Ұлулар типі

Ұлулар типі

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру.
  2. Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін-өзі дамуына елеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
  3. Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Типі: жаңа сабақты меңгерту.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, СТО

Көрнекілігі: интерактивті тақта,электронды оқулық,муляж.

Ұлулар типі

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасы

«Қызығушылығын ояту»

  1. Денесінде қылтаңдары болмайтын буылтық құрт.
  2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
  3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
  4. Әрі аталақ, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы.
  5. Көпқылтанды буылтық құрт.
  6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
  7. Шұбалшаңның қанының түсі.

Жауаптары.

  1. Сүлік
  2. Гирудин
  3. Шұбалшаң
  4. Гермафродит
  5. Құмқазар
  6. Нереида
  7. Қызыл 
III. Жаңа сабақ

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдалынылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі — денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат-шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Тағы бір ерекшелік — ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлуларда бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпесімен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулар типі

  1. Бауыраяқтылар
  2. Қосжақтаулылар
  3. Басаяқтылар
  • №1 тапсырма. Бауыраяқты ұлулар класы. Суретке қарап, тоспаұлудың сыртқы құрлысының бөліктерін жаз. Не себепті оны бауыраяқтыларға жатқызылады?
  • №2 тапсырма. Қосжақтаулы ұлулар класы.
  • №3 тапсырма. Басаяқтылар деп қандай жануарларды атайды? Анықтама бер. Суреттен басаяқтылардың өкілдерін тауып белгіле.
  • №4 тапсырма. Басаяқтыларды басқа ұлулардан ажырататын белгілерін ата.
IV Қорытынды. Бекіту кезеңі

Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар.

Ұлулар типі

  • Дене қуысы
  • Асқорыту жүйесі
  • Артқы ішек
  • Аналь тесігі
  • Тынысалу жүйесі
  • Қантарату жүйесі
  • Сорғыштар

Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдар

  1. Жүзімұлу
  2. Айқұлақ
  3. Кальмар

Жұмбақ шешу.

Аяғы, тұлға, басы бар, Аяғы бар басы жоқ, Сыртында сауыт тасы бар. Тұлғасы бар қарны тоқ. Ойланып көр балалар, Екі жақтау қорғаны, Шешуін оның табыңдар. Ол болмаса сорлады.
(Ұлу)

Бақалшақ жоқ сыртында, (Айқұлақ) Үккісі бар ұртында. Қорегін ұстар таяғы, Арқанға ұқсас аяғы.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы, Айдархан ЖОББМ, биология пәнінің мұғалімі Қуандыхова Ғафура Бахытқызы

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типі

Добавить комментарий