Баспалдақ білім сайысы

БҚО, Ақжайық ауданы Мерген орта жалпы
білім беретін мектебінің химия пәнініі мұғалімі
Султангалиева Күміс

Тақырыбы: «Баспалдақ » білім сайысы.

Мақсаты: оқушылардың мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша білім деңгейлерін байқау, оларды ақыл – ой, таным біліктерін көрсете
білуге баулу.
Көрнекілігі: электрондық оқулық, карточка тапсырмалармен, ребус, мақал- мәтелдер.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Топқа бөлінген оқушылардың білім- білігін әділ- қазылар бағалайды.
1.
2.
3.
Сайыс 11 кезеңнен тұрады.
Сайыстың шарттары:
І. Танысу
ІІ. Химиялық бәйге
ІІІ. Жұмбақтар сыры
ІҮ. Сиқырлы сандар
Ү. Дода
ҮІ. Электрондық оқулық
ҮІІ. “Тіл сындырайық”
ҮІІІ. “Кім жылдам”
ІХ. Химиялық эстафета
Х. Есептер сыры
ХІ. Қорытынды
2 кезең: Химиялық бәйге. Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
І топ. сұрақтары:
1. Озонның формуласы – О3. (иә)
2.Темірдің атомдық салмағы – 56. (иә)
3.Судың формуласы – SO2 . (жоқ)
4.Атом – молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым — М.В.Ломоносов. (иә)
5.Сұйық металл – сынап. (иә)
6.Шынының балқуы — химиялық құбылыс (жоқ)
7.Сүттің ашуы — физикалық құбылыс (жоқ)
8. Табиғатта ең көп таралған зат – су (иә)
9. Судың газ күйі – мұз. (жоқ)
10. Адам шашында алтын бар. (иә)
ІІ топ сұрақтары:
1. Атомдық салмағы 16-S (жоқ)
2. Үйге жарық беретін элемент – Fe. (Жоқ)
3. Сүйек құрамында сынап бар.(жоқ)
4. Сұйық құрамында фосфор бар.(жоқ)
5. Күміс қасық қараяды.(Иә)
6. Ас тұзының формуласы – NaCl. (Иә)
7. Адам тыныс алатын газ – Н2.(Жоқ)
8. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл – йод. (Иә)
9. Атом — молекулалық ілімінің теориясын ашқан ғалым –
Д.И.Менделеев. (Жоқ)
10. Металлдарды тот басады. (Иә)
3 кезең: «Жұмбақтар сыры». Бұл кезеңде оқушыларға химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады.
І топқа.
1. Өзім газбын, менімен демаласың,
жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (Оттегі)
2. Шыдасаңда алтын күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (Су)
3. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан басталады. (Сутегі)
ІІ топқа.
1.Ол болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін. (Тұз натрий хлор)
2. Машинамен трактордың шикізаты,
Қара металлургияның негізгі наны. (Темір)
3. Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады. (Қорғасын)
4 кезең: «Сиқырлы сандар». Бұл кезеңде 2 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.
1. 1869ж 4. 1834ж. 7. 49,13%
2. 1860ж. 5.1748ж.
3. 1775ж. 6. 32
5- кезең: «Дода». Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ щещеді.
1. Дезинфекция үшін қолданылатын элемент? (Хлор)
2. Медицинада қолданылатын элемент? (Иод)
3. Тұрмыста қолданылатын элемент? (Мыс)
4. Біреуі оттегі болып келетін, екі элементтен тұратын зат? (Оксид)
5. Элементтің түр өзгерісі қалай аталады? (аллотропия)
х
и
м
и

я
6. кезең: Электрондық оқулықтар.
Бұл кезеңде оқушылар электрондық оқулықты тамашалай отырып, реакция теңдеуін жазу керек. Фотосинтез, аммоний дихрамотының айырылу реакциясы.(Вулкан) Күкірттің жану реакциясы.

7 кезең: «Тіл сындырайық».
Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады, оқушылар соның жауабын тауып 3 тілде айту керек. қазақша, орысша, латынша.
1. Нені қызған кезде соқ? (темір,железо, феррум)
2. Нені көрсе періште жолдан таяды? (алтын, золото, аурум)
3. Ауаның негізгі құрам бөлігі? (Азот, азот, нитрофус)
4. «Сасық» атты сұйықтық? (бром,бром, бромс)
8 кезең: «Кім жылдам».
Бұл кезеңде оқушылар реакция теңдеуіндегі бос орынды толтырады.
Zn + H2SO4→…..
HCl + …..→ NaCl + H2↑
Na + H2O → ….
9 кезең: «Химиялық эстафета».
І топқа
Сu → CuO → CuCl2 → Cu(ОН)2
ІІ топқа
S → SO2→SO3→H2SO3
10 кезең: «Есептер сыры».
Тағы келді есептер шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр.
Есеп шешер кезегі келіп тұр.
Бұл кезеңде 2 топқа есептер беріледі, сол есептердің шешімін оқушылар тақтаға жазады.
І топ
1.Массасы 6г магний жанғанда неше грамм магний оксиді түзеледі:
2. Мына реакция теңдеуі қай типке жатады:
АІ + S→ АІ2S3
ІІ топ
1. 500г кальций карбонаты айырылғанда неше грамм кальций оксиді түзеледі:
2. Мына реакция теңдеуі реакцияның қай типіне жатады:
СаСО3 →СаО + СО2
11 кезең: Қорытынды. Білім баспалдағының шыңына жеткен оқушы жеңімпаз атанады.

Добавить комментарий