Тамыр бөлімдері

Тамыр бөлімдері

Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділігі: Оқушыларға тамыр бөлімдерінің 5-ке бөлінетіні, олардың құрылысының ерекшеліктері, бөлімдердің қызметі туралы түсінік беру.
  • Тәрбиелігі: Тамырдың өсімдік тірішілігіндегі, табиғаттағы маңызын талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылығы: Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімінің маңызын ашу

Тип: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Бейне слайдтар, таблица.

Тамыр бөлімдері

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, қатысуын тексеру, дайындықтарын бақылау

II. Үй тапсырмасын сұрау
  1. Мүше дегеніміз не, өсімдіктердің мүшелерін ата.
  2. Тамыр өсімдіктің қандай мүшесі, атқаратын қызметі қандай?
  3. Вегатативті мүшелерді ата, вегатативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет
  4. Тамырдың шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олар қайдан пайда болады?

Сызықтық диктант

Тақтадағы тапсырмаларының ішіндегі дұрыс жауапты тауып «ия» бағанына, қате жауап «жоқ» бағанына белгілеңіз.

  1. Өсімдіктің мүшелері өсімді және көбею болып 2-ге бөлінеді.
  2. Мүше дегеніміз – тірі ағзаның тіршілік белгілері сақтайтын ең кіші  бөлшегі.
  3. Көбею мүшесіне – тамыр, сабақ жапырақ жатады.
  4. Тамыр өсімдіктің жер асты мүшесі.
  5. Тамырлар шығу тегіне қарай кіндік және шашақ тамыр болып бөлінеді.
  6. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.
  7. Жанама тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.
  8. Тамырдың атқаратын қызметі қоректік,тіректік және көбею.
  9. Тамырлар жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып бөлінеді
III. Жаңа сабақ

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы

Тамырдың оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады.

Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді. Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.

Бөліну аймағы

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

Өсу бөлімі

Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.

Сору бөлімі

Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады.

Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

Өткізу бөлімі

Өткізу бөлімі – су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

Тамырдың өсуі

Тамырлар ағаш түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды (жылдам) өссе, жапырақтар мен өркендер де тез өседі.

Өсуі аяқталған кезде тамырлардың біраз бөлігі құрайды. Тамырлар қарқынды өсу кезінде қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан өседі, себебі түзуші ұлпалардан тұратын өсу нүктесі бар. Оны дәлелдеу үшін қарапайым тәжірибе жасап көруге болады.

Асбұршақ, үрмебұршақ, жүгері және т. б. тұқымдардың өскіндерін аламыз. Өскінді өсіру үшін жайпақ ыдыстың түбіне ағаш ұнтағы немесе мақта төсеп, ылғалдайды. Үстіне тұқымдарды орналастырып, бетін әйнекпен жауып қою керек. Бір аптада, әрі кеткенде 10 күнде өскін тәжірибе жасауға дайын болады. Тамырына ең ұшынан бастап ара қашықтығын бірдей етіп, қаламмен белгі салынады. Шағын ғана шыны ыдыс (150, 200 мл көлеміндегі құтылар өте ыңғайлы) алып, ішкі қабырғасына айнала сорғыш қағаз жапсырады. Қағаздың төменгі жағы суға батып тұратындай етіп, ыдыстың түбіне су құйылады. Мақтадан немесе шүберектен, ыдыстың аузына лайықты тығын жасалады. Тығынның ортасынан өскін сыятындай тесік қалдырылады. Өскінді тығындағы тесікке орналастырады. Тамыры ыдыстың ішінде. Өскінді суға тигізбеу керек. Өсімдік ылғалды сорғыш қағаз арқылы сіңіреді. 3-4 күн өткен соң, өскіннің тамырына салынған белгілердің арасы тамыр ұшынан алшақтайды. Жоғарылаған сайын өзгеріссіз қалғанын көруге болады

IV. Бекіту
  1. Тамыр бөлімдерін ретімен ата.
  2. Тамыр түктері бар аймақта неліктен сору аймағы деп аталады?
  3. Бөліну аймағы неше қабаттан тұрады?
  4. Тамыр оймақшасының қызметі.
V. Үйге тапсырма

Добавить комментарий