Сабақтың тақырыбы: Баспалдақ білім сайысы
Мақсаты: оқушылардың мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша білім деңгейлерін байқау, оларды ақыл – ой, таным біліктерін көрсете білуге баулу.
Көрнекілігі: электрондық оқулық, карточка тапсырмалармен, ребус, мақал- мәтелдер.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Топқа бөлінген оқушылардың білім-білігін әділ-қазылар бағалайды.
Сайыс 11 кезеңнен тұрады.
Сайыстың шарттары:
- Танысу
- Химиялық бәйге
- Жұмбақтар сыры
- Сиқырлы сандар
- Дода
- Электрондық оқулық
- Тіл сындырайық
- Кім жылдам
- Химиялық эстафета
- Есептер сыры
- Қорытынды
Баспалдақ білім сайысы
1 кезең
Танысу
2 кезең. Химиялық бәйге
Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
І топ сұрақтары:
- Озонның формуласы – О3 (иә)
- Темірдің атомдық салмағы – 56 (иә)
- Судың формуласы – SO2 (жоқ)
- Атом – молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым — М. В. Ломоносов (иә)
- Сұйық металл – сынап (иә)
- Шынының балқуы — химиялық құбылыс (жоқ)
- Сүттің ашуы — физикалық құбылыс (жоқ)
- Табиғатта ең көп таралған зат – су (иә)
- Судың газ күйі – мұз (жоқ)
- Адам шашында алтын бар (иә)
ІІ топ сұрақтары:
- Атомдық салмағы 16-S (жоқ)
- Үйге жарық беретін элемент – Fe (жоқ)
- Сүйек құрамында сынап бар (жоқ)
- Сұйық құрамында фосфор бар (жоқ)
- Күміс қасық қараяды (иә)
- Ас тұзының формуласы – NaCl (иә)
- Адам тыныс алатын газ – Н2 (жоқ)
- Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод (иә)
- Атом — молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым – Д. И. Менделеев (жоқ)
- Металдарды тот басады (иә)
3 кезең. Жұмбақтар сыры
Бұл кезеңде оқушыларға химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады.
І топқа
- Өзім газбын, менімен демаласың,
жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (Оттегі) - Шыдасаңда алтын күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (Су) - Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан басталады. (Сутегі)
ІІ топқа
- Ол болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін. (Тұз натрий хлор) - Машинамен трактордың шикізаты,
Қара металлургияның негізгі наны. (Темір) - Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады. (Қорғасын)
4 кезең. Сиқырлы сандар
Бұл кезеңде 2 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.
- 1869 ж
- 1860 ж
- 1775 ж
- 1834 ж
- 1748 ж
- 32
- 49,13 %
5 кезең. Дода
Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ щещеді.
- Дезинфекция үшін қолданылатын элемент? (Хлор)
- Медицинада қолданылатын элемент? (Иод)
- Тұрмыста қолданылатын элемент? (Мыс)
- Біреуі оттегі болып келетін, екі элементтен тұратын зат? (Оксид)
- Элементтің түр өзгерісі қалай аталады? (Аллотропия)
6 кезең. Электрондық оқулықтар
Бұл кезеңде оқушылар электрондық оқулықты тамашалай отырып, реакция теңдеуін жазу керек. Фотосинтез, аммоний дихрамотының айырылу реакциясы. (Вулкан) Күкірттің жану реакциясы.
7 кезең. Тіл сындырайық
Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады, оқушылар соның жауабын тауып 3 тілде айту керек. қазақша, орысша, латынша.
- Нені қызған кезде соқ? (темір, железо, феррум)
- Нені көрсе періште жолдан таяды? (алтын, золото, аурум)
- Ауаның негізгі құрам бөлігі? (азот, азот, нитрофус)
- «Сасық» атты сұйықтық? (бром, бром, бромс)
8 кезең. Кім жылдам
Бұл кезеңде оқушылар реакция теңдеуіндегі бос орынды толтырады.
Zn + H2SO4→…..
HCl + …..→ NaCl + H2↑
Na + H2O → ….
9 кезең. Химиялық эстафета
І топқа
Сu → CuO → CuCl2 → Cu(ОН)2
ІІ топқа
S → SO2→SO3→H2SO3
10 кезең. Есептер сыры
Тағы келді есептер шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр.
Есеп шешер кезегі келіп тұр.
Бұл кезеңде 2 топқа есептер беріледі, сол есептердің шешімін оқушылар тақтаға жазады.
І топ
- Массасы 6 г магний жанғанда неше грамм магний оксиді түзеледі
- Мына реакция теңдеуі қай типке жатады:
АІ + S→ АІ2S3
ІІ топ
- 500 г кальций карбонаты айырылғанда неше грамм кальций оксиді түзеледі
- Мына реакция теңдеуі реакцияның қай типіне жатады:
СаСО3 →СаО + СО2
11 кезең. Қорытынды
Білім баспалдағының шыңына жеткен оқушы жеңімпаз атанады.
БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы
білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі
Султангалиева Күміс