Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Жоспар:
- Алюминий және оның қосылыстары туралы білу
 - Алюминийдің ерекше қасиеттерін түсіну
 - Амфотерлі ұғымын тапсырмалар орындауда қолдану
 
Алюминий және оның қосылыстары
Алюминий оксиді табиғатта кездеседі, абразив материалдар жасауға металл алюминий және жасанды қымбат бағалы тастар алуға қолданылады.
- Топтық жұмыс: Жоба қорғау
 - Жұптық жұмыс Кім жылдам?
 - Жеке жұмыс Көлік ішіндегі заттар
 
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)
- І топ — Алюминий
 - ІІ топ — Алюминий қосылыстары
 
ІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі:
- Екідайлы немесе амфотерлі дегеніміз не?
 - Неліктен алюминий екідайлы химиялық элемент?
 - Алюминийдің қандай қосылыстары бар?
 
ІІІ. Топтық жұмыс: Жоба қорғау
(20 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
- Алюминий тобына«Концептуалдық кесте»
 - Алюминий қосылыстары тобына «Тұжырымдамалық карта»
 
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау
Бағалау
ІV. Жұптық жұмыс: Кім жылдам?
(7 минут)
- Айналуларды жүзеге асырыңдар:
Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→Al2O3→Al - Егер шығымы 100% болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы қанша?
 
Жұптар бірін-бірі бағалайды
V. Жеке жұмыс: Көлік ішіндегі заттар
(10 минут)
Қанат ескі үйді жөндеп жатыр. Көлігінің жүк салғышында 1 бөтелке су, алюминий сымын, ағаш кесіндісін қалдырды. Көлік күннің астында 3 сағат тұрғаннан кейін, оның ішіндегі температура 40 С болды.
- Көлік ішіндегі заттар қандай жағдайда болды?
 - Заттар қандай өзгеріске ұшырады? Иә немесе жоқ
 - Заттардың температурасы бірдей болды? Иә/жоқ
 - Сәлден кейін су қайнады? Иә/жоқ
 - Сәлден кейін алюминий сымы балқыды? Иә/жоқ
 
Ескерту: әр жауапты түсіндіру ( неге «иә», неге «жоқ»)
Оқушылардың пікірлерін тыңдау
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№261 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі:
Алиасқарова Гүлнұр