Суқойма өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың тақырыбы: Суқойма өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:

  1. Суқойма және оның түрлері, өсімдік пен жануарлар тіршілігіндегі маңызы туралы білімін толықтыру. Өзен бөліктері және көлдер туралы білімін бекіту.
  2. Танымдық белсенділігін, логикалық ойлауын, физикалық картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  3. Суқоймаларды ластамай, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Түрі: аралас сабақ.

Суқойма өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Психологиялық дайындық

Дүниетану жер шары,
Дүниетану ел шары.
Табиғатты зерттейтін
Білімнің төл кітабы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Түсінгендерін сұрау.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кел, ойланайық!

Мақалдың мағынасын ашу.
Сулы жер – нулы жер.

Суқойма сөзіне ассоциация

  • мұхиттар
  • көлдер
  • теңіздер
  • тоғандар
  • өзендер

Суқоймалар

  • жылғалар
  • құдықтар
  • ыстық сулар
  • бұлақтар

— Өзің тұратын өлкеде қандай өзен бар? Көл бар ма?

Топпен жұмыс

Оқушылар Қазақстанның суқоймаларында тіршілік ететін жануарлар туралы білетін білімін ортаға салады. Бір-бірінің пікірін тыңдайды, оны толықтырады. Бір-біріне сұрақ қояды.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып отырып, өздерінің білімдерін кесте арқылы көрсетеді.

  • Білемін – Білмеймін?
  • Білгім келеді
  • Мені не таңғалдырды?

Кестеге ақпаратты қысқаша жазады.

Жұппен жұмыс

Бір-бірінің кестеге толтырған жазбасын салыстырып, пікір алмасады.

Пікірталас

  1. Суқоймаларының Қазақстанда тұратын адамдар үшін қандай маңызы бар?
  2. Адамдар суқоймаларын сақтап қалу үшін қандай шара қолданады?
  3. Өсімдіктер мен жануарларға адамдардан қандай зиян келеді?

Оқушылар: «Менің ойымша…», «Мен сенімдімін…» деген сияқты сөйлемдермен бастап, ойларын айтады.

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімі бекітіледі. Кесте бойынша суқоймаларының пайдасы мен зиянын анықтайды.

Пайдасы

  • Жануарлар тіршілік етеді.
  • Қорек көп.
  • Жидектер көп.

Зияны

  • Қауіпті
  • Лас су
  • Жаман иіс
VI. Үйге тапсырма беру. Бағалау.

Мәтінді оқып келу.

«Өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Бағалау.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измулдина Ақтоты Нұрболатқызы

Сабақтың тақырыбы: Суқойма өсімдіктері мен жануарлары

Добавить комментарий