Азот

Алматы облысы Райымбек ауданы
«Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік
мекемеснің химия пәнінің мұгалімі
Берікбаева Құралай Бейсәкімқызы

Сабақтың тақырыбы: Азот.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: : Оқушыларға азоттың периодтық
жүйедегі орнын, табиғатта таралуын, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуын таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін,
шапшаңдығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, танымдық ізденістерін дамыту, талаптануын арттыру.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке, сабырлылыққа,
экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқып үйрену.
Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат, топтастыру, тест жұмысы.
Өткен сабақты қайталау.
Күкірттің электрондық формуласын және графиктік формуласын тап?
Физикалық және химиялық қасиеттері қандай?
Күкірт,күкірт оксидтері және күкірт қышқылы оның тұздары?
Төмендегі реакция теңдеулерңн жазыңдар. (№1)
S SO2 SO3 H2SO4 BaSO4
Натрий сульфаты және мыс (ІІ) сульфаты құрамындағы күкірттің массалық үлесін есепте. (№2)
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар :
1. Азоттың периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама;
2. Азоттың атом құрылысы;
3. Азоттың табиғатта таралуы және биологиялық маңызы;
4. Азоттың алынуы;
5. Азоттың физикалық және химилық қасиеті;
6. Азоттың табиғатта таралуы;
7. Азоттың қолданылуы;
1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азаот ІІ периодта,У топтың негізгі топшасында орналасқан. Азоттан басқа ол топшаны фосфор, мышьяк,сурьма жйне висмут элементтері құрайды. (Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі)
1 Химиялық таңбасы-
2 Реттік нөмірі-
3 Салыстырмалы атомдық массасы-
4 Периоды( кіші,үлкен) —
5 Топ, топшасы-
6 Ядро заряды, электроны
7 Протоны, нейтроны
8 Электрондық формуласы —
9 Тотығу дәрежелері —

ІІ.Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес электрон бар. Азоттың электрондық және графиктік формуласын жазу (№3) Азоттың ұшқыш сутекті қосылыстары коваленттік полюсті байланыс түзеді,оның жалпы формуласы R Н3 ,оттекпен түзетін оксидтері R2O5 –ке сәйкес келеді. Азотты алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд сипаттаған. Ал 1772ж азоттың ресми ашылған жылы болып есептелді. (слайд)
ІІІ. Табиғатта азот бос түрінде және қосылыстар түрінде де кездеседі.
Ауада оның көлемдік үлесі 78,09 % ; Массалық үлесі 75,6 %; . Құрамында азоты бар маңызды қосылыстар-натрий селитрасы 6 %, калий селитрасы және кальций селитрасы. Жер қыртысында азоттың жалпы мөлшері 0,01-0,04 %. Белокта орта есеппен 16% азот бар. Азот-нәруызды заттардың құрам бөлігі болғандықтан тіршілік үшін аса маңыздыэлемент. Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат жіне аммоний тұздары түрінде алады. Жануарлар организмінде 1% –дан 105 –ға малдың мүйізінде 15%-ға дейін жетеді. Азот адам денесінің 3%-ын құрайды. (слайд)
ІУ. Алынуы:
Техникада азотты сұйық ауадан алады.
Ауа

азот оттек (№4)

Зертханалық жағдайда таза азотты аммоний нитритін қыздыру арқылы алады.
NH4NO2 = N2 + 2H2O (№5)
У. Азоттың физикалық қасиеті
Азот (Түссіз, иіссіз газ. ) қ.ж. азот ауадан жеңіл,1л азот газының массасы 1,25г тең.
Азоттың химиялық қасиеті
Жай заттармен
Түзілетін қосылыс
Қосылыстағы азоттың тотығу дәрежесі.
Li
Li3N
-3
Al
AlN
-3
O2
NO
+2
H2
NH3
-3
Na
Na3N
-3
Mg
Mg3N2
-3
(Оқушылар таблица бойынша тақтаға реакция теңдеуін жазып теңестіреді).
Азотқа тән қасиет ол -3,-2,-1,+1,+2,+3,+4,+5 тотығу дәрежелерінде болып, химиялық қосылыстар түзеді.
Азоттың оттекпен әрекеттесуі 2000 С маңайында Pt. MnO катализаторлары қатысында жүреді.
N2 + O2 = 2NO
Кәдімгі жағдайда азот литиймен ғана әрекеттеседі.
6Li + H2 = 2Li3N
УІ. Азоттың табиғаттағы айналымы. (слайд)
УІІ. Қолданылуы. (слайд)
А з о т т ы ң қ о л д а н ы л у ы

Аммиак Азот қышқылын алуда синтездеуде

Тыңайтқыштар алуда Сұйық азот салқындатқыш жүйе саласында
Сабақты бекіту:
Химиялық диктант:
Азот ……………. газ
Азот ауадан…….., суда………….ериді.
Қайнау температурасы……………..
Қату температурасы…………………
Ауаның құрамында…….% aзот және …………% оттек бар.
Сәйкестендіру тестісі.

Айналуларды жүзеге асыру;
1) N2→NO→NO 2→ HNO3 → Zn(NO3)2
2) Ca →CaO→СaCO 3→Ca(NO3)2
3) N2→NH3→NO→NO 2→ HNO3 →NaNO3 (№6)
Есеп шығар: (№7)

Үйге тапсырма: §17. 82 бет 1 – 7 сұрақтар

Добавить комментарий