Атырау қаласы
№ 23 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Әділғалиева Гүлжихан Бағытжанқызы
Химия пәнінен оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы әдістерінің тиімділігі
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алып келеді.Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.Білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту туралы
2012 жылдың 27 қаңтарындағы мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, үкіметке «оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде ұлттық іс- қимыл жоспарын бекіту» туралы тапсырма берілді.
Біздің бүгінгі білім беру жүйесі негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдысын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған.
Қ азақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру алған білімдерін қорыта білу өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновацияны меңгеру қабілеттеріне үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің сөзі бойынша «Қоғамда инновациялық, креативті мінез-қүлық басым болуы керек». Сол себепті жас ұлттың қызығушылығы мен талаптарын мүмкіндігінше қанағаттандыратын білім берудің озық жүйесін құру-Қазақстан Республикасыныңбілім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылады.
Осыған байланысты,білім беру жүйесінің алғашқы міндеттерінің бірі болып ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде, ғылым мен тәжірибе жетістігі негізінде тұлғаныңдамуы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау ,жеке дара тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы ой-өрісті кеңейту ,бала тұлғасын әлеуметтік өміре бейімдеу, қоғам мен еңбек нарығының ауыспалы қажеттіліктеріне жылдам бейімделуіне себеп болатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Бүгінгі мектептерде білім беру тұлға мен тәжірибеге бағытталып , тұлғаның өзін- өзі дамытуына ,өзін –өзі жетілдіруіне мүмкіндігінше көңіл бөліп, мәселелі- шығармашылық сипатта болуы керек.
Алайда осы уақытта инновациялық үрдістердің ингибиторы болып білім мазмұны мен оқушыларға білім беру ерекшеліктеріне байланысты.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға өмірдің түрлі саласында кездесетін шынайы және өзекті мәселелерді шешуге , тәжірибелік-бағытталған, бейімделген тапсырмалар мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмалардың мазмұны күнделікті өмірге қажетті ақпараттан тұрып, жеке адам үшін де, қоғам үшін де, қоғам үшін де өзекті болып отыр.
Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын талап — оның сапасын арттыру.
Баланы мектеп қабырғасынан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдауға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету керек. Оған дайын болуға қазіргі уақытта оқу үрдісіне жаңа технологияларды қолданудың мәні зор делініп жүр.
Жалпы педагогикада баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты — жан — жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті — оқыту мақсаты болып табылады. Бірақ, бұл мақсат өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс — әрекеті белгілі бір дәрежеде белсенділенуі қажет. Жаңа мақсат жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқытудың әдістерін өзгертуін талап етеді.
Осы талаптарды орындау үшін төмендегі ұсыныстар қажет.
1. Оқушылар өздігінен танып, іздену іс — әрекеттерінің әдістерін меңгеру қажет. Демек, жаңа мақсат бойынша «оқушы – мұғалім», деген қатынасты қарастырады. Бұл жағдай бірінші орында тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылады.
2. Оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі, қадір – қасиеті сезімін дамыту.
3. Оқу құралдары оқушылардың өздігінен іс — әрекет жүргізе алатындай болуы керек. Мұндай талаптары болса оқушыларға тақырып бойынша заңдар мен ережелерді, тұжырымдарды өздігінен шығаруға жетелейді.
Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан -жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүр.
Солардың бірі- Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы ( RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру,ізденгіштігін, байқампаздығын дамыту.
Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дмыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу оқыту мақсатында жетудің бірден бір бөлігі. Химиядан формула білсе, есеп шығара алса негізгі мәселе шешіледі деп ойлаймыз. Барлық тақырыптарға толық нәтиже көрсете алмағанда ол пікірдің қате екеніне, формула құрастыру, есеп шығару іс- әрекеттің басы ғана екенін түсіндім. RWCT жобасыбойынша жұмыс істей бастағаннан пәнді оқытуға деген көзқарас өзімде де, оқушыларымда да түбегейлі өзгерді. Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау, өзі білгісі келетін мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі оқушылардың дағдысына айналуда.Қай сыныпта болсын оқушылардың салғырттық, қызығушылықтары төмен екндігін байқайтынмын. Сондықтан мен өзімнің алдымы мынадай мақсат қойдым: оқушылар қалай болғанда да тақырыптарды, теоремаларды өздері талдап, дәлелдей білуі керек, ал мен сол үшін орта құруым керек, әрине бірінші сабақтың сұрақтарымен, нұсқауларымен проблеманы анықтаймын. Сонда ғанаолар өздеріндегі белгісіз қорқыныштан, сенімсіздіктен арылып, жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндіктер алады деп ойлаймын. Оқушылар мен күткен ойдан шығып келеді. Себебі, сабақ барысында білгісі келу қажеттілігі туады, өз бетімен үйрену сенімділігі артты, топтарда белгілі орта пайда болады. Оқушыларға өмірге қажетті есептеулер, нағыз заттарды ұстап көріп, оларды өлшеу,бағалау, сұрыптау бағытындағы есептермен жұмыс жасау керек. Сонда ғана оқушыда ой талқысына салу, елестету әдеті қалыптасады, нәтижесінде енжар оқушыдан ізденушілері, зерттеушілер және мәнді іс әрекет жасайтын мүшесін дайындауға болады.
Білімнің негізгі мақсаты оның қолданбалығында.Біздің пән мұғалімдеріміздің пән бойынша жақсы нәтижеге жетуіне біріншіден әуелден қалыптасып кеткен «қиын пән» туралы пікір, екіншіден қазіргі кезде осы қиындықтан алып шығатындай әдістемелік жүйенің жоқтығы кедергі болатын сияқты. Осы жобамен терең танысып, оның стратегияларын өзінің сабақ өткізу әдістемесіне жүйелі түрде енгізсе айтылған екі мәселе де шешімін табатыны сөзсіз. Енді осы жобамен өзімнің жасаған жұмыстарыма тоқталып өтейін.
Барлық басқа пәндер сияқты химия пәнін мектепте оқытудың алдында қойған мақсаты бар екені анық.Оқушы өзі білетін химиялық химиялық ұғымдарды ойша қорыта біліп, бір қарағанда көрінбейтін түсініксіз жағдайларды қарапайым химиялық фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса,күрделі мәселені қарапайым бөліктерге жіктей отырып жалпы ережеден дербес жағдайға және керісінше дербес жағдайдан жалпы заңдылыққа көше білсе, өзіне қажет сұрақ туралы біртұтас қорытындыға келе алатын деңгейге жетсе, пәнді оқыту өзінің мақсатына жетті деп айтуға болады. Оқушының терең білімді болуының басты шарттарының бірі мұғалімнен оқушыға берілетін білімнің көлемі жеткілікті, толық әрі нақты болуы керек және де білім оқушының ішкі жан дүниесінде қалыптасып, керек кезде белгілі бір интуициялық күш ретінде қажетке жарау керек. Бүгінгі күні осы шарттардың орындалуын белгілі бір дәрежеде жүзеге асыратын әдістемелік жүйе ол RWCT жобасы деп қайталап айтсам, артық болмас. Бұл жоба арқылы бірінші сабақ құрылымы өзгереді, одан соң сабақтың мазмұны өзгереді, жалпы айтқанда оқытудағы философияның өзгеруіне күшті бағытқа тап болады. Бір қарағанда көп көңіл аудара қоятындай мәселе емес сияқты, алайда сабақ қызығушылықты оятудан басталуы сыныптағы барлық оқушыны бір ұғымның, бір мәселенің айналасына жинақтауға , жұмылдыруға, жаңалық ашуға, көруге қызықтырады,ынталандырады. ББҮ таблицасын толтыру, түртіп алу стратегиясын қолдану оқушының жаңа фактіге бұған дейін өзі білетін фактілердің керегі ғана жинақталып, оларды қолдануға мүмкіндігі туады, соған үйренеді. Жекелеп, жұптасып, топтасып жұмыс істеу әдістері де оқушының білгенімен бөлісу, білмегенін өзінің әріптестерінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар химияның өзіне тән тілі бар, ол-формулалар. Сол формулаларды әрқашан өмірмен байланыстыра оқытса, бала өмірде химияны қолдана біледі, ал сабақта өмірде байқаған құбылыстарды химиялық терминдер мен символдарды қолданып өз ойын айта алады дегім келеді. Мен осы жетістіктерге «Сыни ойлауды дамыту» бағдарламасы арқылы жеттім.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған, бірін- бірі толықтыратын ойлау деп білемін.Бұл жобаның ішкі құрылымында ерекшеліктер бар. Бұл құрылым 3-деңгейден тұратын оқу мен үйренудің үлгісі. Көп ақпаратты, талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімін ұштастыруынан тұрады. Бұл ойды қозғау, ояту ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету кезінде жүзеге асады. Бұл- үйрену үрдісі. Осы кезеңнің екінші мақсаты–үйренушінің белсенділігін, ынта- жігерінарттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады.Жұбымен, тобымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.Сабақтың екінші кезеңіеде оқушы жаңа ақпартпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының өзбетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады.
Сабақтың үшінші кезеңі- толғаныс сатысы. Оқушылар осы кезеңде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді.Тоғануды тиімді етіп лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», «Семантикалық карта» стратегияларының лайықтысын тыңдаймын. Осы тұста әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Бір сабақтың үстінде бірнеше стратегияларды қолдану шарт емес.Басты мақсат- тақырыпты толық ашып, меңгерту.
Сабақ соңында оқушылармен жүргізілетін «Не үйрендік? Қандай сқрағың бар? Сенің пікірің?» сұрақтары төңірегінде ой қозғау, оқушылардың пікірін білу келесі сабағыма бағыт-бағдар сілтеп отырады.Оқушыларымның осы сұрақтарға жауабын тыңдай отырып, олардың көзқарастарымен санаса отырып, келесі сабағымды жоспарлаймын.
Қорыта келгенде, егемен еліміздің оқыту жүйесін қалыптастыруда ертеңгі күнге бағытталған рухани жанарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңарулар оқушылардың ақыл ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді, білімнің сапасы көтеріледі. Баяндамада «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының жоғары сыныптарда тиімді бірнеше әдістеріне тоқталдым. Бұл жоба сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын дамытуға ықпал етеді. Оқушылар үшін сабақ қызықты, жеңіл өтеді, ұжымда бірлесе жұмыс жасауға үйренеді, білім тереңдігі мен тиянақтылығы артады.
Бұл жобаның әдіс тәсілдерін жоғары сыныпта тиімді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімді арттыруға мүмкіндік туғызып отырды. Әдіс тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына, қиялына негізделіп құрылады. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге,ойын ашық айта білуге жетелейді. Сын тұрғысынан ойлау сынап қарау емес, оқушылардың шыңдалған оқу әрекеті. Бұл әдістерді пайдаланған кезде байқағаным, бұған дейін оқушы тек мұғалім мен оқулыққа бағынатын тыңдаушы болса, енді сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Жоғары сыныптарда бұл жобаның әдіс тәсілдерін пайдаланған кезде оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып алуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып,әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп қорғай білуге машықтанады, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады. Мұғалім ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды, ол өз пәнін жетік білсе де, балаға үстемдік етпейді. Бұл жоба бойынша мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын түйінді мәселелерді шешеді, оқу әрекетімен айналысады. Дәстүрлі оқытуда баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндіг жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала кезкелген мәселені шешуге тез үйренеді. Сыныпта белгілі бір мәселе төңірегінде пікіралмасулар көп уақыт алмайды. Қайта оқулықтан, бағдарламадан тыс дүниелер туралы хабарлар алуға, таным көкжиегіне тарылмай тарқай түсуіне жол ашылады.
Осындай әдістерді пайдалана отырып, мынадай қорытындыға келдім: кез келген пәнді оқыту кезінде дайын ұғымды жаттап, есіне сақтатып, қайтадан мазмұнын айтқызудан гөрі, интеллектуалдық, шығармашылық тәсілдерді қолдану тиімді.
Оқушылардың оқулықтан тыс алатын ақпарат көздерін ескере отырып, білетін нәрсені қолдануға жағдай жасау, баланың біліміне сүйену арқылы өзіне сендіру керек.
Оқушының білім алуға дайындығын, ынта ықыласын, интеллектуалдық қабілетін дамыту, білім беруді баланың ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы іске асыру керек.
ХХІ ғасыр әлемді ықпалдастыру ғасыры. Елбасы жарлығымен қабылданған мемлекеттік білім бағдарламасында «Білім берудің әлемдік кеңістігіне ену» туралы нақты айтылған. Баланың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында жаңа оқыту әдістерін тиімді деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
2. Н.Ә.Назарбаев – 2050 жолдауы
3. Қазақстан мектебі журналы № 2-3, 2012 ж
4. 12 жылдық білім журналы № 4, 2011 ж.
5. «Әдіскер мұғалім» журналы, № 1, 2012 ж
6 «Білімді жаңалықтар» журналы, № 2 2012 ж
7. К.Мередит, Д. Ситл, Ч. Темпл, С.Уолтер «Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» әдістемелік құрал
8 «Ұстаз» журналы № 3, 2012 ж
9. Б.Тұрғанбаев «Шығармашылық қабілеттерді дамыту», А, 2009 ж
10. Е.Акитбаев «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын
дамыту жолдары», 2006 ж
11. «Химия мектепте» журналы №5-6, 2012ж.
12. Химия анықтамасы №1-5 .2012.
13. Қ.Жүнісханов «Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу», 2010 ж
14. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы»журналы, 2011 ж №3,5, 2012 ж,№ 5,10