Сиыр шаруашылығы

Сиыр шаруашылығы

Сабақтың тақырыбы: Сиыр шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға елімізде мол өнім беретін – ірі қара шаруашылылығы және оның салалары, сиырдың асыл тұқымдары жайында түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың ірі қара шаруашылығы, етті бағыттағы және сүтті бағыттағы қолтұқымдардың айырмашылығы жайында білімдерін тереңдету
  2. Оқушыларды төрт түлікті бағып күтуге, сиырдың қасиеттерін танып білуге тәрбиелеу.
  3. Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Типі: жаңа сабақ

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО элементтері, дарынды балалармен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Сиыр шаруашылығы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

  1. Сәлемдесу, түгелдеу
  2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

Шаттық шеңберін өткізу

Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Биологиялық диктант» көмегімен.

Берілген тапсырмадан тек дұрыс сандардың жауаптарын теріп алады.

Жұмыс үстелінен Word документін ашып жазады

  1. Арқар – меринос қойын сұрыптауда қазақстандық ғалымдар – И.С. Бутарин, Ә. Есенжолов, А. Жандеркиннің еңбектері зор.
  2. Сараджын қойының елтірісі өте сапалы, әрі бағалы.
  3. Биязы жүнді қолтұқымдарға: еділбай, қаракөл, қазақтың қылшық жүнді қойлары жатады.
  4. Дегересс қойы – етті – жүнді, әрі етті – майлы.
  5. Қарғалы қойының жүні кілем тоқуға қолайлы.
  6. Қой бұдан 13-14 жыл бұрын қолға үйретілген.
  7. Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау нәтижесінде – Қаракөл қойы шығарылды.
  8. Қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегересс қойларының қошқарымен жұптастыру арқылы – қарғалы қойын шығарды.
  9. Қылшық жүнді құйрықты қолтұқым – гемпшир, дегересс.
  10. Қаракөл қойы қатаң ауа райына шыдамды.
III. Жаңа сабақты түсіндіру

(Дәптерлеріне күнді, сабақтың тақырыбын жазу)

Оқушыларға жаңа сабақ бойынша мағлұмат бердім. Олар тез арада түсінгендерін жұмыс үстеліндегі Word документіне сызбанұсқа түрінде жазады.

Сиырлардың қолтұқымдарын слайдтардың көмегімен түсіндірдім

IV. Сергіту сәті

Ал тұрайық, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық

Мәтінмен жұмыс

Венн диаграммасын пайдалана отырып сиыр қолтұқымдарын салыстыру

V. Бекіту

Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып тест тапсырмасын орындатып сабақты бекіттім

  1. Сиыр қай тұқымдастың өкілі
    А. Жабайы тур
    В. Күдір
    С. Зеңгі
    Д. Жұпаяқтылар
    Е. Дұрыс жауабы жоқ
  2. Жыл санау бойынша сиыр нешінші орында тұр
    А. 5
    В. 1
    С. 8
    Д. 2
    Е. 10
  3. Англиядан әкелген герофорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарды
    А. Әулиеата қолтұқымын
    В. Қарала қолтұқымын
    С. Қазақтың ақбас сиырын
    Д. Қырдың қызыл сиырын
    Е. Симменталь қолтұқымын
  4. Сиыр орташа қанша жыл жасайды
    А. 10-12 жыл
    В. 15-20 жыл
    С. 20-25 жыл
    Д. 5-9 жыл
    Е. 9-14 жыл
  5. Сиырдың пірі
    А. Зеңгі баба
    В. Ойсылқара
    С. Шопан ата
    Д. Қамбар ата
    Е. Дұрыс жауабы жоқ
  6. Етті бағыттағы қолтұқымды шығару мақсатында Кубадан әкелінген зебу бұқаларымен жұптастырады
    А. Қырдың қызыл сиыры
    В. Алатау сиыры
    С. Әулиеата сиыры
    Д. Симменталь
    Е. Қазақтың ақбас сиыры
  7. Қай сиырдың жүні жазда қысқа әрі біртегіс жалтылдап тұрады
    А. Қырдың қызыл сиыры
    В. Алатау сиыры
    С. Әулиеата сиыры
    Д. Симменталь
    Е. Қазақтың ақбас сиыры
  8. Қазіргі кезде сиырдың дүние жүзінде қанша қолтұқымы өсіріледі
    А. 50 – ге жуық
    В. 150 – ге жуық
    С. 250 – ге жуық
    Д. 350 – ге жуық
    Е. 450 – ге жуық
  9. Қай сиырдан жылына орта есеппен 3800-4500 л сүт сауылады
    А. Әулиеата қолтұқымынан
    В. Қарала қолтұқымынан
    С. Қазақтың ақбас сиырынан
    Д. Қырдың қызыл сиырынан
    Е. Симменталь қолтұқымынан
  10. Қай сиырдың басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ болып келеді
    А. Қырдың қызыл сиыры
    В. Алатау сиыры
    С. Әулиеата сиыры
    Д. Симменталь
    Е. Қазақтың ақбас сиыры
  11. Сиыр қай отрядқа жатады
    А. Жұптұяқтылар
    В. Жұпаяқтылар
    С. Сүтқоректілер
    Д. Тақтұяқтылар
    Е. Дұрыс жауабы жоқ
  12. Ірі қараның арғы тегі
    А. Алатау сиыры
    В. Әулиеата сиыры
    С. Жабайы тур
    Д. Шароле
    Е. Зебу бұқасы
  13. Дене тұлғасы ұзынша, басы – шағын, мойны – жіңішке, қатпарлы, мүйізі қысқа, түсі – қарала
    А. Әулиеата қолтұқымынан
    В. Қарала қолтұқымынан
    С. Қазақтың ақбас сиырынан
    Д. Қырдың қызыл сиырынан
    Е. Симменталь қолтұқымынан
  14. Ірі қара малдың буаздық мерзімі
    А. 185 күн
    В. 285 күн
    С. 150 күн
    Д. 135 күн
    Е. 284 кұн
  15. Сүтті бағыттағы қолтұқымды шығару мақсатында Кубадан әкелінген зебу бұқаларымен жұптастырады
    А. Қырдың қызыл сиыры
    В. Алатау сиыры
    С. Әулиеата сиыры
    Д. Симменталь
    Е. Қазақтың ақбас сиыры
  16. Сүтті бағыттағы қолтұқым
    А. Алатау сиыры
    В. Зебу
    С. Қазақтың ақбас сиыры
    Д. Шароле
    Е. Барлық жауап дұрыс
  17. Сүтінің майлылығы 3,6 – 3,8 пайыз
    А. Әулиеата қолтұқымынан
    В. Қарала қолтұқымынан
    С. Қазақтың ақбас сиырынан
    Д. Қырдың қызыл сиырынан
    Е. Симменталь қолтұқымынан
  18. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі
    А. Қырдың қызыл сиыры
    В. Алатау сиыры
    С. Әулиеата сиыры
    Д. Симменталь
    Е. Қазақтың ақбас сиыры
  19. Қазақтың ақбас сиырын шароле, абердин – ангусс сиырының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылды
    А. Қырдың қызыл сиыры
    В. Алатау сиыры
    С. Әулиеата сиыры
    Д. Симменталь
    Е. Қазақтың ақбас сиыры
  20. ХVІІ ғасырдың басында жойылып кетті
    А. Алатау сиыры
    В. Әулиеата сиыры
    С. Жабайы тур
    Д. Шароле
    Е. Зебу бұқасы
VI. Бағалау

Компьютер тест нәтижесін бағалайды және алдарындағы жауап парағына белгіленген әрбір тапсырманың ұпайын қосып, жалпы ұпайын шығарады

VII. Үй тапсырмасы
  • §63 оқу
  • «Сиыр шаруашылығы» шағын презентация дайындау

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайын ауданы
Смирнов №3 орта мектебі биология және химия пәнінің мұғалімі
Бекмурзенова Айгуль Базархановна

Сабақтың тақырыбы: Сиыр шаруашылығы

Добавить комментарий