Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама

Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама

Білімділік: Оқушыларды сүйекті балықтар класымен таныстырып, олардың тіршілік әрекеттері мен негізгі түрлері, табиғаттағы маңызы туралы мәліметтер беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Тәсілі: баяндау, тест алу, ойын, зертеушілік

Көрнекілігі: электронды оқулық, слайдтар, кесте, фишкалар

Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Оқушыларды түгендеу
  2. Кітап – дәптерлерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тесттік жұмыс арқылы үй тапсырмасын сұрау

  1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы
    а) микология
    б) кардиология
    в) ихтиология
    г) орнитология
  2. Балықтар неше класқа бөлінеді?
    А) 1
    Б) 2
    В) 3
    Г) 4
  3. Шеміршекті балықтар класының түр саны
    А) 22000
    Б) 20000
    В) 7500
    Г) 750
  4. Шеміршекті балықтардың асқорыту жүйесі немен аяқталады?
    А) аналь тесігі
    Б) клоака
    В) тік ішек
    Г) ауыз қуысы
  5. Акуланың миы неше бөліктен тұрады?
    А) 5
    Б) 2
    В) 3
    Г) 6
  6. Балықтардың жүрегі неше қуысты?
    А) 1
    Б) 2
    В) 3
    Г) 4
  7. Балықтарда қанайналым шеңбері қанша?
    А) 4
    Б) 2
    В) 3
    Г) 1
  8. Шеміршекті балықтар қалай ұрықтанады?
    А) Сырттай
    Б) іштей
    В) жынысты
    Г) жыныссыз
  9. Акуланың адам үшін ең қауіптісі:
    А) аратұмсықты акула
    Б) балғабасты акула
    В) сұр акула
    Г) доғалтұмсықты акула
  10. Акула миынан денесіне қанша жұп жүйке тарайды?
    А) 10
    Б) 20
    В) 30
    Г) 40
ІІІ. Жаңа сабақ кезеңі

Слайдтарды пайдалана отырып, баяндау әдісімен түсіндіріледі.

1. Сыртқы құрылысы:

Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 – нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде – екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп – көкірек және құрсақ, тақ – арқа, құйрық және аналь желбезектер.

2. Ішкі құрылысы:

Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады.

Ауыз қуысы — көлемді жұтқыншақ — қысқа өңеш — қарын — аш ішек — тоқ ішек — тік ішек — аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты.

Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас. Екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады.

Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.

3. Түрлері:

Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар:

1. Сәулеқанаттылар , негізгі отрядтары:

  • бекіретәрізділер
  • майшабақтәрізділер
  • албырттәрізділер
  • сетінектер
  • көзауықтар
  • тұқытәріздестер

2. Қалаққанаттылар , негізгі отрядтары:

  • қостынысты балықтар
  • саусаққанатты балықтар (латимерия)

3. Қазақстанда 180 – дей балықтар түрі тіршілік етеді. Оның 16 түрі сирек кездесетіндіктен Қызыл Кітапқа тіркелген.

4. Маңызы:

  • Қара ,қызыл икра алу
  • “Балық майы” емге пайдаланады.
    Тағамдық маңызы зор,түрлі дәрумендерге бай ,теңіз тағамдарының
    85 %-зын құрайды
  • Сәндік үшін өсіру “Аквариум балығы”
  • Демалыс кешендерінде, мысалы “Думан”
  • Қаңқасынан түрлі сувенирлер жасалады
ІV. Сабақты бекіту
  1. А және В тапсырмаларын ауызша түрде орындаймыз.
  2. №1 кестені орындаймыз.
  3. Үлестірме қағаздармен жұмыс
    А) Желілілер типі ерекшеліктері
    Б) Желілілердің қанша тип тармағы бар?
    В) Бассүйексіздерге не жатады және неге олай аталған?
    Г) Омыртқалы жануарларды неше класқа жіктейміз?
V. Сабақты қорыту

1. №18 зертханалық жұмысты орындаймыз

  • балықтың сыртқы құрылысына көңіл бөліп, бас, тұлға, көкірек бөлімдерін анықтау.
  • бас бөліміндегі мүшелерді табу
  • тұлға бөліміндегі мүшелерді табу
  • құрсақ бөліміндегі мүшелерді табу.

2. «Сиқырлы таяқша» ойыны

  • әр оқушы бүгінгі сабақтан ойына түйген ойларын айтады.
VІ. Үйге тапсырма
  1. С тапсырманы жазбаша орындау
  2. №1,2 тапсырмаларды жазбаша орындау.
  3. Зертханалық дәптерге суреттерін салу.
VІІ. Оқушыларды бағалау
  • фишкалар арқылы.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта
дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
химия-биология пәнінің мұғалімі Ағыбаева Шұға

Добавить комментарий