Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері

Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері

Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

  • а) Буынаяқтылардың көптүрлерін, жәндіктердің негізі ерекшеліктерін тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерте отырып, білім беру.
  • ә) Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ойларын дамыту.
  • б) Табиғаты қорғай білуге, буынаяқтылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ұғындырып, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: топтастыру, өзіндік жұмыс, баяндау.

Сабақтың жабдығы: тақырыпқа сай көрнекі құралда, кесте-сызбалар, сөзтізбек.

Өтілетін сыныбы: 7-сынып

Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Шығармашылық жұмыс: «Бірі бәрі үшін, барлығы бірі үшін».

Негізгі шарты: Үстелде аты жазылған жәндіктер жатады. Оқушылар бір-бірден келіп өздеріне керекті жәндіктерді таңдап, аталуын, дене құрылысын айтады. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

ІІІ. Үй тапсырмасын өзектеу

Сөзтізбек «Ұлу».

  1. Ұлу денесінің сыртын қаптайтын қорғанышы. Бақалшақ.
  2. Ұлудың басында болатын өсімділер. Қармалауыш.
  3. Ұлу денесін түгел жауып тұратын тері,қатпар. Шапанша.
  4. Тұщы суды мекендейтін қосжақтаулы ұлу. Айқұлақ.
  5. Басы жоқ ұлулар класының атауы. Қожақтаулы
  6. Қосжақтаулы ұлудан жасалатын бұйымның түрі. Ыдыс.
  7. Теңізде тіршілік ететін басаяқты ұлу. Сегізаяқ.
  8. Ұлу аяқтарының атқаратын қызметі. Қозғалу
  9. Қосжақтаулы ұлулар класына жататын ұлу. Устрица
  10. Айқұлақ жебезегінің алдыңғы жағында орналасқан мүшесі. Ауыз тесігі.
IV. Жаңа сабақ

Буынаяқтылар типі
Буынаяқтылар – денесі буылтықты, екі жақты симметриялық көпжасушалы жәндік.

  • Бунақденелілер класы
  • Өрмекші тектестер класы
  • Шаян тектестер класы

Өзен шаян, бүйі, мизан, қарақұрт, маса, тарақан, ас шаян, айқышты өрмекші инелік, дәуіт, көбелек, қыр шаян

  • Бунақденелерді зерттейтін ғылым саласы — Энтомалогия
  • Өрмекшілерді зерттейтін ғылым саласы — Арахнология
  • Шаяндарды зерттейтін ғылым саласы — Карцинология
V. Сабақты қорытындылау:
  • (V) – жаңа ақпарат
  • (?) — маған жұмбақ
  • (-) — түсніксіз
  • (+) — түсінікті

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Сарыкөл ауылы,
Абй атындағы негізгі мектебі биология пәнінің мұғалімі
Қошпанова Нұрлы Сұңғатқызының ашық сабағы.

Добавить комментарий