. Бағдарлама Қазақстанның орта мектептеріне жарамды.

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл (ашық тәрбие сынып сағаты)

Мақсаты:

  • Оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтау;
  • Бір-біріне жылы лебіз білдіруге, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу;
  • Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: Жаңа жыл суреттері

Безендіру: Сынып шыршамен, шарлармен, қар үлпектерімен безендіріледі. Артқы фонда жазу: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Музыка: «Жаңа жыл» әуені ойнап тұрады.

Қош келдің, Жаңа жыл

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе

Мұғалім: Балалар, бәріміз асыға күтетін мереке — Жаңа жыл келіп жетті! Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы — «Қош келдің, Жаңа жыл!» Бұл мереке — қуаныш пен үміт мерекесі. Ендеше, бәріміз бірге мерекемізді бастайық!

II. Құттықтау сөздер

1-оқушы:

Қар жауып тұр, аппақ әлем нұрға толы,
Қуанышпен қарсы алайық бұл жолы.
Жаңа жыл, Жаңа бақыт, Жаңа үміт,
Бәрімізге тек шаттық сыйла, жаңа жыл!

2-оқушы:

Қош келдің, Жаңа жыл,
Құтты болсын бар жыл!
Бақыт әкел, шаттық әкел,
Кел, кел, кел, Жаңа жыл!

Мұғалім: Қандай керемет сөздер! Ал енді қарап көрейік, бүгін сабақта жалғызбыз ба, әлде мерекеге қонақтар келді ме?

III. Мерекенің қонақтары

Сиқыршы қыз: Ой, бүгін күн қандай тамаша! Осы ғажайып күн бізге күлімдеп, қуаныш сыйлап тұрғандай. Мен үшін бүгін ерекше күн. Бүгін менің сиқырлы таяғым таң тамаша таңжайыпты көрсете ме екен? Қане, сиқырлы таяғым қандай қызық көрсетесің?

(осы кезде шар жарылып, жүргізуші шығады)

Жүргізуші: Армысың, кішкентай сиқыршы!

Сиқыршы: Сәлеметсіз бе? Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда тұрмын?

Жүргізуші: Кішкентай сиқыршы, бүгін біздің мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне арналған тәрбие сынып сағаты өтеді. Кел, кішкентай сиқыршы, біздің балалардың білімін, өнерін бірге тамашалаңыз.

Сиқыршы қыз: Рахмет, сізге. Мен сізге көмектесіп тұрсам болама?

Жүргізуші: Әрине болады. Сен бізге қонақ бол. Балалардың өнерін тамашала.

Ән: Шырша жыры

Жүргізуші: Келіңдер балалар, ертегімді тыңдаңдар. Ертегімде сан қилы қызық-қызық сырлар бар. Жаңа жылдың кешінде аңдар келіп, бір шешімге достаспақшы ниетпен жиналыпты. Соныменен, жаңа жылға арналған ертегіні көріңдер.

IV. Жаңа жыл ертегі

Шыршаның артынан қоян ceкірiп шығады да:

Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап, билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

(Ceкipiп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады)

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю:

Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.

Аю: Жаңа жылдың тойында «Жан салайық» ойынға!

Eкeyi қол ұстасып, билейді.

(Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді)

Түлкі: Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

Түлкі:

Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан! Жүрген жерің күлкілі ән!

(Аю, қоян, түлкі бipre билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына кipпi келеді)

Kipпi: Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян, келші биге басайық!

(Бәрі билеп жатқанда, жолбарыс келеді)

Жолбарыс:

Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бip сәлем.

Бәpi: Сәлем, Жолбарыс! Жақсы-ақ биі!

(Бәpi қосылып, билейді)

Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын! Достығымыз мықты болсын!

«Аңдар» биі биленеді

V. Ескі жылды шығарып салу

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Енді барлығымыз Ескі жылды шығарып салайық.

Ескі жыл:

Шырша тойы құтты болсын ағайын,
Жыр тойында би билеп ән салайық.
Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,
Езу жимай бір жарасып қалайық.
Ескі жылың есіркеп.
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын жақсылық,
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен,
Сіздерді қимас көңілмен,
Келер жылқы жылына.
Жақсылығымыз көп болсын,
Ашық болсын аспаның.
Аман болсын жас-кәрің.

Жүргізуші: Аяулы да құрметті 2025 жыл! Сен құтты жыл болдың. Біз ризамыз саған ескі жыл! Сіз бізбен қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың. Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз. Ал, сау бол, Ескі жыл!

Ескі жыл: Мен сендерге сенемін балалар, ұмытпаймын сендерді сау болыңдар.

Хормен: Қош, сау бол 2025 жыл!

VI. Мыстан кемпір

Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә!

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді

(Аяз Ата)

Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! — деп айғайлап шақырады.

(Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны бip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады)

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?

(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны жұлып алғысы келеді)

Жүргізуші: Мыстан кемпір!

(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)

Жүргізуші: Біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!

Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!

(Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып)

Мыстан: Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

(Әрі тартады, бері тартады, бірақ жұла алмайды. Шамалы дем алып алайын сосын жұлып алармын дейді)

Сиқыршы: Мыстан кемпір сен неге балалардың өнерін тамашаламайсың? Балалар өнерлі екен. Сен балалардың өнерін тамашала. Балаларға сыйлық әкелдің бе?

Мыстан: Жоқ. Ендеше мен Аяз ата мен Ақшақарды жіберейін. Балалардың өнерін көрсін. Сау болыңдар балалар!

Ән: Аяз ата

Хор: Аяз ата, Аяз ата

VII. Жаңа жылды қарсы алу

Жүргізуші: Балалар біз жаңа ескі жылды шығарып салдық. Енді барлығымыз жаңа жылды шақырайық. Қазір келетін қандай жыл? Сендер білесіңдер ме?

Жаңа жыл:

Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай.
Келіңдер қарсы алайық.
Жақсылыққа бағытталған.
Жыланмын мен жаңа жыл,
Жаңа жылда барлығыңыз.
Жаңа үміт таба біл.
Жылан жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын.
Елде жерде табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.

VII. Оқушылардың орындауында өлеңдер

1-оқушы:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2-оқушы:

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3-оқушы:

Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4-оқушы:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Жүргізуші: Енді біз Аяз атаны шығармашылық нөмірлерімізбен қуантамыз

Би: Қояндар биі

Ән: Шырша жыры

5-оқушы:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған
Сәлем бepді жұртына.

6-оқушы:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

7-оқушы:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

8-оқушы:

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

9-оқушы:

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

10-оқушы:

Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Аяз-Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.

Сиқыршы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырсам шешесіңдер ме?

Балаларға жұмбақ жасырады:

  1. Қыста ғана болады,
    Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
  2. Терезеге қонады,
    Әсем ою ояды. (Қырау)
  3. Тікен, тікен тік пістe.
    Қысы жазы бip тусте (Шырша)

Сиқыршы: Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

VII. Қорытынды

Сиқыршы: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2026-шы жаңа жылға арналған тәрбие сынып сағатымыз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Мұғалім:

Жаңа жыл — жаңа арман, жаңа мақсаттар жылы. Баршаңызға денсаулық, табыс, бақыт тілеймін! Құтты болсын Жаңа жыл! Жаңа жыл — жаңа бақыт әкелсін!

Қош келдің, Жаңа жыл — тәрбие сынып сағаты

Добавить комментарий