Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы
Сабақтың мақсаты:
- а) көпжасушалылардың көбею түрлерін, бунақденелілердің дамуымен таныстырып, алдыңғы сабақтардан алған білімдерін қайталау мақсатында білімдерін тексеру, қорытындылау;
- б) оқушылардың ой-өрісін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- в) топтық жұмыста өзара сыйластық қарым–қатынасын қалыптастыра отырып, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекке тәрбиелеу
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, карточка, бунақденелілердің суреттері, электрондық көрсетілімдер.
Бунақденелілердің дамуы
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
- Үй тапсырмасын сұрау «Бунақденелілердің көптүрлілігі» (8 минут)
- Жаңа тақырып «Бунақденелілердің дамуы»
- Деңгейлік тапсырмалар (18 минут)
- Сергіту сәті (3 минут)
- Бағалау (2 минут)
- Рефлексия (3 минут)
- Үйге тапсырма (3 минут)
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау
- оқушыларды психологиялық дайындау (амандасу, көңіл-күйлерін алдарындағы смайликтер арқылы көрсетуін сұрау, назарларын сабаққа аудару)
II. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар әр түрлі кезеңдер бойынша тарсырмаларды орындап, әр дұрыс жауап 1 ұпай, дұрыс жауап интерактивті тақтадан көрсетіліп отырады. Оқушыларға жауап парағы мен бағалау парақтары таратылады да, олар өздері ұпайларын жазып отырады.
«Миға шабуыл» кезеңі
- 1-тапсырма
Бунақденелілердің денесі неше бөлімнен тұрады? - 2-ші тапсырма
Суретте берілген 12 бунақденелердің аттарын жаз?
«Ойлан тап» кезеңі
Суретте берілген бунақденелер мен оларға тән аяқтарды сәйкестендір
«Мағынаны тану» кезеңі
Мына отрядтарға жататын бунақденелілер аттарын жазып шығу
- Турақанаттылар отряды —
- Жарғаққанаттылар отряды —
- Шалақанаттылар отряды —
- Қатқылқанаттылар отряды —
- Теңқанаттылар отряды —
- Қабыршаққанаттылар отряды —
- Қосқанаттылар отряды —
III. Жаңа сабақ Бунақденелілердің дамуы
Ұрықтанған жұмыртқадан ересек жәндікке ұқсас жас жәндіктер шығып, тек денесі өссе, және жыныстық жағынан ғана толысып дамыса, дамудың бұл түрі тура даму деп аталады.
Төменгі сатылы туақанатсыз буданақденелілер пішінін көп өзгертпей тура дамиды. Қанатты буданақденелілер шала түрленіп және толық түрленіп дамиды.
- Шала түрленіп дамудың сызбанұсқасы : жұмыртқа-дернәсіл -имаго.
- Толық түрленіп дамудың сызбанұсқасы: жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-имаго.
Бунақдененің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Жәндіктердің дамуы тура даму (қанатсыз жәндіктер), шала түрленіп даму мен толық түрленіп даму (инелік, дәуіт, қоңыз, көбелек, бүрге, шегіртке, бұзаубас, шыбын, маса, шаншар, бит, қандала) құмырсқа, түкті ара, бал аралары т.б.).
- Шала түрленіп даму (шегірткені мысалға ала отырып түсіндіру)
- Толық түрленіп даму (көбелектің дамуын мысалға алып түсіндіру)
Тест (дұрыс жауаптарыңды жауап парақтарыңа белгілеңдер)
- Бунақденелілердің денесі:
А) баскөкірек, құрсақ
Ә) құрсақ, көкірек
Б) бас, көкірек, құрсақ - Бунақденелілерде:
А) 4 жұп аяқ
Ә) 3 жұп аяқ
Б) 2 жұп аяқ
В) 1 жұп аяқ - Бунақденелілердің көпшілігнде қанат бар. Олардың саны:
А) 1 не 2 жұп
Ә) 2 жұп
Б) 1 жұп - Бунақденелілердің қанаты бекінген:
А) кеудеге, құрсаққа
Ә) кеудеге
Б) баскөкірекке, құрсаққа
В) баскөкірекке - Бунақденелілердің қанайналым жүйесі:
А) ашық
Ә) жабық - Жүрегі орналасқан:
А) дененің артқы жағында ішек үстінде
Ә) құрсақ жағында ішек астында
В) бас жағында - Зәр шығару жүйесі:
А) мальпигий түтікшелері
Ә) бүйрек
Б) ауа қапшықтары
Г) мальпигий түтікшелері және майлы дене - Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады?
А) 3 Ә) 2 Б) 4 Г) 1 - Имаго дегеніміз?
А) қуыршақ; Ә) дернәсіл; Б) ересек қуыршақ; Г) ересек дернәсіл.
IV. Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі
Венн диаграммасын толтыру (түрленіп дамудың екі түрінің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңдар)
В деңгейі
І.Қай бунақдене қай тәсілмен дамиды?(әріп пен сәйкес сандарды, қосып жазу керек)
- А. Шала түрленіп даму
- Ә.Толық түрленіп даму
- Сүңгір қоңыз
- Инелік
- Үй шыбыны
- Түкті ара
- Шегіртке
- Маса
- Тарақан
- Дәуіт
С деңгейі
- Мына терминдерге анықтама беріңдер: имаго, энтомология, нимфа, наяда, гемолимфа, жұлдызқұрт, қуыршақ
- Түрленіп дамудың бунақденелілер үшін қандай маңызы бар?
V. Сергіту сәті
Оқушылар музыкамен сергіту жаттығуларын жасайды
VI. Бағалау
Оқушылар әр кезең бойынша алдарындағы бағалау парақтарына ұпай сандарын жазып, қорытынды ұпайларын шығарады, сол бойынша бағалары қойылады.
VI. Рефлексия
(Оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым-қатынасты тудыру, олардың ой-пікірлерін тыңдау)
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қай кезеңі қызықты болды?
- Қолдарыңдағы смайликтер арқылы көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.
VII. Үйге тапсырма
Бунақденелілердің көбеюі тақырыпты оқу. Дәптерге бунақденелілердің маңызы туралы эссе жазу, бунақденелілерге сөзжұмбақ құрастыру (тапсырмаларды күнделікке жазып алғандарын тексеру)
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,
№11 Қоскөл орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Тортаева Айгуль Серікқызы