Сабақтың тақырыбы: Қой шаруашылығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қой, оның қолтұқымдарын туралы ақпарат бере отырып, оның маңызына тоқталу арқылы білім беру
Міндеттері:
- Оқушыларға білім тереңдету мақсатында қой шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі саласы екенінің мәнін аша отырып білім беру.
- Оқушылардың қой қолтұқымдарына тоқталуы арқылы білімін толықтыру. Ойларын салыстыруға, анализдеуге, жалпылауға және қорытындылауға үйрету арқылы дамыту.
- Оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйластыққа тәрбиелеу. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке,төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру
Әдісі: СТО элементтері: топтық жұмыс, диалог, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: таратпа материал, интерактивті тақта, оқулық
Қой шаруашылығы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу
Шаттық шеңбері
(1 оқушы өткізеді, музыка ырғағымен)
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүл шашылды
Қайрлы күн!
Біз нәзік қыздармыз
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз
Қуанамыз ,біргеміз
Бөлінбейді іргеміз
Аясында достықтың
Бір жүреміз күнде біз
Оқушыларды түрлі – түсті қағаздар тарату арқылы топқа бөлу және шағын психологиялық талдау жасау.
- Көк түс – таңдағандар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
- Қызыл түс — таңдағандар энергияға толы екенін көрсетеді.
- Жасыл түс – таңдағандар өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар.
- Ақ түс – таңдағандар әділ адамдар. Ақ түс әділдікті білдіреді.
Әр топ өз ережелерін құрайды, талдайды, келісі қабылдайды
- Бір-бірімізді тыңдаймыз
- Өз ойларымызбен бөлісеміз
- Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз
- Уақытты үнемді пайдаланамыз
ІІ. Үй жұмысын сұрау
«Сиқырлы мозайка»
Төмендегі берілген сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз
- Түйе қандай жануар?
- Түйенің пірін қалай атайды?
- Түйе “шөл дала кемесі” дегенді қалай түсінесің?
- Айыр өркешті түйені басқаша тағы қалай атайды?
- Сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы?
- Түйенің қандай өнімдерін пайдаланады?
- Түйе қалай қоректенеді?
- Не себепті түйе шөккенде ыстыққа төзімді келеді?
Оқушылардың берген жауаптарының негізінде интерактивті тақтадан «Қойдың» суреті ашылады да, сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
ІІІ. Жаңа сабақты талдау
- Білемін
- Білдім
- Білгім келеді
- Төрт түлік
- Төлі — қозы
- Пірі – Шопан ата
- Үй жануары
- Пайдалы (ет, сүті, тері, жүні)
- Сүтқоректі
- Жұптұқты отряды, күйіс қайыратын топқа жатады
- Қой бұдан 10 – 11мың, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілді.
- Арғы тегі — жабайы муфлон, арқар
- Қазақстанда 4 бағытта қой шаруашылығы жүргізіліп келеді
Қой түрлерінің толық сипаттамасы
Биязы жүнді қолтұқым — 8 қой тұқымы өсіріледі.
Арқардың құлжасы мен жергілікті саулық қойды жұптастырып алған. Арқар — меринос қойының жүні сапалы, жіңішке, биязы болып келеді
Қазақстандық ғалымдар — Бутарин, Есенжолов, Жандеркин еңбектері
Жартылай биязы жүнді қолтұқым: дегерес, қазақтың етті- жүнді, гемпшир, кроссбред. Етті, майлы, жүнді, шөл – шөлейтке бейімделген.
Ұяң жүнді қолтұқым: Қарғалы – әрі етті, жүнді.
Қылшық жүнді, құйрықты саулықты жұптастырған еділбай, дегерес қошқармен. Қарағанды өңірінде өсіріледі.
Сараджын – жүні ақ, жібектей, кілем тоқуға оңды. Түркменстанда халықтық сұрыптауда шыққан. Ақтөбенің шөлейтті жерінде өседі
Қылшық жүнді құйрықты қолтұқым: Қаракөл қойы — елтірісі әдемі, бағалы. Қатаң ауа-райына шыдамды, терісі жұқа, бірақ тығыз. Орта Азияда халықтық сұрыптау тәсілмен шыққан 2-3 күндік қозының елтірісі бағалы.1990 жылы – 6 млн, 2000 жылы саны 2 млн. Оңтүстік, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстауда өсіріледі.
Еділбай — еті дәмді, жүні мол, ірі тұлға. Шөл-шөлейт жерлерге бейім.
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы – ертеден келе жатқан қолтұқым, еділбай қойынан кішілеу
IV. Ой сергіту
(музыка ырғағымен 1 оқушы өткізеді)
Отырып – ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егерде,
Былай ескек есемін
V. Сабақты бекіту
4 кеспе қағазда әр түрлі қойлардың суреттері берілген, 4 топтан бір – бір оқушы шығып қағазды таңдап, тобымен тез арада талдап, кеспе қағазда берілген қойға сипаттама бере отырып атауын анықтайды
(Арқар-меринос, Қаракөл, Еділбай, Дегересс)
«Мен – саған, сен — оған» диалог әдісінің көмегімен оқушылар кез – келген топтағы оқушыға меңгерген тақырып төңірегінде сұрақ қояды.
VI. Өзін — өзі бағалау
«Таудың қай жеріне жеттім»
Кері байланыс
VII. Үй тапсырмасы
- §62 оқу
- «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» эссе жазу
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайын ауданы
Смирнов №3 орта мектебі биология және химия пәнінің мұғалімі
Бекмурзенова Айгуль Базархановна
Сабақтың тақырыбы: Қой шаруашылығы