Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
- а) Буынаяқтылардың көптүрлерін, жәндіктердің негізі ерекшеліктерін тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерте отырып, білім беру.
- ә) Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ойларын дамыту.
- б) Табиғаты қорғай білуге, буынаяқтылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ұғындырып, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: топтастыру, өзіндік жұмыс, баяндау.
Сабақтың жабдығы: тақырыпқа сай көрнекі құралда, кесте-сызбалар, сөзтізбек.
Өтілетін сыныбы: 7-сынып
Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Шығармашылық жұмыс: «Бірі бәрі үшін, барлығы бірі үшін».
Негізгі шарты: Үстелде аты жазылған жәндіктер жатады. Оқушылар бір-бірден келіп өздеріне керекті жәндіктерді таңдап, аталуын, дене құрылысын айтады. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
ІІІ. Үй тапсырмасын өзектеу
Сөзтізбек «Ұлу».
- Ұлу денесінің сыртын қаптайтын қорғанышы. Бақалшақ.
- Ұлудың басында болатын өсімділер. Қармалауыш.
- Ұлу денесін түгел жауып тұратын тері,қатпар. Шапанша.
- Тұщы суды мекендейтін қосжақтаулы ұлу. Айқұлақ.
- Басы жоқ ұлулар класының атауы. Қожақтаулы
- Қосжақтаулы ұлудан жасалатын бұйымның түрі. Ыдыс.
- Теңізде тіршілік ететін басаяқты ұлу. Сегізаяқ.
- Ұлу аяқтарының атқаратын қызметі. Қозғалу
- Қосжақтаулы ұлулар класына жататын ұлу. Устрица
- Айқұлақ жебезегінің алдыңғы жағында орналасқан мүшесі. Ауыз тесігі.
IV. Жаңа сабақ
Буынаяқтылар типі
Буынаяқтылар – денесі буылтықты, екі жақты симметриялық көпжасушалы жәндік.
- Бунақденелілер класы
- Өрмекші тектестер класы
- Шаян тектестер класы
Өзен шаян, бүйі, мизан, қарақұрт, маса, тарақан, ас шаян, айқышты өрмекші инелік, дәуіт, көбелек, қыр шаян
- Бунақденелерді зерттейтін ғылым саласы — Энтомалогия
- Өрмекшілерді зерттейтін ғылым саласы — Арахнология
- Шаяндарды зерттейтін ғылым саласы — Карцинология
V. Сабақты қорытындылау:
- (V) – жаңа ақпарат
- (?) — маған жұмбақ
- (-) — түсніксіз
- (+) — түсінікті
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Сарыкөл ауылы,
Абй атындағы негізгі мектебі биология пәнінің мұғалімі
Қошпанова Нұрлы Сұңғатқызының ашық сабағы.