Сабақтың тақырыбы: Азот
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға азоттың периодтық жүйедегі орнын, табиғатта таралуын, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуын таныстыру.
- Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін,
шапшаңдығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, танымдық ізденістерін дамыту, талаптануын арттыру. - Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке, сабырлылыққа,
экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Түрі: жаңа материалды оқып үйрену
Әдісі: дәріс, сұхбат, топтастыру, тест жұмысы.
Өткен сабақты қайталау.
- Күкірттің электрондық формуласын және графиктік формуласын тап?
- Физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
- Күкірт,күкірт оксидтері және күкірт қышқылы оның тұздары?
- Төмендегі реакция теңдеулерңн жазыңдар. (№1)
S SO2 SO3 H2SO4 BaSO4 - Натрий сульфаты және мыс (ІІ) сульфаты құрамындағы күкірттің массалық үлесін есепте. (№2)
Азот
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар:
- Азоттың периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама;
- Азоттың атом құрылысы;
- Азоттың табиғатта таралуы және биологиялық маңызы;
- Азоттың алынуы;
- Азоттың физикалық және химилық қасиеті;
- Азоттың табиғатта таралуы;
- Азоттың қолданылуы;
1. Периодтық жүйедегі орны
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азот ІІ периодта, У топтың негізгі топшасында орналасқан. Азоттан басқа ол топшаны фосфор, мышьяк, сурьма және висмут элементтері құрайды. (Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі)
- Химиялық таңбасы —
- Реттік нөмірі —
- Салыстырмалы атомдық массасы —
- Периоды (кіші, үлкен) —
- Топ, топшасы —
- Ядро заряды, электроны
- Протоны, нейтроны
- Электрондық формуласы —
- Тотығу дәрежелері —
ІІ. Азоттың атом құрылысы
Ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Азоттың электрондық және графиктік формуласын жазу (№3) Азоттың ұшқыш сутекті қосылыстары коваленттік полюсті байланыс түзеді, оның жалпы формуласы R Н3, оттекпен түзетін оксидтері R2O5–ке сәйкес келеді. Азотты алғаш рет ағылшын химигі Д. Резерфорд сипаттаған. Ал 1772 ж азоттың ресми ашылған жылы болып есептелді.
ІІІ. Азоттың табиғатта таралуы
Табиғатта азот бос түрінде және қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауада оның көлемдік үлесі 78,09 %; массалық үлесі 75,6 %. Құрамында азоты бар маңызды қосылыстар — натрий селитрасы 6 %, калий селитрасы және кальций селитрасы. Жер қыртысында азоттың жалпы мөлшері 0,01-0,04 %. Белокта орта есеппен 16% азот бар. Азот — нәруызды заттардың құрам бөлігі болғандықтан тіршілік үшін аса маңызды элемент. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және аммоний тұздары түрінде алады. Жануарлар организмінде 1% –дан 105–ға малдың мүйізінде 15%-ға дейін жетеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды.
ІV. Азоттың алынуы
Техникада азотты сұйық ауадан алады.
Зертханалық жағдайда таза азотты аммоний нитритін қыздыру арқылы алады.
NH4NO2 = N2 + 2H2O (№5)
V. Азоттың физикалық қасиеті
Азот (түссіз, иіссіз газ) қ.ж. азот ауадан жеңіл, 1 л азот газының массасы 1,25 г тең.
Азотқа тән қасиет ол -3,-2,-1,+1,+2,+3,+4,+5 тотығу дәрежелерінде болып, химиялық қосылыстар түзеді.
Азоттың оттекпен әрекеттесуі 2000 С маңайында Pt. MnO катализаторлары қатысында жүреді.
N2 + O2 = 2NO
Кәдімгі жағдайда азот литиймен ғана әрекеттеседі.
6Li + H2 = 2Li3N
VІ. Азоттың табиғаттағы айналымы
(слайд)
VІІ. Қолданылуы
(слайд)
Сабақты бекіту:
Химиялық диктант:
- Азот ……………. газ
- Азот ауадан…….., суда………….ериді.
- Қайнау температурасы……………..
- Қату температурасы…………………
- Ауаның құрамында…….% aзот және …………% оттек бар.
Сәйкестендіру тестісі
Айналуларды жүзеге асыру:
- N2→NO→NO 2→ HNO3 → Zn(NO3)2
- Ca →CaO→СaCO 3→Ca(NO3)2
- N2→NH3→NO→NO 2→ HNO3 →NaNO3
Үйге тапсырма: §17. 82 бет 1 – 7 сұрақтар
Алматы облысы, Райымбек ауданы
«Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемеснің химия пәнінің мұгалімі
Берікбаева Құралай Бейсәкімқызы