Жыныстық көбею

Жыныстық көбею

Сабақтың тақырыбы: Жыныстық көбею

Мақсаты:

  • Білімділік. Жынысты және жыныссыз көбеюдің ерекшеліктерін түсіндіру. Клетканың мейоздық бөлінуі фазаларында болатын өзгерістерді талдап, әрбір фазаның ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету.
  • Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін ойындар арқылы арттыру. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ізденімпаздығын дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, бір – бірін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Бірлестікті оқыту технологиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Жыныстық көбею

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ойын шарты: оқушылар топтармен отырады.Топтарға тапсырмалар беріледі.Мұғалім ортаға “Сенім”, “Делегат”, “Сайлау”, “Барлығы” деген бағдаршалар тастайды. Топ жетекшілері келіп алып орнына отырған соң, “Сенім” алған топқа сенім білдіреді, “Делегат” тобынан бір оқушыны өздері ұсынады. “Сайлау” алған топтан мұғалім бір оқушыны сайлайды, “Барлығы” дегенді алған топ оқушылардың барлығы жауап береді.

Жыныссыз көбею

Нағыз жыныссыз көбею кезінде организм денесінің сыртынан кейде жасушалардың тобы бөлініп шығады. Осы жасушалардың тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда болса, оны жыныссыз көбею деп атайды.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану

  • І топ. Мейоздың бірінші бөлінуі
  • ІІ топ. Мейоздың екінші бөлінуі
  • ІІІ топ. Жыныс клеткаларының түзілуі
  • ІV топ. Өсімдіктердегі жынысты көбею

Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.

Мейозүрдісі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялы бөліну, екінші кезең эквационды бөліну деп аталады. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды (редукция екі есе азаю). Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады.

Суреттің негізінде мейоздың бірінші және екінші бөлінуіне сипаттама беріңдер.

Жынысты көбею

Тауық жұмыртқасының құрылысы:

  • 1 — сарыуыз;
  • 2 — сарыуыз қабықшасы;
  • 3 — ұрық табақшасы;
  • 4 — нәруыз;
  • 5 — жұмыртқа жасушасын жұмыртқа орталығына орныктырып тұрған арқаншалар

Сүтқоректілер сперматозоидінің кұрылысы:

  • 1— құйрықша;
  • 2 — ядро;
  • 3— басы;
  • 4 — центриоль;
  • 5 — мойны

Ұрықтану

Ұрықтану дегеніміз гаплоидты хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді.
Жануарлардағы ұрықтану сатысы мен жұмыртқа жасушасының бөліне бастауы

Қосарланып ұрықтану

Жабык тұкымды өсімдіктердің косарланып ұрыктануы:

  • 1 — тұқым бүршігі бар жүгері собығы;
  • 2 — ұрық қапшығының аналық жасушасы;
  • 3, 4 — мейоз нөтижесінде төрт гаплоидті жасушаның тұзілуі;
  • 5 — ұрық қапшығы;

А — ұрықтанғаннан кейін ұрық түзетін жұмыртқа жасушасы;

Ә — қосылатын екі жасуша; бұлардың ұрықтануынан триплоидті эндосперм түзіледі;

  • 6 — тозаңның аналық жасушасы;
  • 7, 8 — мейоз нәтижесінде төрт гаплоидті тозаңды түйіршіктердің түзілуі;
  • 9 — тозаң түтігі:

Б — екі спермий;

В — вегетативтік ядро;

  • 10 — ұрық;
  • 11 — эндосперм.
ІV. Сабақты бекіту

Білім сынайық

Тапсырма 1

Тақырыпта алған білімдерін тиянақтап, митоз бен мейозды салыстырыңдар, кестені толтырыңдар

Тапсырма 2

Дөңгелекпен бейнеленген гаметалардың ішіне хромосомалардың санын жазыңдар. Әр үрдістің соңында түзілген гаметаларды атаңдар. Зигота қай дөңгелекте бейнеленген?

Тапсырма 3

Суретте өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы берілген:
а) суретте қандай үрдістер бейнеленген?
ә) бұл үрдістердің биологиялық рөлін түсіндіріңдер.

Тапсырма 4

Суретте қандай түр бейнеленген және бұл бөлінудің қай түріне жатады?

«Бірлік» тренинг

Шарты: Оқушылар бірлесе отырып мейоздың бөлінуін көрсетеді.

V. Бағалау
VІ. Үйтапсырмасы

§ 14 39-44 беттер. Топтарға жеке-жеке тапсырмалар.

Жыныстық көбею

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің
«Жас эколог» секциясының мұғалімі Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы

Добавить комментарий