Сабақтың тақырыбы: Еуразияның географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы
География: 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Ежелгі материктер туралы оқушылардың білімдерін жүйелей отырып, Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту.
- Дамытушылығы: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы білімдерін, картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері:
- Материктің географиялық орны ұғымын түсіндіру.
- Еуразия материгінің географиялық орнын картадан анықтай алу.
- Шеткі нүктелерінің айырмашылығын, маңызын ашып көрсету.
Типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Салыстыру, картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, тест, сұрақ, әңгімелесу, баяндау.
Көрнекілігі: Еуразияның физикалық картасы, фото слайдтар, ежелгі материктер карталары, атлас, қосымша мағұлыматтар.
Еуразияның географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Б) оқулықтарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Сиқырлы шарлар» ойыны
- Солтүстік Америка көлемі жөнінен нешінші орын алады? (Үшінші, 24,2 млн км²)
- Дүние жүзіндегі аса ұзын тау жүйесі? (Кордильер)
- Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)
- Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі? (Флинт-Мамонт)
- Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы? (Хабборт)
- Дүние жүзіндегі ең биік ағаш қалай аталады? (Секвойя)
- Солтүстік Американың ең биік нүктесі? (Денали)
- Солтүстік Америкадағы ең суық жері? (Гренландия орталығы)
- Кордильер испан тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (Тау жотасы, тізбегі)
- Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан бұғаз? (Беринг)
- Солтүстік Америка материгінің ең ірі мемлекеттерін ата? (АҚШ, Канада, Мексика)
- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары)
- АҚШ-тың қай қаласын «автомобильдер астанасы деп атайды? (Детройт)
ІІІ. Үй тапсырмасын қортындылау
Үй тапсырмасын қысқаша қортындылап, жаңа сабаққа көшу
ІV. Жаңа білімді қалыптастыру
Электондық оқулық көрсету
Кластер құру.
- Құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатқан
- Жер шарындағы халықтың ¾ бөлігі қоныстанған
- Төрт бірдей мұхит қоршап жатқан
- Біздің отанымыз ҚР жер кіндігі болып саналатын құрлық?
ЕУРАЗИЯ — АЛЫП МАТЕРИК.
Материктің географиялық орнын сипаттау жоспары:
- Материктің атауы, көлемі
- Материктерикті құрайтын дүние бөліктері
- Материктің шеткі нүктелерін, координаттарын аңықтау
- Материк жағалауын қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?
- Ең биік және терең нүктесі
- Қандай климаттық белдеулерде жатыр?
Логикалық ойлау
- Е. Ең үлкен құрлық ……………………………………………
- У. Ең биік шың …………………………………………………..
- Р. Ең терең нүкте (теңіз деңгейінен)…………………..
- А. Ең үлкен көл ……………………………………………………
- З. Ең тұзды теңіз…………………………………………………
- И. Ең терең көл ……………………………………………………
- Я. Ең жауын-шашын көп түсетін аймақ ……………
V. Жаңа сабақты бекіту
Тест тапсырмалары
- Еуразия дүние жүзіндегі қандай материк:
А) Ең ірі материк
В) Ең кіші материк
С) Ең биік материк - Гималай тауындағы Джомолунгма шыңының биіктігі:
А) 6693м
Б) 7843м
С) 8848м - Еуразияның шеткі нүктесі:
А) Пиай
В) Челюскин
С) Роко - Еуразия материгінің жағалауларын қанша мұхит сулары шайып жатыр:
А) 3
В) 4
С) 2 - Еуразияның ауданы:
А) 54 млн. км²
В) 24 млн. км²
С) 30 млн. км² - Орталық Азияны зерттеген ғалымдар:
А) Эратосфен, Геродот
В) Лазарев, Беллинсгаузен
С) Пржевальский, Семенов, Уәлиханов - Еуразияда қаншаға жуық халық тұрады:
А) 1 млрд-қа
В) 5 млрд-қа
С) 3 млрд-қа
VІ. Үйге тапсырма
- § 14 оқу;
- Кескін картамен жұмысты аяқтау;
- Шеткі нүктелерінің қашықтығын есептеу;
- Мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері
VІI. Бағалау
Алма стикер арқылы бағалау
- Қызыл — 5
- Сары — 4
- Көк — 3
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының №26 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Наурызбаева Ақмарта