Аустралия жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері

Аустралия жер бедері және пайдалы қазбалары

Сабақтың тақырыбы: Аустралия жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері.

Мақсаттары:

  • Білімділік: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климатына әсер ететін факторлар және өзіндік ерекшеліктері, өзендері мен көлдерінің таралуы жер бедері мен климатына байланыстылығын. Крик дегеніміз не, олардың таралған аймақтары туралы оқулық мәтіні бойынша анықтау;
  • Тәрбиелік: Пайдалы қазбалары, өзен, көл, криктер туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
  • Дамытушылық: Пайдалы қазбалар, климат, физикалық карталармен жұмыс істеп жекелеген өзендер мен көлдерге сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: Ашық сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Оқулық, Жарты шарлар картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: биология, география, экология, эстетика т.б.

Аустралия жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
  1. Аустралияның географиялық орны, жағалауындағы мұхиттарды ата
  2. Көлемі жөнінен дүние жүзінде Аустралия нешінші орында? (6 орын)
  3. Аустралияның жер көлемі неше? (7,6 млн.км2)
  4. Аустралия материгінің басқа материктерден қандай ерекшеліктері бар? (ерте бөлініп кетуіне байланысты жануарлары мен өсімдіктері сақталып қалған)
  5. Аустралия атауы қандай мағына білдіреді? (латын тілінен аударғанда «Оңтүстік»)
  6. Үлкен Тосқауыл рифі материктің қай жағалауында орналасқан? (шығыс жағалауында)
  7. Материктің ең биік орналасқан нүктесі қалай аталады және биіктігі неше метр? (Үлкен Суайрық жотасы 2228 м)
  8. Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан көл қалай аталады? (Эйр көлі -12м)
III. Жаңа сабақ

Жер бедері

Пайдалы қазбалары

Австралия материгінің пайдалы қазбалары: никель, марганец, тас көмір, алтын
мұнай, газ, мыс, темір.

Австралия материгінің ерекшеліктері:

  • Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүкте – Эйр көлі (12 м)
  • Оқшау орналасуына байланысты алғашқы қалталы сүтқоректі жануарлар
  • Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Косцюшко тауы (2228)
  • Жер шарындағы ең аласа материк
  • Материктің шығысында ұзындығы 2300 шқ, ені 2 шқ-нан 150 шқ-ға жететін ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан
  • Жер шарындағы ең құрғақ материк
  • Сөнбеген жанартаулары жоқ материк

Климаты

  • Аустралия ең құрғақ материк
  • Көп бөлік тропиктік белдеуде орналасқан
  • Кең алқапты тропиктік шөлдер зонасы алып жатыр (3\2)
  • Өзендер аз, оның өзі тартылып, құрғап қалады
  • Көлдер аз, олар тұзды болып келеді

Климаттық белдеулер:

  • субэкваторлық
  • субтропиктік
  • тропиктік
  • қоңыржай

Ауа массалары:

  • Тропиктік
  • Қоңыржай

Ауа температурасы:

  • Жазда +24 +28 С желтоқсан-ақпан
  • Қыста +12 +24 С – шілде-тамыз

Басым желдер:

  • Шығысында — Оңтүстігінде

Ішкі сулары:

  • Өзендер
  • Көлдер
  • Жер асты сулары
IV. Бекіту сұрақтары
  1. Аустралия материгінде қандай климаттық белдеулер бар?
  2. Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі?
  3. Аустралияда қалдық көлдер қайда шоғырланған?
V. Сабақты қорытындылау

Сөзжұмбақ құрастыру

  1. Австралияда ғана кездесетін жануар (Ехидна)
  2. Материктің оңтүстігіндегі үлкен шығанақ (Австралия)
  3. Австралиядағы ірі қала (Сидней)
  4. Австралиядағы қалталы жануар (Вомбат)
  5. Австралиядағы ірі өзен (Муррей)
  6. Австралияның астанасы (Канберра)
  7. Австралияда өсетін ағаш (Эвкалипт)
  8. Австралияның ең үлкен өзен жүйесі (Дарлинг)
  9. Материктің солтүстік батысындағы арал (Ява)
VI. Үйге тапсырма

Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз

VII. Бағалау

Сабаққа жақсы араласып, белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Валерий Чкалов атындағы орта мектебі
Жалпақтөбе ауылы Боранбаева Гүлжар Бурлибаевна география пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Аустралия жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері.

Добавить комментарий